Студенттердің өз бетімен жұмысы және оны ұйымдастыру
Студенттерде кәсіби бағыттылықты қалыптастыру жолдарының бірі – білім беру үрдісінде олардың ӛзіндік жұмыстарын күшейту. Студенттердің ӛзбетімен жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға жағдай туады.
Ӛз бетімен жұмыс мәселесін біршама алыс және таяу шетел ғалымдары ӛз зерттеу жұмыстарының нысанасы еткен. Мәселен, Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый, Л.В.Усова және т.б. ӛз бетімен жұмыс түрлері мен мазмұнын жан-жақты зерттеген. Жоғары оқу орындарында студенттердің ӛз бетімен жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін Г.Ахметова, Н.Асанов, А.К.Садыкова, К.Л.Гончарова қарастырды. Онымен бірге, жоғары мектеп дидактикасының тұрғысынан студенттердің ӛз бетімен жұмысын ұйымдастырудың мәнін ашуға А.Е.Абылкасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г. Гарунов, И.И.Кобыляцкий, Р.А.Низамов еңбектері арналды.
Ӛз бетімен жұмысты оқу үрдісінде жүйелі түрде қолдану қажетті және жүйелік әдістің тиімділігі мен аспектілері У.Абдукаримова, В.К.Буряк, Т.Т.Галиев, Е..Голант, К.Дүйсенбаев, Б.П.Есипов, Р.М.Микельсон, Е.С.Саблик, М.Н.Скаткин еңбектерінде негізделді.
Студенттердің ӛзіндік жұмысы – болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырудың ең басты резервтерінің бірі. Осыған орай жоғары оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт жұмсап қажетті ақпаратты іздеп және меңгеруді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, ӛз кӛзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді, түрлі күрделі сұрақтарды шығармашылықпен шеше білуді үйренуін талап етеді.
Студенттің ӛз бетімен жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды ӛз бетімен орындауға, танымдық әрекеттерге қызығушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі.
Студенттің ӛз бетімен жұмысы – жоғары оқу орнының оқыту үрдісінде студенттердің ӛзіндік әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың ерекше бір құралы. Олай болса кредиттік оқыту жүйесінің жоғары мектепте ендірілуі және студенттердің ӛз бетімен жұмысының үлесінің артуы оны белсендіруге баса кӛңіл аудартады. Кредиттің оқыту технологиясының ендірілуіне сәйкес жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқыту технологиясын және оның әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуін ӛзгерту қажеттілігі туындады.
Студенттің ӛз бетімен жұмысы логикалық ойлауды дамытуды,
шығармашылық белсенділікті, оқу материалы негізінде зерттеушілік ықпалды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты.
Студенттің ӛз бетімен жұмысы аудиторлық жұмыспен бірге, оқыту үрдісінің негізгі бӛлігі болып табылатын студенттердің ӛз бетімен жұмысының жүйелі түрде орындалуы оқытушының жоспарлау және бақылау қызметі нәтижесінде қалыптасады.
Оқытушы басқаруымен студенттердің ӛз бетімен жұмысы – оқытушының тікелей қатысуымен және әдістемелік басқаруымен ӛтетін студенттің дербес жоспарланған жұмысы.
Студенттің ӛз бетімен жұмыстарын ұйымдастырудағы қызметі: ӛз әрекетін ӛзі ұйымдастырушы; ӛз бетімен ізденіп, шығармашылық әрекет жасаушы; ӛз тағдырын ӛзі басқарушы. Ӛз бетімен жұмысты орындауда студент психологиялық тұрғыда қызмет атқарады. Ол әрбір жағдаятты түсіну, қабылдау, сырттан әсер ететін ақпараттарды іріктеу, ӛңдеу, керегіне қарай жүйелеп пайдалану. Мұндай жағдайда оған қабылдау, еске түсіру, назар аудару, ойлану сияқты психологиялық үрдістер қатысады. Бұл жағдайда студентке оның жігері мен шешімділігі кӛмектеседі. Ӛзін-ӛзі реттеп, ӛзін-ӛзі басқарып, ой елегінен ӛткізу әрекеті басым болады.
Студенттердің ӛз бетімен жұмысы – кез-келген пәнді оқуға ӛзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс
– студенттің ғылыми, оқу кәсіби құзыреттілігін қалыптастырып, мәселелерді
ӛзіндік шешуіне оңтайлы шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шыға алу қабілеттілігін дамытуға арналған.
Жоғары оқу орындарында жеке ӛзіндік жұмыстың түрлері кӛп, олар: дәрістерге дайындық, семинар, зертханалық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға дайындық, реферат, курстық жұмыстарды дайындау; дипломдық жобаны орындау.
Педагогикалық әдебиеттерде ӛз бетімен жұмыс түрлерін әртүрлі тұрғыдан қарастырып, тӛмендегідей жіктейді:
Ұйымдастыру түрлеріне қарай: ұжымдық, топтық, жеке-дара жұмыс;
Мақсатқа бағытталу сипатына байланысты: теориялық және тәжірибелік;
Логикалық бағыттылығына байланысты: фактілерді бақылау және ұғымның белгілерін ажырату, құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау; ӛз бетімен игерген оқу материалындағы ұғымдарды анықтау және игергенді жинақтау; кейбір типтес құбылыстарды ажырату; фактілер арасындағы байланысты анықтау;
Іс-әрекеттің сипаты бойынша: репродуктивті (қайталаушы), реконструктивті-вариативті, жартылай ізденісті және зерттеушілік (шығармашылық) ӛз бетімен жұмыс;
Танымдық үрдістегі қолдану орнына байланысты: жаңа білімді қабылдау және игеру үшін арналған; алынған білімнің негізіндегі ӛзіндік жұмыстар; бекітуге арналған ӛз бетімен жұмыс; білімі мен іскерліктерін жүйелеп жалпылауға бағытталған жұмыс; қайталау мен білім, іскерлік, дағдыны тексеруге арналған ӛз бетімен жұмыс;
Оқытушы ұйымдастыратын студенттердің ӛз бетімен жұмысының ӛткізілу уақыты мен орнына, оқытушы тарапынан жасалынатын жетекшіліктің сипатына, нәтижелеріне бақылау жасау тәсілдеріне байланысты шартты түрле келесі түрлеріне бӛлуге болады: негізгі аудиториялық сабақ (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс) үстінде жүргізілетін жұмыстар; жоспар бойынша жүргізілетін кеңестер, шығармашылық байланыстар, сынақтар мен емтихандар түрінде оқытушы жетекшілігімен орындалатын ӛзіндік жұмыстар; оқу және шығармашылық сипаттағы үй тапсырмаларын орындаудағы аудиториядан тыс студенттің ӛзіндік жұмыстары;
Студенттің ӛз бетімен жұмыс істеу (дербестік) деңгейіне қарай: еліктеу, жаттықтыру, шығармашылық, зерттеу жұмыстары;
Білім кӛздері мен оқытушы тарапынан бақылаудың дәрежесіне байланысты: оқулықтармен, оқу әдебиеттермен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс; есептер шығару, жаттығулар, шығарма жазу және сипаттама беру, қадағадау және т.с.с.;
Жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінің құрылымына байланысты: міндетті (оқу сабағының үрдісіндегі және сабаққа дайындалудағы) және қосымша ӛз бетімен жұмыс (студенттің жеке қызығушылығы мен бейіміне қарай міндетті оқу жұмыстарынан тыс);
Аудиториялық студенттердің ӛз бетімен жұмыс түрлері: конспектілеу, алдыңғы үлгі бойынша ӛзі жазу, дәлелдеу (мысалы теореманы дәлелдеу), дәрістің логикалық карта-сүлбесін жасау, оқытушы сауалына жауап беру, пікір-таласқа қатысу, проблемалық сұрақтарға жауап даярлау.
Аудиториялық студенттердің ӛз бетімен жұмысы оқу жоспары мен оқу пәнінің бағдарламасы арқылы анықталып, оқу кестесімен реттеледі, оқытушының тікелей жетекшілігімен дәрісте, семинарда, зертханалық жұмыстарда, коллоквиумдарда және т.б. жүргізіледі.
Аудиториядан тыс орындалуы міндетті ӛзіндік жұмыс түрлері: дәріс материалын қарау, конспектілеу, әдебиеттерді рефераттау, рефератты
оппоненттеу, баяндама әзірлеу, кітаптар мен мақалаларға аңдатпа жазу, глоссарий құрастыру, ізденіс-зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындау, ғылыми-әдістемелік әдебиетті терең талдау, тәжірибе жүргізу, коллоквиумға, практикалық және семинар сабақтарына дайындалу, ғылыми немесе проблемалық хабарламалар мен шолулар, жоба әдісі, телекоммуникациялық жоба, оқыту бағдарламалары (жеке бӛлімді/тақырыпты игерудің кезеңмен орындалатын оқу жоспары), шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды, диплом, курс жұмыстарын орындау.
Ӛз бетімен жұмысты ұйымдастыру мен оны нәтижелі орындату оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасқа, яғни оқытушының студентке дұрыс бағыт беретін, сабақтың ӛне бойына оны ӛнімді іске жұмылдыратын, керекті жағдаятты кәсіби тұрғыдан шешуге талпындыратын басшылығы мен кеңесіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда бүкіл пәнге бӛлінетін уақыттың үштен бір бӛлігі ӛзіндік жұмысқа арналған болса, студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысының да кӛпшілігі олардың ізденушілігін күшейту мақсатына бағытталады. Жалпы кредиттік жүйе бойынша білім беруге кӛшудің мақсаты – студенттердің ӛздігінен білім іздеуіне, білімді молайтуына, оны тереңдетуіне негіз болып отыр.