Лекция 14 Ғылыми жобалар. Ғылыми жобалармен жұмыс 1. ҚР БҒМ жариялаған гранттық жобалар
2. ҚР Ғылым қорларының жобалары
3. Халықаралық ғылым қорлармен жұмыс
4. Жоба
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы
қаржыландыру қағидаларына
5-қосымша
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім
Өтінім мынадай бөлімдерден тұрады:
1) аннотация;
2) түсіндірме жазба;
3) сұралатын қаржыландырудың есеп-қисабы
1. Аннотация Аннотацияда жоба мақсатының, зерттеу бағытталған проблемалардың, зерттеу жүргізудің негізгі тәсілдерінің, күтілетін нәтижелердің қысқаша сипаты қамтылады. Аннотация көлемі А4 форматындағы 2 (екі) парақтан аспауға тиіс.
2. Түсіндірме жазба Түсіндірме жазба мазмұны мынадай бөлімдерді қамтиды (бұл ретте өтінім нысанында сілтеме жасалған кестелер, схемалар, диаграммалар түсіндірме жазбаға қосымшаға шығарылады және тиісті бөлімдердегі сөздер саны мен өтінімнің жалпы бет санын есептегенде есепке алынбайды):
1. Жалпы ақпарат
1.1 Жоба тақырыбының атауы [20 сөзден артық емес].
1.2. Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы.
1.3. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеудің түрі.
1.4. Жобаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы.
1.5. Гранттық қаржыландырудың сұралатын сомасы (жобаның бүкіл іске асырылу мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңге).
1.6. Сарапшыларды іріктеу үшін өтінімнің саласы мен бағытын сипаттайтын түйін сөздер.
2. Жобаның жалпы тұжырымдамасы [550 сөзден артық емес]
2.1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]. Жоба идеясының, шешу көзделетін проблеманың қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.
2.2 Жоба мақсаты [50 сөзден артық емес] 2 Жоба мақсаты қысқа әрі нұсқа баяндалады, ол жоба тақырыбына сәйкес келуге, қолжетімді болуға, жобаны іске асыру нәтижесінде алынуы күтілетін шешімнің сипаттамасын көрсетуге тиіс. Мақсаттың мазмұны жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жауап беру болжанатын негізгі мәселені көрсетуге тиіс.
2.3. Жоба міндеттері [400 сөзден артық емес]
Бұл бөлімде өзара қисынды байланысқан сабақтас міндеттер арқылы жобаның мақсатына қол жеткізу тәсілі сипатталады. Алға қойылған міндеттер тізбесі беріледі:
1) міндеттер шешімдерінің өлшенетін көрсеткіштері;
2) әр міндеттің жоба мақсатына қол жеткізудегі рөлінің және басқа міндеттер мен жобадан күтілетін нәтижелермен өзара байланысының қысқаша негіздемесі;
3) өтінім берушінің ойынша маңызды деп танылған өзге де параметрлер. 3. Жобаның ғылыми жаңалығы және маңызы [1500 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс: 1) жобаны әзірлеудің алғышарттары, (бар болса, алдын ала нәтижелер және (немесе) жоба тақырыбына қатысты өтінім беруші бұрын алған нәтижелер көрсетіледі); 2) зерттелетін тақырыпқа жататын, мұның алдында әлемде және Қазақстан Республикасында жүргізілген ғылыми зерттеулерге, білімнің қазіргі жеткіліксіздігіне міндетті шолу жасай отырып, жобаның ғылыми жаңалығының негіздемесі және олардың осы жобамен өзара байланысы (мәнмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке сілтемелер көрсетілуі тиіс, оның толық жазылуы «Библиография» атты 8-бөлімде ұсынылуы тиіс), жобаның күтілетін нәтижелерін белгілі аналогтармен салыстыру;
3) жоба нәтижелерінің маңыздылығын негіздейтін ғылыми және технологиялық мұқтаждар (бар болса, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделілікті, басқа да растайтын деректерді енгізу), жобаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңыздылығы, оның нәтижелерінің экономиканың, ғылымның және (немесе) қоғамдық қатынастардың тиісті саласын дамыту үшін қолданылуы;
4) жобаның ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-техникалық әлеуеттің деңгейіне, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының бәсекеге қабілеттілігіне әсері, жобаның нәтижесінен күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер, күтілетін әсерге қол жеткізу үшін қажетті шарттар.
Осы бөлімді сипаттау кезінде мынадай позициялардың сипаттамасына назар аудару қажет:
1) жоба идеясының қазіргі аналогтардан қағидаттық сипаттағы айырмашылықтары. Егер зерттеу идеясы немесе нәтижесі әлемде және (немесе) Қазақстанда бар болса, онда жобаның артықшылығы неде және ол неге қаржыландырылуы тиіс екенін негіздеу қажет;
2) егер жобаның соңғы нәтижесі өнім болса, онда жоба шеңберінде ұсынылатын өніммен салыстыра отырып, жобаның пәндік саласындағы техниканың қазіргі уақытта қалыптасқан деңгейін сипаттау қажет;
3) егер жоба өтініш беруші бұрын жүргізген ғылыми зерттеулердің жалғасы болып табылса, онда жобаның бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулермен өзара байланысын және оның олардан айырмашылығын қысқа да нұсқа баяндау қажет.
4. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер [1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) жобаның негізгі ғылыми мәселелері мен гипотезаларын сипаттау, зерттеу стратегиясы мен тәсілдерін негіздеу, жобада қолданылатын зерттеу типтері (сипаттама, корреляциялық және/немесе эксперименттік), зерттеу жүргізудің дәйектілігі;
2) ең маңызды эксперименттердің қысқаша сипаттамасы;
3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу ретінде жобада пайдаланылатын зерттеу әдістерін сипаттау, олардың жобаның мақсатымен және міндеттерімен өзара байланысы;
4) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістері, оның дереккөздері және жобаның міндеттерін шешу үшін қолдану, деректерді өңдеу тәсілдері, сондай-ақ олардың шынайылығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету;
5) зерттеу нәтижелеріне зияткерлік меншік құқықтарын рәсімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету, таңдауды негіздеу қажет).
5. Зерттеу тобы және жобаны басқару [1500 сөзден артық емес]
Бөлімде жоспарланатын штаттың (негізгі персоналдың) кемінде 70 % (жетпіс пайыз) деректері көрсетіліп, зерттеу тобының сипаттамасы қамтылады. Негізгі персоналды сипаттау кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы. Зерттеу тобының құрамына жоба іске асырылатын бүкіл кезең бойы жыл сайын кемінде 6 (алты) ай ішінде жобаны іске асыруға толық мөлшерлемемен тартылған қызметкерлер ғана енгізіледі. Жобаға жартылай жүктемемен қатысатын зерттеу тобының мүшелері үшін олардың жоба бойынша жұмысқа жұмсайтын сағаттарының саны көрсетіледі;
2) жобаның бағытына сәйкес келетін бағыттағы қысқаша түйіндемесін, негізгі ғылыми жарияланымдары мен жетістіктерін және жобаның мақсатына, міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлін көрсете отырып, шетелдік ғалымдардың жобаға қатысуы;
3) жобаны іске асырудағы рөлі, сондай-ақ орындалатын жұмыстың сипаты көрсетілген жас ғалымдардың (постдокторанттар, докторанттар, магистранттар) жобаға қатысуы. Сонымен қатар жобаға өндірістен инженерлер қатыса алады;
4) шетелдік ғалымдарды қоса алғанда, зерттеу тобының құрамына әрбір мүшенің қатысуын негіздеу. Білімі, дәрежесі/ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жоба бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі, Хирш индексі және тиісті ғылыми өлшемді базадағы (бар болса) бейінге сілтемелер, жобаға қатысуды негіздейтін негізгі жетістіктері көрсетілген әрбір мүшенің қысқаша түйіндемесі. Әрбір мүшенің жобадағы жұмысының бағыты мен сипаты, олардың жобаның мақсаты мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлі;
5) зерттеу тобы мүшелерінің дайындама сипаттамасы. Негізгі жарияланымдар туралы (бар болса – тиісті деректер базасындағы жарияланымға және/немесе Digital Object Identifier DOI сілтемені көрсету) және қолда бар патенттер, авторлық куәліктер және жобаның тақырыбына қатысты ғылыми жетекшінің және зерттеу тобы мүшелерінің басқа да қорғау құжаттары туралы мәліметтер. Мәлімделген зерттеу, олардың бұрын жүргізген зерттеулерімен қалай байланысты екенін көрсету. Жобаның ғылыми жетекшісі үшін оның конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын барлық жарияланымдары, оның ішінде дәйексөз алу индексі, басылымның квартилі (процентилі) және тиісті ғылыми метрикалық базалардағы (DOI) жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтеме жасалған болуы тиіс. Зерттеу тобының негізгі персоналының жоба бағыты бойынша жарияланымдары туралы (зерттеу тобы мүшелерінің кемінде 10 жарияланымы), дәйексөз алу индексі және тиісті ғылыми-метрикалық базалардағы жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтемелері бар мәліметтер келтірілуі тиіс. Зерттеу тобы мүшелері тегінің асты сызылып көрсетілуі тиіс. Қосымша персонал үшін (грант алған жағдайда тартылатын зерттеу тобы мүшелерінің 30%-ына дейін) олардың жобадағы орны мен рөлі, орындалатын жұмыстың сипаты және оларды іріктеу үшін қолданылатын тәсілдер көрсетіледі.
6. Зерттеу ортасы [750 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:
1) жобаны іске асыру үшін тікелей пайдаланылатын өтініш берушінің қолында бар материалдық-техникалық базасын (жабдық, аспаптар, құралсайман, көлік, ғимараттар, құрылыстар және т. б.) оны пайдалану бағытын және ғылыми-зерттеу жабдығымен жұмыс істеуге дағдыланған зерттеу тобының мүшелерін көрсете отырып сипаттау;
2) жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын негізгі отандық және халықаралық байланыстар (коллабораторлар мен жекеше әріптестер), олардың пайдаланылу сипаты мен негіздемесі көрсетіледі. Негіздеу арқылы басқа да отандық және шетелдік ұйымдардың (зертханалардың) инфрақұрылымын пайдалану;
3) әрбір ұйымды тарту қажеттілігін негіздеп, оның жобадағы рөлін, орындалатын жұмыстың сипатын, мақсатқа және күтілетін нәтижелерге қол 5 жеткізуге қосқан үлесін сипаттай отырып, жобаны іске асыруға сыртқы ұйымдарды тарту;
4) ұтқырлықты негіздеу: ғылыми іссапарлар және олардың жобаны іске асыруға әсері, әріптес ұйымдар базасындағы жұмыс кезеңдері және олардың жобаны іске асыруға әсері. Әрбір шетелдік іссапар үшін іссапардың мақсаты, күтілетін нәтижесі және оның жобаның мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі қысқаша көрсетіледі.
7. Сұралатын қаржыландырудың негіздемесі (1500 сөзден артық емес).
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады: 1. 2-кестеге сәйкес жоба (бюджет) бойынша жиынтық есеп. Жобаның бюджетін жобаның ғылыми жетекшісі жұмыс жоспарына сәйкес бөледі және оны осы жобаға байланысты емес шығыстардың өзге баптарына жұмсауға болмайды.
«Еңбекке ақы төлеу» бабында 3-кестеге сәйкес постдокторанттарды, докторанттарды, магистранттарды қоса алғанда, жобаның зерттеу тобының мүшелеріне еңбегі үшін сыйақы ретінде төлеуге жататын шығыстар, сонымен қатар қаржылық-экономикалық және заңдылық сүйемелдеу жүргізетін жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарнасын ескере отырып көрсетіледі (штаттық кесте жобасын немесе зерттеу тобының құрамын қоса беру). Есептегенде өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерден басқа, демалыс төлемдері де ескеріледі.
«Қызметтік іссапарлар» бабында 4 және 5-кестелерге сәйкес басқа ұйымдардың инфрақұрылымын пайдалану үшін конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысуды қоса алғанда, ғылыми зерттеулерді жүргізумен тікелей байланысты Қазақстан Республикасындағы және одан тыс елдерге іссапарлардың барлық шығыстары көрсетіледі (билеттер бойынша (авто, теміржол, әуе билеттері) қызмет көрсететін компаниялардың вебсайттарынан баға ұсыныстарын, іссапарлар жоспарын қоса тіркеу қажет).
«Басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар» бабы мердігердің шаруашылық жүргізуші субъектілерден сатып алған қызметтерінің, жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажет шығыстарды, оның ішінде (1) ұжымдық ғылыми зертханалар мен басқа зертханалардың көрсетілетін қызметтерін, (2) бірлесіп жұмыс жасайтын ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін, 3) 6-кестеге сәйкес конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға және басқаларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналар (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайспарақтарды қоса) қамтиды. Егер жобаны іске асыруға тартылған шетелдік ғалымдар зерттеу тобының мүшелері болса, онда олардың қатысу шығыстары «Еңбекке ақы төлеу» бөлімінде көрсетіледі.
«Материалдар сатып алу» бабында 7-кестеге сәйкес химиялық реактивтер, еріткіштер, стандартты үлгілер, тұтынылатын зертханалық материалдар, ғылыми-зерттеу жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары және басқалары сияқты жобаның мақсатына 6 жету үшін қажетті барлық шығындар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайспарақтарды қоса тіркеу қажет).
«Жабдықты және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу» бабында 8-кестеге сәйкес жобаның мақсатына жету үшін қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алу шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).
«Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу» бабында (1) жобаның нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелерді патенттеу, (2) зерттеу нәтижелерін жариялау, (3) 9-кестеге сәйкес талдамалық материалдарды сатып алу шығыстары қамтылуы мүмкін (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).
«Жалға алу шығыстары» бабында 10 және 11-кестелерге сәйкес өтініш берушіде тиісті үй-жай болмаған кезде жобаның мақсатына жету үшін қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алу шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).
«Жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары» бабында 12-кестеге сәйкес зерттеу жүргізуге тікелей қатысатын үй-жайларға, жабдықтар мен техникаларға қызмет көрсету шығыстары, сондай-ақ жобаны іске асыруға байланысты коммуналдық қызметтер шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» бабында 13-кестеге сәйкес әлеуметтік салықты, әлеуметтік сақтандыруды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалған шығыстар көрсетіледі.
2. 3-13-кестелерге сәйкес шығыстардың әрбір бабына есеп-қисаптар.
3. Жобаның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу қажеттілігін міндетті түрде негіздеп, сондай-ақ тиісті шығыстар баптарын есептеуге негіз болған бағалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, әрбір шығыстар бабының мазмұны мен көлемінің есебін қысқаша түсіндіру. Шығыстардың барлық баптарының жалпы сомасы қаржыландыруға сұралған соманы білдіреді және «Жалпы ақпарат» бөлімінің 1.5-тармағында көрсетілген сомаға барабар болуы тиіс. Өтінімнің құрамында ұсынылған жобаның бюджетіне Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде өзгерістер енгізілуі мүмкін.
8. Жобаны іске асыру жоспары [750 сөзден артық емес]
Бөлім Гант диаграммасы нысанында немесе 14-кестеге сәйкес жоба бойынша жұмыстардың егжей-тегжейлі, дәйекті жоспарын қамтиды. Жобаны іске асыру жоспары тиісті міндеттерді шешу үшін әрбір ісшараның маңыздылығын, жоба бюджетіне сәйкес іс-шара құнын негіздей отырып, өтінім берушінің қалауы бойынша сарапшылардың жобаны дұрыс бағалауы үшін қажетті басқа да ақпараттар көрсетілген қысқаша түсіндірмелермен сүйемелденуі тиіс.
9. Күтілетін нәтижелер [750 сөзден артық емес]
Бөлімде зерттеулердің негізгі нәтижесі, яғни жобаның мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін нәтиже, оның сандық және сапалық сипаттамалары мен іске асыру түрлері көрсетіледі. Жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нәтиже негіздемесі келтіріледі. Конкурстық құжаттаманың талаптарына байланысты жоба нәтижесін іске асыру түрлері мыналар болып табылуы мүмкін:
1) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалаларды жариялау (жоба нәтижелерін жариялауға арналған болжамды басылымдар, басылымның дәйексөз алу индексі, тиісті ғылыми-метрикалық базадағы басылым туралы ақпаратқа сілтеме жасай отырып). Зерттеу нәтижелері бойынша мақалалар санына қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада белгіленеді. Әрбір бап оның шеңберінде қаржыландырылған жобаның сәйкестендіруші тіркеу нөмірі және атауы туралы ақпаратты қамтуы тиіс, онда гранттық қаржыландыру көзі көрсетіледі;
2) шетелдік және (немесе) қазақстандық баспалар кітаптарында монографияларды, кітаптарды және (немесе) кітаптардағы тарауларды жариялау;
3) шетелдік (еуропалық, америкалық, жапондық) патенттік бюролардан, қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу;
4) ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;
5) әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату;
6) конкурстық құжаттаманың талаптарына және жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер. Бөлімде:
1) күтілетін нәтижелердің әрқайсысының қолданылу саласы және мақсатты тұтынушылары;
2) күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың негізгі ғылыми бағыты мен аралас салаларын дамытуға әсері;
3) алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылуы және (немесе) мүмкіндігі;
4) негіздемесі бар жоба нәтижелерінің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) өзге де әсері;
5) жобаның сапалық және сандық сипаттамаларымен бірге басқа да тікелей және жанама нәтижелері қосымша көрсетіледі.
10. Библиография Бөлімде «Жобаның ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы» деген 3-тармақта сілтемелер келтірілген жарияланымдар көрсетіледі.
Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, бет нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты болуы тиіс. Қосымша:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі не уәкілетті органның бұйрығынан үзінді көшірме;
2) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (егер өтініш беруші жеке тұлға болған жағдайда);
3) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы;
4) 14-кестеге сәйкес жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
5) 15-кестеге сәйкес әріптес тарапынан жобаны іске асыруға үлес қосу жоспары (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін).
3. Сұратылатын қаржыландырудың есеп-қисабы «Сұратылатын қаржыландыру есеп-қисабының» бір бөлігі гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру үшін сұратылатын көлемінің есеп-қисабын негіздейтін 2-13-кестелер түрінде ресімделеді. Есеп-қисаптарға түсіндірмелер «Түсіндірме жазба» деген бөліктің «Сұратылатын қаржыландырудың негіздемесі» деген 7-бөлімінде келтіріледі.