Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру


 Пәннің теориялық бөліміне кіретін тақырыптық жоспар



Pdf көрінісі
бет49/49
Дата05.12.2023
өлшемі1,5 Mb.
#134520
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламалары kaz.

 
1. Пәннің теориялық бөліміне кіретін тақырыптық жоспар
1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде дене шынықтыру оқыту пәні ретінде. 
2. Салауатты өмір салты негіздері (СӨС). 
СӨС кәсіптік білім беру жүйесі аясында қалыптастырудың әдістері мен нысандары. Студенттердің 
СӨС жүргіздіруге ынталарын арттыру. 
3. Дене тәрбиесінің жарытылыстық-ғылыми негіздері. 
Дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық негіздері туралы түсінік. Негізгі дене жүйесі. 
Қозғалтқыш қызметінің физиологиясы. 
4. Заманауи сауықтыру жүйелері және ағзаның денелік күйін бақылау негіздері. 
Заманауи сауықтыру технологияларының сипатаммасы. Педагогикалық бақылау, өзін-өзі бақылау 
және функционалдық жағдайды бағалау, физикалық даму және студенттердің дене дайындығы, өзін-өзі бақылау. 
Бақылау және өзін-өзі бақылау нәтижелері бойынша сабақтарды түзету. 
5. Дене шынықтыру және спорт өзіндік сабақтарының негізгі әдістемелері. 
Өзін-өзі зерттеудің мазмұны, формалары және әдістері. Оларды қолдану әдісі. Өзіндік дене 
шынықтыру жаттығуларының мазмұны. 
6. Кәсіби-қолданбалы дене даярлығы (бұдан әрі – КҚДД). 
КҚДД студенттердің мақсаты, құралдары және ұйымдастырылуы. 
 
2. Пәннің практикалық (әдістемелік) бөліміне енгізілген тақырыптық жоспар
Жалпы дене даярлығы (дене қасиеттерін дамыту). Тәжірибелік бөлімнің материалын жоспарлау 
кезінде физикалық қасиеттерді дамыту үшін келесі құралдарды пайдалану ұсынылады: 
Жылдамдық. Жүгіру: қалыпты, кібіртіктей жүгіру, жортаңмен, жамбасты көтере, жіліншікті айқастыра 
жүгіру. Бұрылыстармен жүгіру, қайталамалы жүгіріс. Эстафеталар. 
Әртүрлі жаттығуларды жылдамдыққа орындау (гимнастика, қозғалмалы және спорттық ойындардың 
элементтері). 


Төзімділік. Сауықтыру жүгірісі және шаңғы жаттығулары (солтүстік аймақтардағы университеттер 
үшін). Ойлы-қырлы жерлермен жүгіру техникасын меңгеру. Кросстық дайындық . 
Икемділік. Белсенді және пассивті қарсылықпен, кең бұрылыспен, объектілері бар және оларсыз 
жалпы даму жаттығулары. 
Ептілік, қозғалыстар үйлесі және тепе-теңдік. Объектілермен және оларсыз гимнастикалық және 
акробатикалық жаттығулар. Қозғалмалы және спорттық ойындар. Кешенді эстафета (секіру, жүгіру, лақтыру 
элементтерімен). Жаяу жүрудегі жалпы даму жаттығулары. 
Күш. Объектілері бар және оларсыз жалпы даму жаттығулары. Гимнастикалық және қосалқы 
жабдықтарда жаттығулар. Тығыздау және сүйреу жаттығулары, салмақ тасу. Айналмалы тренировкалар әдісі 
бойынша жаттығуларды орындау. 
Арнайы дене даярлығы. Арнайы дене қасиеттерін дамытуға арналған құралдарды таңдау үшін 
практикалық сабақтар өткізу формалары ұйымдастырылуы мен әдістемелік қамтамасыз етілуі бойынша, 
құралдар мен әдістер жиынтығы бойынша, аумаққа байланысты өткізу орны бойынша әртүрлі болуы мүмкін; 
Жылдамдық пен төзімділікті дамытуға арналған арнайы жаттығулар: 

спринтердің арнайы жаттығулары, старттық серпілістер, үдеу, жүгіру; 

бақылаулық старттар: 100м, 500м, 1000м; 

жылдамдыққа түрлі жаттығуларды орындау (гимнастика, қозғалмалы және спорттық ойындар 
элементтерін); 

орташа деңгейлі спортшыларға және стайерлерге арналған жалпы және арнайы жаттығулар 
кешендері; 

шаңғымен жүріс техникасын меңгеру; 
- 10-
15 минут және 18-25 минутқа дейінгі әр түрлі жүктемелерді бірқалыпты қарқынмен орындау; 

жеңіл атлетика және шаңғы жарыстарына қатысу. 
Икемділікке арналған арнайы жаттығулар: 

мөлшерленген және максималды сыртқы ауыртпалықтар түсіре отырып және оларсыз серіппелі және 
сермелі қозғалыстар; 

қайталанатын серіппелі қозғалыстар; 

созылудың қаупі бар снарядсыз және гимнастикалық снарядтарды пайдалана отырып, статикалық 
жағдайлардың жаттығулары. 
Ептілікті, үйлестіруді және тепе-теңдікті дамыту үшін арнайы жаттығулар: 

қозғалмалы және спорттық ойындар. Еліктеушілік және алаңдатушылық амалдар; 

кешенді эстафеталар (секіру, жүгіру, лақтыру, домалау элементтерімен); 

доңғалақты конькилер, велосипед тебу, шаңғымен сырғанау кезіндегі тепе-теңдікті жетілдіру. 
Күшті дамытуға арналған арнайы жаттығулар: 

Ауыр атлетика элементтері. Ауыр атлеттің жалпы дамытуға арналған және арнайы жаттығулары. 
Күштік қозғалыстардың техникасын меңгеру – серпу, жұлқу. 

Гір спорты элементтері. Жалпы дамытуға арналған және арнайы жаттығулар. Гір жұлқу және 
көтерудің техникасын және күштік-сауықтыру және жаттығу бағытындағы жаттығулар кешенін меңгеру; 

Атлетикалық гимнастика элементтері. Жалпы дамытуға арналған және өз салмағын еңсеру арқылы 
құралдармен (эспандерлер, амортизаторлар, гантельдер) жасалатын арнайы жаттығулар кешені. Тренажерларда 
жасалатын түрлі бұлшықет топтарына арналған жаттығуларды орындау. 
Спорт түрлері (гимнастика, атлетикалық гимнастика, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, шаңғы 
спорты, жүзу). 
Гимнастика. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар, жүгіру, секіру, эмоциялық-ырғақты музыка 
әуенімен орындалатын би элементтері. Би жаттығулары формалары. Сынақтық және жарыстық би-ырғақты 
бағдарламаларды орындау. 
Атлетикалық гимнастика. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар: гантельдермен; гирлермен; 
эспандермен; металл таяқшамен; тренажерларда; штангамен. Дене бітімінің түрлі ақауларын жоюға, сондай-ақ 
бұлшықеттерді қатайтуға және жұмысқа қабілеттікті арттыруға арналған жаттығулар. 
Спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары 
Баскетбол. Жарыс ережелері. Қорғанышқа тік тұру, айналу, секіру, қозғалу, алып жүру, беруді қағып 
алу, лақтыру. Техникалық және тактикалық қимылдар негіздеріне үйрету. Командалық ойын. 


Волейбол. Жарыс ережелері. Тік тұру және қозғалу. Допты орнында тұрып және қозғалыста жүріп 
қабылдау және беру (алға, артқа, солға, оңға). Допты беру. Командалық ойын. 
Футбол. Жарыс ережелері. Допты орнында тұрып жыне жан-жаққа қозғала жүріп әріптесіне аяқпен 
беру. Допты теуіп, қақпаға түсіру. Допты қабылдап алу. Футболшының допсыз және доппен орын ауыстырып 
қозғалуы. Допты қатты тебу. Допты алып жүру. Допты тартып алу. Қақпашының ойын техникасы. Командалық 
ойын. 
Гандбол. Қозғалу, қағып алу және беру, лақтыру, алып жүру және алдау қимылдары, тосқауылдар, 
оқшаулау және қағып әкету. Шабуылдау мен қорғануда техникалық және тактикалық әрекеттер негізіне үйрету. 
Қимыл-қозғалыс ойындары. Қимыл-қозғалыс ойындарының үлгілері: "Нысанаға дәлме-дәл", 
"тарелкелер" лақтыру", "Аңшылар мен қояндар", "Бердің-отыр", "Жылжымалы нысана", "Дәл беріп үлгір", 
"Допты қағып түсір", "Шеңбердің ішіне тигіз", "Кім алысырақ", "Қақпаға дәлме-дәл", "Дәлме-дәл беру", 
"Айналып өтіп, допты қақпаға соқ", "Футбол слаломы", "Доптың ізінен", "Допты ұстап ал", "Допты 
жүргізушіге", "Екі допты қақпақылдау", "Аудағы доп", сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындары: "Ақсүйек", 
"Қармақ", "Үйрек ату", "Көмбеден доп шығару", "Аң аулау", "Таяқ жүгірту", "Садақ ату", "Қақпа тас", "Қарагие. 
Жеңіл атлетика. Жарыс ережелері. Жүкіру. Лақтыру. Қарғу. 
Шаңғы спорты. Жарыс ережелері. Шаңғымен саптық командалар орындау, оқу алаңқайында және оқу 
шаңғы жолдарында шаңғылармен және шаңғыға мініп түрлі тәсілдермен қозғалу. Көтерілу мен түсулерді 
меңгеру, бір орнында тұрып және қозғалыста тежелу мен бұрылыстар. Кесіп өтетін жерлерден шаңғымен өту 
техникасы. Қашықтықты баяу және орта ырғақты уақытта жүріп өту. Шаңғымен эстафеталар. Түрлі қадамдар 
техникасын үйрену. 
Жүзу. Жарыс ережелері. Суда өзін ұстау дағдыларын қалыптастыру. Жүзгіштің жалпы дамытушы 
және арнайы жаттығулары. Жүзудің негізгі тәсілдерінің техникасын игеру. 
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы. КҚДД құралдарын таңдау еңбек қызметінің күрделі 
факторларына ағзаның тиімді бейімделуіне, өндірістің климаттық шарттарына шыдамдылықты арттыруға, 
сондай-ақ еңбек дағдыларын қалыптастырып, бекітуге қатысатын қолданбады қозғалыс координацияларының 
арсеналын кеңейтуге бағытталуымен шартталады. 
Заманауи сауықтыру жүйелері (тыныс алу: А.Стрельникованың парадоксальды гимнастикасы, 
"бодифлекс" - тыныс алу жаттығуларының жүйесі, созуға арналған жаттығулармен біріктірілген, К.Динейки 
релаксациялық: бұлшық ет релаксациясы, ырғақты гимнастикалар: мүсінге, тепе-теңдік, заттармен; аэробика: 
ағзаның негізгі жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған циклдық спорт түрлерінен алынған 
жаттығулар жүйесі, калланетика: негізінен изометриялық режимде орындалады және тереңде орналасқан 
бұлшық ет топтарының белсенділігін туғызады, фитнес: жалпы фитнес, дене және спорттық-бағдарлы, шейпинг: 
қыздарға арналған сауықтыру дене шынықтырудың ғылыми-негізделген жүйесі, дене бітімін дұрыстауға және 
ағзаның қызметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Пилатес: жаттығулар жүйесі фитнестің барлық түрлерінің 
ішінде қауіпсіз болып табылады, алынған жарақаттар мен сырқаттарды оңалтуға бағытталған, стретчинг: 
бұлшық еттерді, сіңірлер мен буындарды созу арқылы дене денсаулығын жақсартуға арналған жаттығулар 
кешені, воркаут); С.М.Бубновскийдің буын гимнастикасы. Буын гимнастикасының жаттығулары бұлшық еттерді 
қатайтып, ондағы тұралап қалған жерлерді кетіреді, лимфа және қанайналымдарын белсендіреді. 
Дене жаттығуларымен айналысу ппроцесіндегі бақылау және өзін өзі бақылау. 
Дене жаттығуларымен айналысу нәтижелерін өзі бақылаудың қарапайым әдістері. Өзін өзі бақылау 
күнделігін жүргізу және оның студенттердің денсаулығын бақылау процесіндегі маңызы. Өзін өзі бақылаудың 
объективті және субъективті көрсеткіштері. Дене жаттығулары және спортпен айналысу әсерінен болған ағзаның 
денсаулық жағдайының диагностикасы. Дене дамуын, ағзаның қызметтік жағдайын, дене дайындығын бағалау 
үшін стандарттарды, антропометрикалық индекстерді, функционалдық сынамаларды және жаттығуларды 
пайдалану. 
Спорттық оқу бөлімінде жоспарлау студенттер біліктілігі мен спорт түрлерін ескеру арқылы жүзеге 
асырылады. Спорттық бөлім топтарында түрлі курстар мен факультеттердің студенттері бір мезгілде айналыса 
алады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Бароненко В.А. Здоровье и физическая культура студента: Учебное пособие / В.А. Бароненко. - М.: 
Альфа-М, ИНФРА-М, 2012. - 336 б. 
2. Евсеев, Ю.И. Физическая культура: Учебное пособие / Ю.И. Евсеев. - Рн/Д: Феникс, 2012. - 444 б. 


3. Виленский, М.Я. Физическая культура и здоровый образ жизни студента: Учебное пособие / М.Я. 
Виленский, А.Г. Горшков. - М.: КноРус, 2013. - 240 б. 
4. Кобяков, Ю.П. Физическая культура. Основы здорового образа жизни: Учебное пособие / Ю.П. 
Кобяков. - Рн/Д: Феникс, 2012. - 252 б. 
5. Мельников, П.П. Физическая культура и здоровый образ жизни студента (для бакалавров) / П.П. 
Мельников. - М.: КноРус, 2013. - 240 б. 
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" 
ШЖҚ РМК 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет