Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Шетел тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы 1- тарау. Жалпы ережелер 1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Шетел тілі"
жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасының үлгісі (бұдан әрі - бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және
оқытудың мақсаты, міндеттері, құрылымы, мазмұны және оқыту әдістері мен оқу нәтижелерін айқындайды.
2. Осы бағдарлама жалпы білім беру циклінің міндетті пәндерінің бірі болып саналатын "Шетел тілі"
пәнін оқытуды қамтамасыз етуге арналған.
3. Жоғары білім берудің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес осы бағдарлама бойынша
оқу 300 академиялық сағатты (10 академиялық кредитті) құрайды.
2- тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері 4. Бағдарламаның негізгі мақсаты шеттілдік білім беру үдерісінде студенттердің мәдениетаралық-
коммуникативтік құзіреттерін жеткілікті (А2, жалпыеуропалық құзыреттер) және базалықжеткілікті (В1,
жалпыеруопалық құзыреттер) деңгейлерінде қалыптастыру болып табылады. Білім алушының тілдік деңгейі
дайындығына байланысты жоғары оқу орнына түскенге дейін В1 жалпыеуропалық құзыреттілік деңгейінен
жоғары болса, курстың аяқталу кезеңінде В2 жалпыеуропалық құзыреттілік деңгейіне жете алады.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) білім алушыларға шетел тілінің лексикасын мен тілдік ерекшеліктерін игерту және олардың
коммуникативтік-функционалды құзыреттілікттерін қалыптастыру;
2) мәдениаралық коммуникация субъектісі болып табылатын жеке тұлғаның мәдениаралық қарым-
қатынасқа қабілеттілігін көрсететін, мәдениаралық құзыреттілігін қалыптастыру.
3) шетел тілінде дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру және тілі оқытылатын елдің тілдік және мәдени
ерекшеліктерін түсіну.
6. Оқу бағдарламасын меңгеру қорытындылары барысында студенттер келесідей оқу нәтижелеріне қол
жеткізеді:
1) серіктесінің және осы деңгейдегі мәтіндердің авторларының коммуникативтік мақсаттарын
түсінудің тұжырымдамалық негізін жүйелейді;
2) коммуникативтік мақсатқа сәйкес сөйлеу формалары мен түрлерін салыстырады және таңдап алады
/ логикалық құрастырылған сөйлеу түріне барабар қарым-қатынас (коммуникация);
3) зерттелетін тілдің әлеуметтік-мәдени нормаларына сәйкестігін ескере отырып, тиісті тілдік
құралдарды дұрыс таңдау және тиісті түрде қолдану арқылы өз коммуникативтік ниеттерін қажет деңгейде
көрсете алады;
4) нақты фактілерді, беделді пікірге сілтемелерді және т.б., ауызша мінез-құлқының коммуникативтік
және когнитивті негізделген әдістерін пайдалану деңгейлерін сыныптайды;
5) стилистикалық ерекшеліктерді зерттеуге назар аудара отырып, шет тілінің даму заңдылықтарын
анықтайды;
6) ғылыми және әлеуметтік сипаттағы мәтiндердегi оқиғалардың себептерi мен салдарын
лингвистикалық сипаттайды және талдайды;
7) негізделген ақпаратты (мәліметтерді) пайдалана отырып, қазіргі заманғы проблемалардың ықтимал
шешімдерін шет тілінде айта алады;
8) осы деңгейдегі жеткілікті негізделген тілдік құралдармен тілдік материалдарды дәлелді қолданады;
75% қатесіз сөйлеумен қатар, рұқсат етілген қателерді дер кезінде және өз бетінше түзетеді;
9) коммуникативтік әрекетті құру стратегиясын және тактикасын иеленіп, тілдік тақырыптар
шеңберінде және сөздерді грамматикалық дұрыс құрастыру арқылы, лексикалық жеткіліктіліктілікке сүйене
отырып, дұрыс интонациямен сөйлей алады.