Жоғары жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері


Н.Н. КРАСНОГОРСКИЙДІҢ БАЛАЛАРДЫҢ МИ ҚЫРТЫСЫНДАҒЫ ҚОЗУЫН ЖӘНЕ ТЕЖЕЛУІН ЗЕРТТЕЙ КЕЛЕ,ОЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ӘРЕКЕТІНІҢ 4 ТОПТАРЫН ҰСЫНДЫ



бет4/4
Дата05.12.2023
өлшемі2,42 Mb.
#134525
1   2   3   4
Байланысты:
f651cf9e80dade

Н.Н. КРАСНОГОРСКИЙДІҢ БАЛАЛАРДЫҢ МИ ҚЫРТЫСЫНДАҒЫ ҚОЗУЫН ЖӘНЕ ТЕЖЕЛУІН ЗЕРТТЕЙ КЕЛЕ,ОЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ӘРЕКЕТІНІҢ 4 ТОПТАРЫН ҰСЫНДЫ:


Ал ол 6-7 жаста керісінше болады. Балаларда екінші сигнал жүйесінің дамуы олардың мектеп тәрбиесіне дайындығын көрсетеді.
Ал 3-4 жасар балалардың бірінші сигнал жүйесі екіншісінен басым болады да, екіншісін тежеп отырады.
Балаларда 6-7 жастан бастап сөзбен тәрбиелеуге көне бастайды. Оларды бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қарым- қатынасы сипаты өзгереді.
Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері
Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері (Бастауыш мектеп жасында )
Бастауыш мектеп жасында ми қыртысының қарқынды дамуы жүйке жұмыстарының қалыпты, салмақты, жылдам жүруін қамтамасыз етеді. Ми қыртысында тежеу процестерінің дамуы шартты байланыстардың қалыптасуын жылдамдатады.
Жоғарғы жүйке жүйесінің бөлімдерінің арасындағы байланыстардың қалыптаусы-ми қыртыстары ішіндегі ассоциативті жүйке жолдарының пайда болуына байланысты. Балаларды оқу мен жазуға үйретуге байланысты сөздің байланыстырушы қызметі арта түседі.
Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері(жасөспірімдік кезде)
Бірқатар шартты –рефлекс қызметінің өзгеруі жасөспірімдік кезеңде байқалады. Организмде жыныстық жетілудің басталуы гипоталамус активтілігі артуына сәйкес келеді. Бұл қыртыс-қыртысасты арақатынасы баласының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осыған орай жасөспірімдер ашуланшақ болып, салмақтылықтарын жоғалта бастайды. Осы кезеңде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда уақытша ішкі байланыстар түзу қиындайды. Бірінші сигналға болсын, екінші сигналға болсын шартты рефлекстер түзілу жылдамдығы баяулайды. Жасөспірімдердің жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктері оларға айрықша назар аударуды талап етеді. Оқу-тәрбие жұмыстарын осыған сәйкес жүргізу керек.

Қорытынды

  • Қозу мен тежелудің теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасы мен дау дәрежесін айтады.
  • Қозу мен тежелудің алмасуы деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу болуы мүмкін.
  • Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын,мінез-құлықтарын жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды.

Пайдаланған әдебиеттер

  • Есаков С.А. Возрастная анатомия и физиология (курс лекций) /УдГУ. Ижевск, 2010
  • Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы, Қ.Дүйсембин, З.Алиакбарова ,Алматы 2003


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет