маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің
пікірін сыни бағалауға;
3) әртүрлі жанрдағы мәтін түрлерін оқып, түсініп, негізгі және көмекші ақпараттарды ажыратуға,
мәтіндерді мағыналық бөліктерді талдап, саралауға, негізгі ойды тұжырымдауға, тұтас мәтіннің және оның жеке
құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін сипаттауға;
4) қазақ тілінде әртүрлі мақсаттағы хат-хабарлар жазуға, мақала, аннотация, тезис жазуға, өз
қызығушылығына қарай мақала түрлерін, эссе түрлерін жазуға;
5) қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрауға және хабарлауға, қатысушылардың іс-әрекеттеріне
баға беруге, таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы ретінде ақпаратты
пайдалануға;
6) радио, теледидар арқылы берілген ақпараттарды тыңдап, түсінуге, сұхбаттасушының, пікір
білдірушінің сөздерін тыңдап, негізгі тақырыпты анықтауға, автордың ойын түсінуге, айғақтар мен мәліметтерді
ажыратуға қабілетті бола алады.
Қазақ тілі пәніне 6 кредит, 270 сағат бөлінген. Бағдарламада қазақ тілі пәні 4 деңгейге бөлінді. Әр деңгей
бойынша жеке бағадарлама ұсынылып отыр. Әр деңгей 3 кредитке (135 сағатқа) есептелінген. Бағдарламада
қазақ тілі деңгейлері арасында сабақтастық байланыс сақталынды. Студент тілді білу деңгейіне қарай қазақ тілі
пәні бойынша кемінде 2 деңгейді – 6 кредитті алуға тиіс. Тілді білу деңгейі диагностикалық тест арқылы
анықталады. Диагностикалық тест қорытындысы бойынша студентке ұсынылған қазақ тілі деңгейін аяқтаған
соң, келесі семестрде сабақтастық қағидасын сақтай отырып, қазақ тілінің келесі деңгейін емтихан нәтижесі
бойынша жалғастырады. Мәселен, 1 семестрде қазақ тілінің орта деңгейін (В-1) аяқтаған студент келесі
семестрде ортадан жоғары деңгейді (В-2-1) алып, жалғастырады. Ал ортадан жоғары деңгейді аяқтаған студент
жоғары деңгейге (В2-2) көтеріледі. Осы ретпен қазақ тілінің әр курсы пререквизиті пен постреквизиттерін
сақтауы керек. Қазақ тілінің қарапайым деңгейі (А 1) шетелдік студенттерге ұсынылады. Базалық деңгейін (А2)
–
қазақстандық студенттер ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: