7. Зерттеу бойынша біртұтас педагогикалық үдерісте жүргiзiлген
жұмыстарды зерделей келе, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар
негiзiнде студенттердің бойында ұлттық тәрбиелілікті қалыптастыруда
төмендегiдей шараларды іске асырудың қажеттiлiгi туындады:
1. Алыс және жақын мемлекеттердегі іс-тәжірибелерге сүйене
отырып жаһандану жағдайында ұлттық тәрбие беруге арналған
тұжырымдаманың қажеттілігі.
2. Жаһандану жағдайында ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ұлттық
идея мен мемлекеттік идеологияның негізгі өзегін ұлттық тәрбие
тұрғысынан қарастыра отырып, қоғамдағы экономикалық-әлеуметтік және
мәдени саладағы жаһандану үрдісі, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ұмтылысы қоғамдық қарым-
қатынаста ұлттық тәрбиені қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды
ұйымдастыру негізгі мәселе болуы тиіс.
Қорыта келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру тұлға
бойында ұлттық сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар
егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын
жаһандану дәуірінде ұлтжанды азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің
бар екендiгі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: