Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік-саяси білімдер модулінің үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. Бағдарламаның құрылымы және мазмұны



бет2/2
Дата16.10.2023
өлшемі88 Kb.
#116078
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
ТИПОВАЯ ПРОГРАММА РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Қазақстан Республикасы

3-тарау. Бағдарламаның құрылымы және мазмұны


7. Осы бағдарлама пәннің мақсаты мен міндеттерін, тақырыптық жоспарын, оқыту әдістерін, оқу нәтижелерін бағалау критерийлерін, пререквизиттері мен постреквизиттерін шолудан басталады.
8. Пәннің мазмұнын, семинар (практикалық) сабақтарының және білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптарын қамтитын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік-саяси білімдер модулінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны осы бағдарламаға қосымшада келтірілген.
9. Бағдарламаны іске асыру барысында қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары:
1) студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;
2) біліктілікке бағытталған оқыту;
3) әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
4) кейс-стади (нақты жағдаяттарды сараптау);
5) жобалар әдісі.

10. Бағдарламаның пререквизиттері мен постреквизиттерін жоғары оқу орнының өзі тағайындайды.



Психология



Пәннің мазмұны

Семинар (практикалық) сабақтар тақырыптары

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптары

Сағаттар саны

Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға

1 апта: Психологияға кіріспе

1

Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні. Психологияның әдістері. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы).

Заманауи психологияның салалары

Эссе "Психология менің өмірімде және кәсібімде".

4

2 апта: Мен және менің мотивациям

2

Мотивация және өзіндік мотивация. Мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. Жетекші мотив.. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы. Мотивацияны зерттеу әдістері. Тұлғаның мотивациялық профилі. Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі.

Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы

Кейс: "Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру"

4

3 апта : Эмоциялар және эмоционалдық интеллект

3

Адам өміріндегі эмоцияның рөлі. Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта қарастыру және эмоцияларды басу. Эмоционалдық интеллект анықтамасы. Эмоционалдық интеллект когнитивті қабілет пен тұлғаның даралық сипаттамасы ретінде. Эмоционалдық интеллект диагностикасы және дамуы.

Эмоцияның әр түрлі мәдениеттерде көрінуі мен сезілуі

Эмоционалдық интеллектіні дамыту бағдарламасын құру.

4

4 апта : Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы

4

Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі.. Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент). Стресс түсінігі. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі.

Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның "ерік бостандығы" тұжырымдамасы.

Кейс "Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы"

4

5 апта: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері

5

Темперамент, мінез және қабілет.
Темперамент анықтамасы. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде. Темпераменттің анықтамасы. Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Темперамент пен мінездің ара қатынасы. Мінездің анықтамасы. Мінез акцентуациясы және тәрбие. "Ұлттық мінез" ұғымы. Тұлғаның қабілеті және нышандары.

Тұлғалық ресурстар ұлттық сананы сақтау мен дамытудың факторы ретінде.

Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру.

4

6 апта: Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

6

Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы. Өзін-өзі таныстыру. Адам өміріндегі құндылықтар. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу. Құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Тұлғалық құндылықтар. Қызығушылық әлеуметтік іс әрекеттің жетекші мотиві ретінде. Мінез-құлық және нұсқаулар. Тұлғаның адамгершілік негіздері. Тұлғаның рухани әлеуметтенуі.

Тұлғаның дүниетанымы және ұлттық бірегейлігі.

"Өмір жолы" жобасын даярлау

4

7 апта: Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы

7

Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар. Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары. Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар. Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары. Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы.

Тұлғалық және кәсіби жетістікке жету психологиясы.

Эссе "Менің мансаптық және кәсіби өсуім"

4

8 апта : Тұлғаның денсаулық психологиясы

8

Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы. Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары. Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор ретінде. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.

Теріс эмоциялар және денсаулық.

Кейс "Кәсіби денсаулықты сақтау".

4

Тұлғааралық қарым-қатынас қазақстандық үйлесімді тұлғаның даму факторы ретінде

9 апта: Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы

9

Қарым-қатынас түсінігі. Қарым-қатынастың түрлері, формалары, қызметтері. Тұлғааралық қарым-қатынас ғылыми білімнің пәні ретінде. Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары. Тұлғааралық коммуникация, өзара әрекеттесу, тұлғааралық қабылдау түсініктері. Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері. Қарым-қатынас стильдері. Көшбасшылық және жетекшілік.

Ұлтаралық қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.

Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау жасаңыздар.

4

10 апта: Қарым-қатынастың перцептивті жағы

10

Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынас процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы ретінде. Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері: эмпатия, идентификация, децентрация, аттракция, толеранттылық, рефлексия, кері байланыс. Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі. Мен және басқалар.

Тұлғааралық қабылдау әсерлері.

Эссе "Қарым қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау"

4

11 апта : Қарым-қатынастың интерактивті жағы

11

Психологиялық әсер етудің мәні. Психологиялық әсер ету түрлері. Әсер ету механизмдері: жұқтыру, еліктеу, сендіру. Сендіруді тиімді ету факторлары. Психологиялық әсер етудің негізгі тәсілдері мен әдістері: демонстрация, жалған ақпарат тарату, қауесеттерді тарату, қорқыту, БАҚ-тағы манипуляция.

Тұлға және топ (әлеуметтік-психологиялық ықпал ету)

"Әлеуметтік желілердің жастардағы тәуелді мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етуін талдау" презентация дайындау

10!

12 апта: Қарым-қатынастың коммуникативті жағы

12

Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде. Коммуникацияның құрылымы, негізгі функциялары және түрлері. Коммуникациядағы цифрлық технологиялар. Коммуникацияның вербалды және вербалды емес құралдары. Коммуникативтік рөлдердің мәні және қажеттілігі. Коммуникативтік кедергілер (кәсіби, мағыналық, ұйымдастырушылық, тұлғалық-психологиялық және т.б.). Коммуникацияның жас ерекшеліктері, әлеуметтік-мәдени және гендерлік ерекшеліктері.

Г.Д.Лассуэлл бойынша заманауи қоғамдағы коммуникацияны талдау.

"Қарым қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу" кестесін құру.

4

Тиімді тұлғааралық қарым-қатынас технологиялары қоғамдық сананы жаңғырту негізі ретінде

13 апта : Әлеуметтік-психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы

13

Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері. Психологиялық конфликтілердің түрлері. Конфликтінің конструктивті және деструктивті функциялары. Конфликтінің даму сатылары. Конфликтінің қатысушылары мен жүргізушілері, олардың қажеттіліктері, мүдделері мен мақсаттары. Конфликтінің кеңістік-уақыттық шекаралары. Конфликтінің типтік кезеңдері. Конфликтінің функциялары мен зардаптары.

Біздің өміріміздегі конфликтілер.

Толерантты мінез-құлықты дамыту бойынша психологиялық ұсыныстар әзірлеу.

4

14 апта : Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-құлық моделдері

14

Конфликтіні болдырмау технологиясы. Конфликтідегі рационалды мінез-құлық технологиялары. Конфликтілік мінез-құлықтар: ынтымақтастық, бәсекелестік, қашу, құтылу, кооперация стратегиялары. Конфликтілерді шешу көп сатылы процесс ретінде. Манипуляторлардың типтері. Негізгі манипуляциялық техникалар. Манипуляция процесіндегі тұлға. Манипуляция жасырын хабарлама ретінде. Келіссөздер - конфликтіні шешудің тәсілі ретінде.

Еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдері және тәсілдері.

Конфликтілік жағдайда басым көрінетін мінез-құлық типін анықтау бойынша өзін-өзі диагностикалау

4

15 апта : Тиімді коммуникацияның техникалары мен тәсілдері

15

Тиімді коммуникация ұғымы. Тиімді коммуникация технологиялары және қағидалары, ережелері, дағдылары, тәсілдері. Тиімді коммуникацияның шарттары. Әлеуметтік интеллект. Коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну. Имидж қалыптастырудың технологиялары. Сыртқы келбет имидждің бір бөлігі ретінде. Белсенді тыңдау техникалары. Келіссөз процесінің технологиясы.

Тиімді коммуникация мен тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің өзара байланысы

"Тиімді коммуникация" тренинг бағдарламасын даярлау.

4

Ескерту: 1 академиялық кредит - 30 академиялық сағат
Барлығы: 2 академиялық кредит - 60 академиялық сағат

Әдебиеттер: Негізгі:
1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХI века. – Астана, 2016.
2. Назарбаев Н.А. "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания". – Астана, АКОРДА, 2017 / http:// www. akorda. kz/ ru.
3. Назарбаев Н.А. Взгляд в будущее. – Астана, 2017.
4. Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз [Мәтін] = The Social Animal: әлеуметтік психологияға кіріспе: [оқулық] / Э. Аронсон ; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков [және т. б.]. - 11-бас. - Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. - 407, [2] б. - (Рухани жаңғыру).
5. Годфруа Ж. Что такое психология. Том 1. – М.: Мир, 2005 г. – 496 с.
6. Годфруа Ж. Что такое психология. Том 2. – М.: Мир, 2005 г. – 276 с.
7. Даниел Гоулман. Эмоциональный интеллект. Почему он может значить больше, чем IQ. Изд-во Манн, Иванов и Фербер: 2018. -560 с.
8. Джакупов С.М. Введение в общую психологию. – А.: Қазақ университеті, 2014
9. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений. - СПб.: Питер, 2009. - 576 с. ил. - (Серия "Мастера психологии").
10. Майерс Д. Әлеуметтік психология [Мәтін] = Social Psychology: [оқулық] / Д. Г. Майерс, Ж. М. Туенж ; ауд. Г. Қ. Айқынбаева [және т.б.]. - 12-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. - 559, [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).
11. Майерс Д. Психология / пер. с англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова. – 4-е изд. - Минск: "Попурри", 2009. – 848 с.
12. Психология индивидуальных различий / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: АСТ: Астрель, 2008. – 720 с.
13. Руденко А.М. Психология в схемах и таблицах: учебное пособие. – М: Феникс, 2016. – 379 с.
14. Шульц Д. Қазіргі психология тарихы [Мәтін] = A History оf Modern Psychology : [монография] / Д. Шульц, С. Э. Шульц ; ауд. Б. Қ. Ақын [және т.б.]. - 11-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. – 447 [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).
Қосымша:
1. Анцупов А.Я, Шипилов А.И. -Конфликтология .- Москва: Юрайт, 2017.
2. Арбузова Е. Н., Анисимов А. И., Шатрова О. В. Практикум по психологии общения. 2008 – 272 с.
3. Виноградова, С. М. Психология массовой коммуникации: учебник / С. М. Виноградова, Г. С. Мельник. – Москва: Юрайт, 2014. – 512 с.
4. Гарнер А., Пиз А. Язык разговора. Издательство: "Эксмо-Пресс" 2006 г. – 224 с
5. Гришина Н.В. Психология конфликта. СПб.: Питер, 2008. — 464 с. ил. — (Серия "Мастера психологии").
6. Ефимова Н.С. Социальная психология. – Москва: Юрайт, 2017.
7. Ильин Е.П. Психология творчества, креативности, одаренности. – СПб.: Питер, 2011. – 448 с.
8. Маклаков А.Г. Общая психология. Учебник для вузов. Москва: Юрайт, 2018.
9. Маслоу А. Мотивация и личность. — СПб.: Питер, 2008. – 352 с.
10. Наумов В.В. Гридасов М.А. Психология карьерного роста. Изд-во МСШ: 2009- 320 с.
11. Солсо Р.Л. Когнитивная психология. – пер. с англ. –М. "Тривола", М. "Либерия". 2002. – 600 с.
12. Э. Берн Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры. 2016 – 576 с.
13. Балинт М. Базисный дефект. М.: Когито-Центр, 2002. 256 с.
14. Кохут Х. Анализ самости. Системный подход к лечению нарциссических нарушений личности. М.: Когито-Центр. 2003. 368 с.
15. Фрейд А. Эго и механизмы защиты // Теория и практика детского психоанализа. Пер. с англ. И нем. / М.: ООО Апрель Пресс, ЗАО Изд-во ЭКСМО-Пресс, 1999. С. 115-244.
16. Шмидбауэр В. Вытеснение и другие защитные механизмы // Энциклопедия глубинной психологии. Т.1. - М.: ЗАО МГ Менеджмент, 1998. С. 289-295.
17. Выготский Л.С. Проблема воли и ее развитие в детском возрасте // Собр. соч. в 6 т. Т. 2. М.: Педагогика, 1982. С. 454-465.
Интернет-ресурстар:
1. http:// www. akorda. kz
2. http:// azps. ru/
3. http:// psy chol ogy. net. ru/ articles
4. http:// www. psy chol ogy- online. net/
5. http:// psynet. narod. ru/ main. htm
6. http:// psy fact or. org/

Ескерту: 1 академиялық кредит = 30 академиялық сағат
Барлығы: 8 академиялық кредит - 240 академиялық сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет