Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру


тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері



Pdf көрінісі
бет65/68
Дата26.04.2022
өлшемі1,5 Mb.
#32281
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері 
      
4.  Бағдарламаның  мақсаты  кәсіби  қызметке  даярлау  үшін,  болашақ  еңбек  қызметінде  денелік 
жүктемелерді,  жүйке-психикалық  қысымдарды  және  жайсыз  факторларды  табанды  өткеруге  денсаулықты 
сақтау,  нығайтуды  қамтамасыз  ететін  студенттердің  әлеуметтік-жеке  тұлғалық  құзыреттіліктерін  және  дене 
шынықтырудың  құралдары  мен  әдістерін  мақсатты  түрде  пайдалану  қабілеттерін  қалыптастыру  болып 
табылады. 
      
5.  Мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  келесідей  білім  беру,  сауықтыру  және  тәрбие  міндеттері  шешілуі 
қажет: 
      
1) тиімді кәсіби еңбекке қабілеттілікті және денсаулық сақтау үшін өмірлік маңызды дене қасиеттерін 
дамыту жолында дене шынықтыру және спортты қолдану бойынша базалық ғылыми-негізделген білім беру; 
      
2)  дене  шынықтыру  және  спортпен  айналыстырудың  жүйелі  сабақтарына  деген  қажеттілік  пен  дене 
шынықтыруға мотивациялық- құндылықтық қатынасты қалыптастыру; 
      
3)  ағзаның  еңбек  қызметінің  қолайсыз  факторларының  әсеріне  кедергісін  арттыру,  денсаулығын 
нығайту және машықтану;  
      
4) өзара көмекке, коллективизмге және тәртіпке тәрбиелеу;  
      
5) психикалық тұрақтылықты, өз күшіне сенімділікті, мақсаттылықты, батылдық пен табандылықты, 
бастамашылықты, қайсарлық пен қажырлықты тәрбиелеу;  
      
6) негізгі қозғалтқыш қасиеттерін дамыту және жетілдіру - төзімділік, күш, жылдамдық, икемділік;  
      
7)  дене  шынықтыру  мен  спорттың  әлеуметтік-мәдени  тәжірибесі  мен  әлеуметтік-мәдени 
құндылықтарын дамыту бойынша әртүрлі дағдылар мен қабілеттерге ие болуды қамтамасыз ету;  
      
8)  қарым-қатынас  дағдыларын  дамыту,  атап  айтқанда,  әр  түрлі  көздерден  ақпаратты  пайдалану 
қабілеттілігі, сәйкес формада нақты ұсыну; 
      
9) ойлау дағдыларын, өзін-өзі дамыту дағдылары және зерттеу дағдыларын дамыту.  
      
6. Бағдарламаны игеру нәтижелері бойынша білім алушы келесідей құзыреттіліктерді иеленеді: 
      
1) жеке тұлғалық:  
      
өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тұлғалық тануға даярлық пен қабілеттілік; 
      
кәсіби  дене  шынықтыру  дағдыларын  еңбек  және  өмірлік  жағдаяттарда  өз  бетінше  пайдалана  алуға 
даярлық; 
      
2) метапәнаралық: 
      
танымдық, спорттық, дене шынықтыру, сауықтыру және әлеуметтік практикада пәнаралық түсініктер 
мен әмбебап оқу әрекеттерін (реттеуші, танымдық, коммуникативтік) қолдану қабілеттілігі;  
      
дербес ақпараттық-танымдық қызметке даярлылық пен қабілеттілік; 
      
жарыстық қызметтің әртүрлі түрлеріне қатысу дағдыларын қалыптастыру; 
      
3) пәндік: 
      
салауатты  өмір  салтын,  белсенді  демалыс  пен  бос  уақытты  ұйымдастыру  үшін  дене  шынықтыру 
қызметінің әртүрлі формалары мен түрлерін қолдану шеберлігі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет