1.Оқытушы білім беру үдерісінің субъектісі ретінде 2.Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы мен құрамдары 3.Жоғары мектеп оқытушысының негізгі құзырлықтары 4.Студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы педагогикалық қарым-қатынастың ролі 1.Оқытушы білім беру үдерісінің субъектісі ретінде. Жоғары мектеп оқытушысы — арнайы даярлығы бар және педагогикалык ic-әрекетпен айналысатын кәсіби адам. Оқытушы – оқыту мен тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін, қоғамдық жаңалықтарды қабылдап, игеріп, енгізуші, білім алушылармен белгілі бip қатынаста болатын белсенді іс-әрекет иeci
2.Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы мен құрамдары
Педагогикалық іс-әрекет - бұл болашақ маман тұлғасын қалыптастыруға, оны кәсіби даярлауға бағытталған іс-әрекет. Педагог мынадай бірнеше іс-әрекет түрлерін орындайды:
пән педагогы ретіндегі іс-әрекет – оқытушының тікелей сабақ жүргізуі
бағдарламалық іс-әрекет (бағдарламалау) – оқу бағдарламалары мен жоспарларын құрастыру, пәндердің жұмыс-оқу бағдарламасы, силлабустар, оқу-әдістемелік кешенін құрастыру
ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет - жаңа білімдерді іздестіру, білімдерді жүйелеу, ғылыми білімдерді оқу білімдеріне айналдыру
тәрбиелік жұмыс – тәрбие ортасын ұйымдастыруға және студенттердің түрлі іс-әрекеттерін басқаруға бағытталған іс-әрекет
Педагогикалық іс-әрекет құрылымы
Құрастырушылық – мазмұндық(оқу материалын іріктеу және құрастыру, педагогикалық үдерісті жоспарлау және құрылымдау); құрастырушы-оперативтік (өз әрекетін және студенттер әрекетін жоспарлау); құрастырушы-материалдық (педагогикалық үдерістің оқу материалдық базасын жобалау)