13. Қара құрдым Қара құрдым (ағылш.black hole) — жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын еш жібермей, өзіне тартып ала алатын, массасы өте ауыр жұлдыз дене (үңгір емес).
Массасы белгілі шамадан жоғары тұрақты жұлдыз өзінің термоядролық реакциясына қажетті отыны таусылған соң тартылыс күшінің әсерінде ішіне қарай шұғыл жемірілуден деформацияланып қара құрдым пайда болады. Қара құрдымның массасы өте жоғары, тартылыс күшінің өрісі тым жойқын болғандықтан, ешқандай материя, магнитті толқын, жарық жылдамдығында қозғалады делінетін жарық радиациясы одан қашып құтыла алмайды (оның бетіне түскен жарық ешқашан кері шағылыспайды), сыртқа еш жарық шығармайды. Құрдымның "қара" деп аталу себебі: ол оқиға көкжиегіне (Event Horizon) түскен бүкіл жарықты сорып алады, жарық шағылыспағандықтан, оны термодинамикадағы абсолютті қара дене ретінде қарастыруға болады.
Қара құрдымның айналысында математикалық жолмен дәлелденген оқиға көкжиегі (Event Horizon) деген қабат бар, ол оқиғалардың енді ары қарай айқындалмайтын, оның ар жағын бақылау, өлшеу мүмкін емес шек-шекарасы өңірі есептеледі. Квант өрісі теориясы оқиға көкжиегі радиация бөлетінін дәлелдейді, сонымен қатар айрықша температуға да ие болатыны айқындалған. Осы температура Қара құрдымның массасына кері пропорционал болғандықтан, олардан бөлінетін радиацияның мөлшерін анықтау қиынға соғады.
Жұлдыздық дене Ғаламатжұлдыз ретінде жарылыс жасағанда нейтрондар арасындағы өзара тебу күші сыртқы қысу күшінен асып кетеді де, ол жоғары тығыздыққа ие нейтрон жұлдызына айналады. Сол кезде осынау жойқын қысым күшіне ештеңе төтеп бере алмайды да, жұлдыз үздіксіз кішірейіп, ең соңында Қара құрдымға айналады. Қазірге дейін ең кішкене қара құрдым 3.8 күн массасына тең
Оппенгеймер шегі" бойынша, массасы күн массасының үш есесінен асып кеткен, бірақ ешқандай термоядролық реакциясы жоқ "суыған тұрақты жұлдыз" өз тартылыс күшінің әсерінде ішке қарай жеміріле кеусеп, атышулы Қара құрдымды өмірге әкеледі.
Шварцшильда көрсеткіші бойынша, егер бір ауыр салмақты аспан денесінің радиусы мәлім бір арнаулы шамадан төмен болса, онда ол аспан денесі өз-өзіне жеміріле күйрей бастайды. Осы радиус — Шварцшильда радиусы делінеді. Осы радиустан төмен аспан денелері кеңістікті барынша иіп деформациялайды да атқылаған барлық жарық сәулелері мейлі қайсы бағытқа болса да осы жұлдыздық дененің өзегіне қарай сорылып, жұтылып отырады
Ш варцшильда радиусы төмендегі формулада көрсетілген:
��=2���2Мұнда, � G бүкіл әлемдік тартылыс күш тұрақтысы, � M аспан денесінің массасы, � c жарық жылдамдығы. Егер, мысалы жер шарымен шамалас ауырлықтағы аспан денесі бар десек, оның Шварцшильда радиусы тек 9 миллиметр ғана болады.
Р адиациялық спектріне негізделгенде, Қара құрдым мен темпратурасы бар зат негізінен бірдей. Қара құрдымның өзіндік температурасы Қара құрдым көкжиегіндегі тартылыс күш шамасына кері пропорционалды болады. Былайша айтқанда оның температурасы оның үлкен-кішілігіне байланысты болады.
Егер Қара құрдым күннің 9 есесіндей болса, оның температурасы таза (абсолютты) нөл градустан 100 миллионнан 1 градусқа дейін болады. Ал, егер Қара құрдымның массасы бұдан зорайса, оның температурасы жалғасты төмендейді. Сондықтан, бұл түрдегі Қара құрдым туғызған кванттық радиация Жойқын жарылыс қалдырған 2.7K радиациясын (әлемнің артқы радиациясы) бүкілдей жауып кетеді