Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру


тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері



Pdf көрінісі
бет42/68
Дата26.04.2022
өлшемі1,5 Mb.
#32281
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері 
      
4.  Бағдарламаның  мақсаты  рухани  жаңғырудың  жалпыұлттық  идеясы  шеңберінде  студенттердің 
әлеуметтік-гуманитарлық  дүниетанымын  қалыптастыру,  халықтар  достығының  ұлттық  сана  мен  мәдени  код 
негізінде  дамуын  көздей  отырып,  дүниежүзі  мәдениеті  пен  тілдерге  әлемдік  деңгейдегі  білім,  қазіргі  озық 
технология  дәнекері  ретінде  толеранттық  қарым-қатынас  жасай  білу,  болашақ  маманның  кәсіби  өсуі  мен 
еліміздің дамуын қамтамасыз ете алатын дәнекер ретінде қолдана білу болып табылады. 
      
5. Бағдарламаның міндеті: 
      
1) деңгейлік дайындыққа сәйкес сөйлеу қызметінің түрлерін табысты меңгеру; 
      
2)  тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени,  кәсіби  қарым-қатынастың  әр  түрлі  жағдайларында  тілді  меңгеру 
дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру; 
      
3)  қарым-қатынастың  коммуникативтік  мақсаты  мен  кәсіби  саласына  сәйкес  ауызша  және  жазбаша 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 
      
6. Бағдарламаны меңгеру нәтижесінде білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады: 
      
1)  лексиканы,  грамматикалық  білім  жүйесін,  интенцияны  (ниеттерін)  білдірудің  прагматикалық 
құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын дұрыс таңдау және пайдалану; 
      
2) мәтіннің нақты мазмұнын беру, олардың тұжырымдамалық ақпаратын қалыптастыру, бүкіл мәтіннің 
және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін (прагматикалық фокус) сипаттау; 
      
3)  мәтіндік  ақпаратты  түсіндіру,  әлеуметтік-мәдени,  қоғамдық-саяси,  ресми-іскерлік  және  кәсіби 
салалардағы  қарым-қатынас  мәтіндеріне  стильдік  және  жанрлық  ерекшеліктерін  сертификаттау  талаптары 
көлемінде түсіндіру; 
      
4) қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрату және хабарлауға, қатысушылардың іс-әрекеттеріне 
баға беру, сертификаттау талаптарына сәйкес таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер 
ету құралы ретінде ақпаратты пайдалану; 
      
5)  тілдің,  мәдениеттің,  қарым-қатынас  саласы  ерекшеліктерінің  сертификаттау  талаптарына  сәйкес 
жеке  тұлғалық,  әлеуметтік  және  кәсіби  қарым-қатынас  жағдайларында  сөйлеу  мінез-құлық  бағдарламаларын 
құруға; 
      
6) пікірталастарда этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді  талқылауға, өз көзқарасын 
білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалауға; 


      
7)  өзінің  жеке  ниеттері  мен  қажеттіліктерін  (тұрмыстық,  оқу,  әлеуметтік,  мәдени)  жүзеге  асыру, 
оларды  этикалық  жағынан  дұрыс,  мағыналы  толық,  лексика-грамматикалық  және  прагматикалық  тұрғыда 
жеткілікті дәрежеде жариялау мақсатында әртүрлі қарым-қатынас салаларындағы жағдаяттарға қатыса алуға; 
      
8) жалпы қабылданған  нормаға, функционалдық бағытқа сәйкес белгілі бір сертификаттау деңгейіне 
сай  келетін  лексика-грамматикалық  және  прагматикалық  материалдарын  пайдалана  отырып,  тұрмыстық, 
әлеуметтік-мәдени, ресми-іскерлік мәтіндерді құрастыруға қабілетті бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет