Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет47/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

 
Дәріс № 
Тақырыбы: Ұлттық тәрбие құралдары 
Жоспар: 1. Ұлттық тәрбие құралдары және оның мақсаты. 
2. Ұлттық тәрбие құралдарының топтастырылуы. 
Дәріс тезистері:  


Ұлттық тәрбие беруді зерттеуде заңдар, заңдылықтар, құралдар мен әдіс-
тәсілдер оларды талдау маңызды болып табылады. Қазақстандық ғалымдардың  
зерттеулеріне  ұлттық  тәрбие  құралдары  және  оның  мақсаты,  топтастырылуы 
талданған.  Олардың  ішінде  бұл  мәселені  этнопедагогикалық  мазмұнда  жүйелі 
түрде  талдап,  оның  құрылымдық-логикалық  моделінің  барлық  элементтеріне 
сипаттама  бергендердің  бірі  Қ.Ж.Қожахметова.  Зерттеуші  этнопедагогикалық 
ұғымдар  жүйесін  талдауды  педагогика  ғылымымен  салыстырмалы  түрде 
қарастырып ажырата талдаған. 
Көптеген  этнографиялық  және  этнопедагогикалық  зерттеулерде  әр 
халықтың балаларға деген сүйіспеншілігінен мен қамқорлығы атап көрсетіледі. 
Қоғамдық  пікір  үлкендердің  өз  бала-шағасына  деген  көзсіз  сүйіспеншілігінен 
туындайды. 
Тәрбие  үрдісінде  мазмұны  жағынан  берілетін  ақпарат  әр  түрлі, 
адамгершілік мағынасы жағынан өте бай. Тәрбие құралдары, оқыту амалдарына 
қарағанда көп вариантты, сондықтан оқыту құралы тәрбиелеу мағынасына теңбе-
тең  келе  бермейді.  Оларға  шұғыл  түрде  және  қай  уақытта  ақпараттарды 
тарататын  каналдар  ретіндегі  құралдар  сипаты  келеді.  Ұлттық  тәрбиедегі 
құралдар – баланың санасы мен мінезіне әсер ететін құралдар, оның мақсаты - 
қажетті,  пайдалы  мәліметтерді,  практикалық  іскерлігі  мен  дағдысын 
қалыптастыру, адамгершілік мінез-құлық әдеттері мен себептерін дамыту. 
Этнопедагогиканы  зерттеушілердің  ішінде  ұлттық  тәрбие  құралдары 
туралы  бірдей  пікірлер  жоқ.  Кейбір  жариялауларда  оларға  ертегілерді,  мақал-
мәтелдерді т.б. жатқызады. Біздің анықтауымыз бойынша жоғарыда жетілгендер 
бір  ғана  құралды  фольклорды  білдіреді.  К.Пирлиев  мынадай  бөліп  көрсетеді: 
Ойындар,  еңбек,  фольклор,  әдет-ғұрыптар,  салттар.  А.П.Орлова  құралдардың 
толық  топтастырылуын  ұсынады,  онда  халық  шығармашылығының  барлық 
түрлері,  еңбек  әрекеттерінің  әр  түрі,  ана,  ауызша  халық  шығармашылығы, 
ойындар, мерекелер, салт-дәстүрлер. 
Аталған  жұмыстар  қорытыныдысы  ұлттық  тәрбиенің  құралдарын 
зерттеулер оларды үш топқа бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. 
1) материалдық мәдениет, табиғат, әрекет; 
2) рухани мәдениеттің құралдары – сөз, ана тілі, фольклор, дін,ойын, өнер; 
3) әлеуметтік мәдениеттің құралдары, дәстүрлер, қоғамдық пікір. 
Біздің  мәліметтеріміз  бойынша  ұлттық  тәрбие  әдістерінің  мазмұнды 
тәсілдеріне  ишара,  ұялу,  иба,  әдеп  т.б.  тәрбиенің  мақал-мәтеледер,  ертегілер, 
өмірден  алынған  мысалдар  сияқты  көздері  жатады.  Ең  маңызды  құралдарға 
жататындар:  еңбек,  тұрмыс,  өмір  тіршілігі,  отбасының  әдет-ғұрпы,  ұлттық 
мерекелер,  дәстүрлер,  салттар,  ғұрыптар,  жоралар,  әр  түрлі  ойындар  мен 
ойыншықтыр, халық өнерінің шығармашылығы: үйлерді, ыдыстарды, киімдерді, 
тұрғын үй интерьерлерін бейнелеу өнері, сонымен қатар көптеген фольклорлық 
тәрбие құралдары, ертегілер, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар т.б. 


Қазақ  фольклоры  тілінің  бейнелілігімен,  көптеген  мақал-
мәтелдерінің  мәнділігімен,  мазмұндық  өткірлігімен  аса  құнды  қазына. 
«Өнер  алды  -  қызыл  тіл»  деп,  «Тоқсан  ауыз  сөздің,  тобықтай  түйінін» 
шешкен ата-бабаларымыз, халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің алуан 
түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама болатын, ұрпақтарға тәлім 
болатын асыл мұра қалдырған. 
Сол  бай  құндылықтардың  ішінде,  патриотизмді  дәріптейтін  мұра  - 
батырлық дастандар. «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Едіге», 
«Сырым  батыр»  т.б.,  «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  кезіндегі 
елін,  жерін  сырт  даулардан  қорғаган  Қабанбай,  Бөгенбай,  Наурызбай 
сияқты  мыңдаған  қазақ  батырларына  арналған  көптеген  дастандар,  өз 
халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға 
деген  халықтың  сүйіспеншілігі,  азаматтарының  рухани  жан  дүниесінің 
беріктігі,  ерлігі  мен  патриоттық  қасиетін  баяндайтын,  сол  сияқты  «Қыз 
Жібек»,  «Айман-Шолпан»,  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  және  т.б.  лиро-
эпостық жырлар мазмұны, рухани тазалықты, адамгершілік пен махаббатті 
паш ететін, халқымыздың этномәдениетінің асыл қазыналары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет