Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Дене шынықтыру" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы 1- тарау. Жалпы ережелер 1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Дене
шынықтыру" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) "Білім туралы"
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді
және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін айқындайды.
2. Осы бағдарлама дене шынықтыруды әлемдік білім беру стандарттарына сәйкестікте қарастыратын
жалпы білім беретін "Дене шынықтыру" пәнін оқытуға бағытталған. Бағдарлама оқытушы мен білім алушының
дене тәрбиесі барысында оқытудың барлық кезеңіндегі пәнді игеру деңгейіне қойылатын талаптар контексіндегі
бірлескен ынтымақтастығын анықтайды.
3. Жоғары білім берудің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес осы бағдарлама бойынша
оқу ұзақтығы 240 академиялық сағатты (8 академиялық кредитті) құрайды.
2- тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері 4. Бағдарламаның мақсаты кәсіби қызметке даярлау үшін, болашақ еңбек қызметінде денелік
жүктемелерді, жүйке-психикалық қысымдарды және жайсыз факторларды табанды өткеруге денсаулықты
сақтау, нығайтуды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке тұлғалық құзыреттіліктерін және дене
шынықтырудың құралдары мен әдістерін мақсатты түрде пайдалану қабілеттерін қалыптастыру болып
табылады.
5. Мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей білім беру, сауықтыру және тәрбие міндеттері шешілуі
қажет:
1) тиімді кәсіби еңбекке қабілеттілікті және денсаулық сақтау үшін өмірлік маңызды дене қасиеттерін
дамыту жолында дене шынықтыру және спортты қолдану бойынша базалық ғылыми-негізделген білім беру;
2) дене шынықтыру және спортпен айналыстырудың жүйелі сабақтарына деген қажеттілік пен дене
шынықтыруға мотивациялық- құндылықтық қатынасты қалыптастыру;
3) ағзаның еңбек қызметінің қолайсыз факторларының әсеріне кедергісін арттыру, денсаулығын
нығайту және машықтану;
4) өзара көмекке, коллективизмге және тәртіпке тәрбиелеу;
5) психикалық тұрақтылықты, өз күшіне сенімділікті, мақсаттылықты, батылдық пен табандылықты,
бастамашылықты, қайсарлық пен қажырлықты тәрбиелеу;
6) негізгі қозғалтқыш қасиеттерін дамыту және жетілдіру - төзімділік, күш, жылдамдық, икемділік;
7) дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі мен әлеуметтік-мәдени
құндылықтарын дамыту бойынша әртүрлі дағдылар мен қабілеттерге ие болуды қамтамасыз ету;
8) қарым-қатынас дағдыларын дамыту, атап айтқанда, әр түрлі көздерден ақпаратты пайдалану
қабілеттілігі, сәйкес формада нақты ұсыну;
9) ойлау дағдыларын, өзін-өзі дамыту дағдылары және зерттеу дағдыларын дамыту.
6. Бағдарламаны игеру нәтижелері бойынша білім алушы келесідей құзыреттіліктерді иеленеді:
1) жеке тұлғалық:
өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тұлғалық тануға даярлық пен қабілеттілік;
кәсіби дене шынықтыру дағдыларын еңбек және өмірлік жағдаяттарда өз бетінше пайдалана алуға
даярлық;
2) метапәнаралық:
танымдық, спорттық, дене шынықтыру, сауықтыру және әлеуметтік практикада пәнаралық түсініктер
мен әмбебап оқу әрекеттерін (реттеуші, танымдық, коммуникативтік) қолдану қабілеттілігі;
дербес ақпараттық-танымдық қызметке даярлылық пен қабілеттілік;
жарыстық қызметтің әртүрлі түрлеріне қатысу дағдыларын қалыптастыру;
3) пәндік:
салауатты өмір салтын, белсенді демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру үшін дене шынықтыру
қызметінің әртүрлі формалары мен түрлерін қолдану шеберлігі;