Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру


- тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет43/68
Дата26.04.2022
өлшемі1,5 Mb.
#32281
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68
 3-
тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны 
      
7. Осы бағдарлама пәннің мақсаты мен міндеттерін, тақырыптық жоспарын, оқыту әдістерін, күтілетін 
нәтижелерге қойылатын талаптарды, пререквизиттер мен постреквизиттерді шолудан басталады. 
      
8.  Пәннің  мазмұнын,  семинар  (практикалық)  сабақтарының  және  білім  алушылардың  өзіндік 
жұмыстарының  тақырыптарын  қамтитын  жоғары  және  (немесе)  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру 
ұйымдары үшін "Орыс тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны осы бағдарламаға 
қосымшада келтірілген. 
      
9. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қолданылатын әдістер мен оқыту технологиялары: 
      
1) білім алушы тарапынан рефлексивті тәсілге негізделген студентке орталықтандырылған білім беру; 
      
2) құзыреттілікке бағытталған оқыту; 
      
3) тілдерді меңгерудің коммуникативтік-әрекеттік тәсілі; 
      
4) мәтіннің мазмұнын когнитивті модельдеу негізінде оның мағынасын түсіну және түсіндіру; 
      
5) сөйлеу коммуникациясын конверсиялық талдау; 
      
6) сөйлеу барысында сөйлеушінің мақсатын анықтау және прагматикалық талдау жасау; 
      
7)  коммуникативтік  ықпал  жасауға  бағытталған  ниеттерді  қатыстыра  отырып  түрлі  қарым-қатынас 
салаларына байланысты мәтіндер құрастыру; 
      
8) рөлдік ойындар және түрлі форматтағы оқу дискуссиялары; 
      
9) кейс-стади (нақты жағдайларды талдау); 
      
10) Жоба әдісі (өз тәжірибесі мен құзыреттілігін, әсіресе кәсіби тілді қолдану саласында жасау және 
түрлендіру). 
      
10. Бағдарламаның пререквизиттері мен постреквизиттерін жоғары оқу орнының өзі тағайындайды. 
  
Жоғары және (немесе) жоғары  
оқу орнынан кейінгі білім беру  
ұйымдары үшін "Орыс тілі"  
жалпы білім беру пәнінің үлгілік  
оқу бағдарламасына 
қосымша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет