Жойып, пайда келтіреді



бет22/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
Дип.-Зоология-сабағында-жергілікті-жердегі-кейбір-төменгі-сатыдағы-жануарларды-оқушыларға-танысты

Бақша ақ көбелегі.
Алдыңғы қанаттарының жоғарғы ұшы сұр емес, қара. Алдыңғы ақ қанаттарының жоғарғы ұшы қара бұрышталып тұрады, немесе екі үлкен қара дағы болады, артқы қанаттарының алдыңғы ұшында қара дақтары болады, артқы қанаттарының астыңғы жағында өрнегі болдмайды, 50-55 мм.


Капуста ақ көбелегі.
Алдыңғы қанаттарының жоғарғы ұшы сұр. Капуста көбелегінікіндей қанаттарының астыңғы бетіндегі жүйкелеріне тозаңданған өрнегі болмайды, алдынғы қанаттарының жоғарғы ұшындағы дақтары кішірек, 40-50 мм.


Шалқан көбелегі.
Қанатының астыңғы жағындағы жүйкесінде қара немесе қоңыр тозаңнан жолақты өрнегі болады,35-43 мм.


Тарна көбелегі.
Ескерту: Шалқан көбелегі мен тарна көбелектерінің еркектерінде алдыңғы қанаттарында шағын ғана бір-бірден дақ болады да ұрғашыларында екі дақтан болады.
Насекомдар ауру-таратушылар./ шыбындар, масаслар, бүргелер, биттер/.
Сабақтың мақсаты: Шыбын мен масаға мысал ретінде қос қанаттылар отрядының өздеріне тән ерекшеліктерімен оқушылардытаныстыру. Олардың дене құрылысы мен тіршілігін білудің ауру таратқыш насекомдармен күресу үшін қажет екендігін көрсету. Ауру таратқыш басқа насекомдармен: бүрге және битпен таныстыру.
Методтары: Баяндау, әңгіме, оқулықпен өздігінен жұмыс істеу.
Құрал-жабдықтар: Суретпен бейнеленген құралдар. ыбын мен масаны және олардың дамуларын бейнелейтін таблицалар.
Сабақтың барысы: Мұғалім сыныпқа мынадай сұрақтар береді: жарғақ қанаттылар отрядының өкілдерін атаңдар. Олар неліктен насекомдар класына жатады? Құмырсқалардың әрекетін неліктен саналы деп есептеуге болмайды? Құмырсқаларды не себептен қорғау керек? Зиянкестермен күрестің қай тәсілін биологиялық күрес дейді?
Жаңа материалдарды оқыту: Мұғалім тақтаға безгек масасы мен кәдімгі маса бейнеленген таблицаны іледі де оқушыларға безгек масасының келтіретін зиянын естеріне түсіреді. Мұғалім оқушыларға: үй шыбыны қандай аурулардың қондырғыштарын таратады?-деген сұраққа жауап беруді ұсынады. Оқушылардың қайтарған жауаптарынан кейін мұғалім: өзі шыбын денесінен шығарағн қортылған заттардың қалдықтарын микросксппен қарағанда ішінен ауру тарататын бактериялардың / дизентерия, іш сүзегі, оба және басқа да аурулардың/ спорлары табылғанын; сонымен қатар шыбын паразит құрттың/аскариданың/ жұмыртқасын тарататынын айтып толықтырады. Осыдан соң мұғалім үй шыбынының көбеюі мен дамуын таблица арқылы баяндап, дамудың әрбір кезеңін сипаттап шығады. Өте өсімталдығына көңіл аударылады, бір жазда жеті рет ұрпақ береді. Бұдан кейін мұғалім оқушыларға: шыбындарды жою үшін қандай шаралар қолдану керек және шыбын шықпау үшін алдын-ала қандай шаралар қолдану керек? деген сұраққа ойлануды ұсынады. Мұғалім шыбынның көп екенін баяндай келіп, мысалдарын атайды: капуста шыбыны-өсімдіктің қауіпті зиянкес!, Африкада болатын цеце шыбыны ұйқы ауруын таратады. Осыдан соң мұғалім масалар мен шыбындарды салыстырып, жалпы ұқсас белгілерін табуды тапсырады. Оқушылардың жауаптарынан кейін , мұғалім бұл насекомдардың жалпы ұқсас белгілері жақсы жетілген қос қанаттарының болуы екенін айтады. Ұшып жүргенде бұл насекомдарға тән ызылдаған дыбысты осы қанаттары шығарады және оны бағдарлау үшін маңызы бар. Масалар мен шыбындар қос қанаттылар отрядынат жатады. Осы отрядқа бүгелектермен отыра, сона да жатады. Бүргелер мен биттер оқылып өткен отрядтардың біреуіне де жатпайтынын айтады.
Сабақтың қорытынды бөлімі: Насекомдар класын оқып үйрену осы сабақпен аяқталуымен байланысты, мұғалім насекомдар көбеюінің біркелкі өтпеу себептерін баяндап береді.
Мұғалімнің баяндауы: Насекомдар біркелкі көбеймейді. Кейбір жылдар насекомдар жаппай көбейіп кетеді де насекомдар төні реткі толтырып орман даланы жалмап, шаруашылыққа өте зиянын тигізеді. Насекомдардың жаппай көбеюіне олардың жаулары-шаншарлар, құстар, жануарлар, сондай-ақ адамның оларға қарсы күрес шаралары шек қойып отырады.
Үйге тапсырма беру: Қос қанаттылар отрядын таблицаға жазып, оларға сипаттама беру. Жетім көбелек дегеніміз не және оны адам қалай пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет