Байланысты: Жо ары о у орындарында физиканы о ытуда Ы дістемелік т сілдері,
УДК 372.853
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ, ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Сырым Ж.С., Кажмуханова Г.Ш., Шаңова Ж.Р.,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ Орал,
Қазақстан E-mail: Janka_03.10@mail.ru
Елімізде жоғары білім берудің құжаттарында үздіксіз білім алуға қабілетті мамандарды дайындау қажеттілігі атап айтылуда. Бұл міндеттің шешімі құзіреттілік, жүйелілік синергетикалық және жеке дамушылық тәсілдер негізінде оқыту үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Тек осы жағдайда ғана білім алушылардың өздерінің шығармашылық қолданыстарына, өзіндік танымдық іс-әрекеттеріне, тұрақты өзіндік білімге қабілеттерін дамытуға бағытталған білімді қалыптастырумен білімділік мақсатқа өту мүмкін болады. Екінші жағынан, танымға адамның қабілеттілігінің дамуы оның әдістерін модернизациялаусыз мүмкін емес. Педагогикалық ғылымдар мен психология, физиканы оқыту әдістемесі мен теориясы үшін ЖОО-дарында физиканы оқыту әдістемесін модернизациялау мәселесі ғылыми таным әдістерінің қалыптасу және әрі қарай даму аспектісінде өзектілігін жоймайды. Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары кредиттік технология негізінде жұмыс жасайды. Сәйкесінше, ЖОО-дарында физиканы оқыту үдерісінде құзіреттілік көзқарасқа бағытталған оқытудың жаңа әдістемелік тәсілдерін, құралдарын және түрлерін жасау және енгізу талап етілуде. Осыған байланысты таным әдістемесі және теориясы бойынша зерттеуге көңіл аудару қажет. Мәселенің теориялық аспектілері психологияның, педагог-мамандардың және физик-әдіскерлердің еңбектерінде жарияланды. Талдау нәтижесінде түсініктерді, сонымен бірге ғылыми танымның тәсілдерін, критерийлерін және шарттарын меңгеру үдерісінің заңдылықтарының пайда болуын және ғылыми мойындалуын тұрақтандырады. Ғылыми түсініктерді (соның ішінде ЖОО-дарында физиканы оқыту кезінде) жалпылау және жүйелеу мәселесі әдістемелік және теориялық деңгейлерде оқытылады. Бұл мәселе ғылыми-әдістемелік деңгейде шешілуді қажет етеді. Сондықтан зерттеу мақсаты физиканы оқыту әдістемесін жасауға негізделеді. Бұл білімді меңгеру сапасының артуына, оқытудың кредиттік технологиясында ЖОО-да студенттердің аналитикалық қабілеттері мен танымдық қызметтерінің дамуына бағытталған. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ғылыми танымның теориялық (әдебиеттерді талдау, оқытушылар мен студенттердің іс-әрекеттері, оқу құжаттамалар, модельдеу, жобалау және т.б.) және эмпирикалық (бақылау, анкета жүргізу, педагогикалық эксперимент және т.б.) әдістері қолданылды. Зерттеудің әдістемелік негіздері ретінде құзіреттілік, жүйелік-синергетикалық және жеке – дамушылық тәсілдер қолданылады. Қазіргі кезге дейін әдебиеттерде ЖОО-дарында физиканы оқыту әдістемесін зерттеу мәселелері талқылануда. Мысалы, педагогикалық оқу орындарында физика бойынша оқу үдерісін көпжылдық оқу нәтижелері жалпыланған, физика пәні мұғалімдерінің кәсіби дайындығының жолдары белгіленген, ЖООдары педагогиканың дидактикалық ұстанымдарының мазмұны нақтыланған, педагогикалық ЖООдарындағы студенттердің оқу және ғылыми-зерттеушілік еңбектерінің бірлігі және оқытудың кәсіби бағыттылығының қажеттілігі мотивацияланған, физика бойынша дәріс сабақтарын, практикумдарды, зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері сипатталған, сонымен бірге физикалық теорияның оқу сұлбасы ұсынылған [1]. Физиканы оқытудағы жоғары мектептің дидактикалық ұстанымдарына: ғылымилық, диалектикалық, теориялық, ғылым мен практиканың байланысы, оқу, өндірістік және ғылыми-зерттеушілік тәжірибені интеграциялау, оқу үдерісінің кәсіптік бағдарлығы, абстрактілік пен көрнекілікті синтездеу және т.б. жатады. Құзіреттілік тәсіл негізінде физиканы оқытуда нақты әдістемелік тәсілдерді, құралдарды және түрлерін жасау талап етіледі. Әдебиеттерде жазылған әдістер кредиттік технология негізінде өз тиімділігін көрсетпейді. Тәжірибеден көретініміздей, физика бойынша есеп шығару кезінде студенттердің көбінде мәселенің фрагментарлы, толық емес түсініктерін тудырады. Кей формулаларды қорыту кезінде толығымен шешілетін мәселе туралы ой қалдырады. Зерттеушілік есептер шығару тәсілдерін қолдану тиімді болып табылады [2]. Әдістің мәні ізделінді шама аралық формулаларды қорытындылау түрінде емес, талқылау тізбегі түрінде қарастырылады. Бұл жол нақты жағдайда есеп шығару ұстанымын студенттерге түсіндіруді талап етеді. Бұл инновациялық идея оқытуды бұлай ұйымдастыруды сәйкестендіреді, бұл жерде студенттердің танымдық қабілеттерін дифференциялау үдерісі мүмкін болады. Әдістің тиімділігі эксперимент жүзінде дәлелденді. Соңғы нәтижені алудың бірнеше тәсілдері бар. Біріншісі – теориялық, бұл жағдайда есептегі немесе теориядағы ізделінді шамамен байланысты белгілі түрі жазылады. Екінші тәсілді идеалды деп айтуға болады, ол студенттерге мәселенің барлық жолын және тереңдігін түсіндіреді. Екінші тәсілдің ерекшелігі көптеген физикалық шамалар мен формулалар соңғы нәтижеге дейінгі студенттердің толық түсініктерімен қорытындыланады. Үшінші тәсіл – эмпирикалық, бұнда бастапқы этапта ізделінді тәуелділік жазылады. Идеалды соңғы нәтиже ұстанымына негізделе соңғы нәтижеге рациональді және оптимальді жолмен келуге болады. Есеп шығару тапсырмалары арнайы таңдалады. Бұл теориялық білімді алу тәсілі ретінде қарастыруға болатын формулаларды қорытуға арналған еспетер бола алады. Мысал ретінде Ампер күші формуласынан Лоренц күшінің формуласын сәтсіз қорытуды келтіруге болады (идеалды соңғы нәтиже ұстанымының бұзылуымен). Бұндағы қателік ток күшін анықтауға арналған формула өз-өзінен туындауында жатыр. Бұл тәсіл студенттерге әруақытта тиімді емес. Кредиттік жүйеде қолданылатын жаңа тәсіл барлық мәселені түсінуге емес, формулаларды қорыту және есептер шығаруды ұсынады. Бұнда барлық мәселенің түсінгеніне емес, барлық студенттерге қол жетімді физиканы оқытудың оптимальді әдісіне бағытталады. Студенттерге физиканы оқытудың маңызды міндеттердің бірі – пәндік құзіреттілікті қалыптастыру. Физика бойынша кәсіптік бағытталған тапсырмалар жасауда төмендегі негізгі ұстанымдар сақталады: - кәсіптік нәтижелік – нақты мамандықтағы терминдер мен түсініктерде кәсіптік іскерлікті қалыптастыру; - өнімділік – таңдалған мамандық бойынша іс-әрекет өніміне жақын формасы және мазмұны бойынша өнімдерді алу; - құрастырушылық – тапсырма құрылымының анықтылығын сақтау; - когнитивтілік - теорияның ойлау үдерісінің, ойлау іс-әрекетін актуализациялау және ынталандыру; - өзіндік – студенттердің өз бетімен жасалатын жұмыстарға талаптар; - комплименттілік – есеп шығарудағы пәнаралық сипатты есептеу және қолдану [3]; Физика бойынша эксперименттік жұмыс барысында студенттерге ұсынылған тапсырма мақсатының қысқаша сипаттамасы мынадай: физика және кіріктірілген пәндер бойынша өз білімінен акцентті тасымалдау, оларды реал өндірістік жағдайларда сауатты қолдану. Физика бойынша сапалы және жүйелілік пәндік білімді қалыптастыруда маңыздысы оқыту құралы (кестелер, сұлбалар, конспектілер, цифрлық ресурстар, дидактикалық материалдар және т.б.) болып табылады. Дидактикалық материалдарды құрау және таңдаудағы жаңа тәсілдер табиғаттағы олардың екі жақтылығына әкеледі. Біріншіден, бұл материалдар студенттердің танымдық іс-әрекетінің теориялық білім мен нәтижелерді белгілеу құралы болып табылады. Екіншіден, дидактикалық материалдар білім алушылардың танымдық іс әрекетін ұйымдастыру құралы ретінде қарастырылады. Оқытудың кредиттік технологиясы
нда негізгі құрал студенттерге ғылыми білімнің жеке салалары аралығындағы байланыстар мен қатынастарды қоса, білім жүйесін өздігінен құрастырушылылққа мүмкіндік береді. Сонымен бірге білімнің міндетті жүйелілігі қамтамасыз етіліп, аудиториялық сағаттың қысқаруына байланысты пәнді меңгеру үшін олардың түбегейлілігі сақталады. Бірақ оқу-әдістемелік кешенді қолдану, құзіреттілік тәсіл негізінде студенттерді оқыту кезіндегі дамытушылық потенциалдың өзгешеленетін ерекшеліктері бар.
Қорытындылай келе, кредиттік оқыту технолоиясында физиканы оқыту әдістемесі білімді меңгеру сапасын арттырады, ЖОО-дарында студенттердің аналитикалық қабілеттіліктерін және танымдық ісәрекеттерін дамытады, егер: - материалдың әдістемелік құралдары, формалары және тәсілдері көптеген функцияларды (модельдеу, жобалау, түрлендіру, бақылау, бағалау, диагностикалау) орындаса; - болашақ физика пәні мұғалімдерінің жеке және құзіретті дамуына бағытталған оқу-әдістемелік материалдың құрылымы және мазмұны ғылыми таным жалпы деңгейлеріне (эмпирикалық, теориялық, практикалық, әдістемелік) сәйкес келсе;
- Пәннің оқу әдістемелік кешені, соның ішінде студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруға арналған материалдар оның ерекшеліктерін көрсетсе;
- Оқыту әдістемесі оқытудың дамытушылық дидактикалық құралдарын қолдануға бағытталса, мысалы сапалы жаңа плакаттар, кестелер, мазмұнды және таңбалы көрнекіліктер, сандық білімділік ресурстар және конспектілер және сұлбалардың құрылымы бойынша инновациялық тапсырмалар және т.б.
Осыған байланысты студенттерге физиканы оқыту әдістемесі келесі блоктармен көрсетілген:
мақсатты (студенттердің аналитикалық қабілеттері мен танымдық іс-әрекетінің дамуына бағыттылығын қамтамасыз ету), ұйымдастырушылық-мазмұнды (оқыту үдерісінің мазмұнын және ұйымдастыруын анықтайды); үдерістік (оқытудың формасын, әдісін және құралдарын анықтайды); бақылаушылық диагностикалық (оқыту сапасының бағалауын және мониторингін қарастырады).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бушок Г.В., Венгер Е.Ф. Методика преподавания общей физики в высшей школе. – Киев, 2009.
2. Пономаренко Е.В. Использование научных достижений в обучении физике студентов высших учебных заведений // Материалы Межд. Науч.-прак. Конф. «Приоритетные направления обучения естественнонаучных дисциплин в вузах». –Алматы, 2013.