Осы тізбе автомобильдердің, автобустардың, автопойыздардың, тіркемелердің, мотоциклдердің, мопедтердің, тракторлардың, өздігінен жүретін машиналардың ақауларын және оларды пайдалануға тыйым салынатын жағдайларды бекітеді. Келтірілген параметрлерді тексеру әдістері тиісті техникалық регламенттерде, стандарттарда, қағидаларда және оларды техникалық пайдалану жөніндегі нұсқауда реттелген.
1. Тежеу жүйелері
1. Жол сынаулары кезінде жұмыс тежеу жүйесімен тежеу тиімділігінің кестеде келтірілген нормалары сақталмайды:
Кесте
Көлік құралдары
Көлік құралының (автопоезд құрамындағы тартқыштың) санаты
Тіркемесі бар жүк автомобильдері (жартылай тіркемесі бар)
N1, N2, N3
19,5
5,0
Ескертпелер.
1. Сынау тегіс, құрғақ, таза цементті немесе асфальтты-бетонды жабын жолының көлденең учаскесінде, тежеу басталғанда автомобильдер, автобустар және автопойыздар үшін - сағатына 40 километр және мотоциклдер мен мопедтер үшін - сағатына 30 километр жылдамдық кезінде өткізіледі. Көлік құралдарын жұмыс тежеу жүйесін басқару органына бір рет әсер ету жолымен сынайды. Сынаулар кезінде көлік құралының массасы рұқсат етілген ең жоғары массадан аспауы тиіс. 2. Көлік құралдарының жұмыс тежеу жүйесінің тиімділігі СТ МемСТ Р 51709 сәйкес басқа көрсеткіштер бойынша да бағалануы мүмкін. 3. «*» Осы жерде және бұдан әрі көлік құралдарының санаттары ҚР СТ МемСТ Р 51709 А-қосымшада көрсетіледі. 2. Гидравликалық тежеу жетегінің герметикалығы бұзылған. 3. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетектері герметикалығының бұзылуы оларды толық іске қосқаннан кейін 15 минут ішінде қозғалтқыш тоқтап тұрғанда ауа қысымының 0,05 МПа (0,5 кгс/см2) астам төмендеуіне соқтырады. 4. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетегінің манометрі жұмыс істемейді. 5. Тоқтап тұрғандағы тежеу жүйесі: 1) 16 % дейін қоса алғанда еңісте — толық тиелген көлік құралдарының; 2) 23 % дейін қоса алғанда еңісте - жабдықталған күйіндегі жеңіл автомобильдер мен автопойыздардың; 3) 31 % дейін қоса алғанда еңісте - жабдықталған күйіндегі жүк автомобильдері мен автопойыздардың қозғалыссыз жай-күйін қамтамасыз етпейді.
2. Рульдік басқару
1. Рульдік басқарудағы жиынтық люфт мына мәндерден асады: Көлік құралының түрі жиынтық люфт (градус) Жеңіл автомобильдер мен олардың негізінде жасалған жүк автомобильдері мен автобустар... 10 автобустар... 20 жүк автомобильдері... 25 артық емес 2. Детальдар мен тораптардың конструкцияда көзделмеген орын ауыстыруы; резьбалық қосылыстар тартылмаған немесе белгіленген тәсілмен бекітілмеген. 3. Конструкцияда көзделген рульдік басқарудың күшейткіші немесе рульдік демпфері (мотоциклдер үшін) жоқ немесе ақауы бар.
3. Сыртқы жарық беру аспаптары
1. Сыртқы жарық беру аспаптарының саны, түрі, түсі, орналасуы мен жұмыс режимі көлік құралдары конструкциясының талаптарына сәйкес келмейді. Ескертпе. Өндірістен алынып тасталған көлік құралдарына басқа маркілі және модельдегі көлік құралдарының сыртқы жарық беру аспаптарын орнатуға жол беріледі. 2. Фараның реттеушісі талаптарға сәйкес емес. 3. Сыртқы жарық беру аспаптары мен жарық шағылыстырғыштар белгіленген режимде жұмыс істемейді немесе ластанған. 4. Жарық беру аспаптарында таратқыштары жоқ не осы жарық беру аспаптары үлгісіне сай келмейтін таратқыш пен шам пайдаланылады. 5. Жарқылдақ маяктардың орнатылуы стандарт талаптарына сәйкес келмейді. 6. Көлік құралының алдына - қызыл түсті оттары бар жарық беру аспаптары немесе қызыл түсті жарық шағылыстырғыштар, ал артына — артқа жүру және тіркеу белгісін жарықтандыру фонарьларынан, жарық шағылыстырғыш тіркеу, айырым және таным белгілерінің басқа, ақ түсті оттары бар жарық беру аспаптары орнатылған.
4. Алдыңғы әйнектің әйнек тазалағыштары мен әйнек жуғыштары
1. Әйнек тазалағыштар белгіленген режимде жұмыс істемейді. 2. Көлік құралының конструкциясында көзделген әйнек жуғыштар жұмыс істемейді.
5. Дөңгелектер мен шиналар
1. Жеңіл автомобильдердің шиналары 1,6 мм, жүк автомобильдерінің шиналары - 1 мм, автобустардың шиналары - 2 мм, мотоциклдер мен мопедтердің шиналары — 0,8 мм кем протектор суретінің қалдық биіктігіне ие. Ескертпе. Тіркемелер үшін шина протекторы суретінің қалдық биіктігінің нормасы сүйретпе-көлік құралдары шинасы үшін нормалармен бірдей. 2. Шиналардың әр жерінде кордты жалаңаштап тұратындай ақауы бар (соғылған, тілінген, кесілген, жыртылған), сондай-ақ каркастың жіктелуі, протектор мен бүйірінің ажырауы. 3. Бекіту болты (гайкасы) жоқ немесе дөңгелектің дискісі мен құрсауы жарылған. 4. Шиналар өлшемі немесе рұқсат етілетін жүктеме бойынша көлік құралының моделіне сәйкес келмейді. 5. Көлік құралдарының бір осіне әр түрлі мөлшердегі, конструкциядағы (радиальды, диагональды, камералы, камерасыз), үлгідегі, протекторының түрлі суреті бар, тиектелген және тиектелмеген, аязға төзімді және аязға төзімсіз, жаңа және қалпына келтірген шиналар орнатылған. 6. Қалааралық автобустың (II** сынып) және алыс сапарға шығатын автобустың (III сынып) алдыңғы осіне қалпына келтірілген протекторы бар шиналар, ал басқа остеріне екінші сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтірілген шиналар орнатылған. Ескертпе: «**» Осы жерде және бұдан әрі автобустардың сыныптары ҚР СТ МемСТ Р 51709 А-қосымшада көрсетілген. 7. Жеңіл автомобильдің және қалалық автобустың (I сынып) алдыңғы осіне жөндеудің екінші сыныбы бойынша қалпына келтірілген шиналар орнатылған.
6. Қозғалтқыш
1. Шығарылған газдардағы зиянды заттар және олардың түтінділігі техникалық регламенттер мен стандарттарда белгіленген нормалардан асады. 2. Қоректену жүйесінің герметикалығы бұзылған. 3. Пайдаланылған газды шығару жүйесінің ақаулы болуы. 4. Картерді желдету жүйесінің герметикалығы бұзылған.
7. Конструкцияның басқа да элементтері
1. Көлік құралының конструкциясында көзделген артқы көрініс айнасы жоқ немесе олардың жиынтығы ҚР СТ МемСТ Р 51709 белгіленген талаптарға сәйкес келмейді. 2. Көлік құралының конструкциясында көзделген әйнегі және күнге қарсы күнқағарлары жоқ. 3. Дыбыс сигналы жұмыс істемейді немесе негізгі жиілікпен өзгеріп отыратын дыбыс сигналы орнатылған. 4. Жүргізуші орнынан көруді шектейтін, жол жүрісіне қатысушылардың жарақат алу қаупіне әкеп соғатын қосымша заттар орнатылған. Механикалық көлік құралы кабинасының (салонының) алдыңғы және (немесе) алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабын жағылған не түрлі-түсті мөлдір пленкалар жапсырылған. Ескертпе. Алдыңғы әйнектің жоғары бөлігіне — ені 140 мм-ден аспайтын, ал М3, N2, N3 санаттарындағы автокөлік құралдарына ені алдыңғы әйнектің жоғары шегі мен оның әйнек тазалағышпен тазалау аймағының жоғары шекарасы арасындағы ең аз аралықтан аспайтын түрлі-түсті мөлдір пленка жолағын пайдалануға рұқсат етіледі. Автобустардың терезелеріне пердешелер, сондай-ақ жеңіл автомобильдердің артқы әйнектеріне жалюздер және пердешелер қолдануға рұқсат етіледі. 5. Автокөлік құралының алдыңғы әйнегінің жүргізуші жағындағы әйнек тазалағышпен тазалайтын бөлігінде сызаттың болуы. 6. Конструкцияда көзделген шанақ немесе кабина есіктерінің құлыптары, жүк платформасы борттарының тиектері, цистерналар аузының тиектері мен отын бактарының тығындары, жүргізуші және жолаушылар орындықтарын реттейтін және бекітетін құрылғы, есіктердің авариялық ажыратқышы мен автобуста тоқтатуды талап ету сигналы, автобустың авариялық жағдайда шығатын есіктері мен оларды іске қосу құрылғылары, автобустың салонын іштен жарықтандыру аспаптары, есіктерді басқару жетегі және олардың жұмыс істеуінің сигнал беруі, спидометр, тахограф, көлікті айдап әкетуге қарсы құрылғылар, әйнекті жылыту және үрлеу құрылғылары белгіленген тәртіппен жұмыс істемейді. 7. Конструкцияда көзделген артқы қорғаныс құрылғысының, ластан қорғаушы шалғыштар мен шашыратқыштардың болмауы. 8. Тартқыштың және тіркеме буынның тарту-қосу және тіреу-қосу құрылғыларының ақаулы болуы, сондай-ақ олардың конструкциясында көзделген сақтандыру тростарының (шынжырларының) болмауы немесе ақаулы болуы. Мотоцикл рамасының бүйірдегі тіркеме рамасымен қосылған жерінде люфттердің болуы. 9. Мыналардың: 1) автобуста, жеңіл және жүк автомобильдерінде, дөңгелекті тракторларда медициналық қобдишаның, өрт сөндіргіштің, авариялық тоқтау белгісінің (жанып-сөніп тұратын қызыл фонарь); 2) рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан асатын жүк автомобильдерінде және автобустарда кейін кетуге қарсы тіреуіштердің (кемінде екі); 3) бүйір тіркемесі бар мотоциклде медициналық қобдишаның, авариялық тоқтау белгісінің (жанып-сөніп тұратын қызыл фонарь); 4) МемСТ 22895 бойынша М2, М3, N2, N3, 02, 03, 04 санаттарындағы көлік құралдарын СТ ҚР МемСТ Р 51253 және СТ ҚР МемСТ Р 41.104 талаптарына жауап беретін жарық қайтарғыш материалдармен таңбалаудың болмауы. Ескертпе. Медициналық қобдишаның дәрілік заттарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының ең аз құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі белгілейді. 10. Көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түрлі түсті графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнайы қызметтер тізбесіне кірмейтін көлік құралдарында жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарында қолданылатын, оларды орнату орнына қарамастан, жарқылдақ қызыл және көк түсті жарық сигналдары немесе реңктері кезектесіп тұратын дыбыс сигналдары немесе арнайы түрлі түсті графикалық схемалар пайдаланылады*. 11. Көлік құралының конструкциясында бекітілуі көзделген қауіпсіздік белдіктерінің болмауы. 12. Қауіпсіздік белдіктері жұмыс істемейді немесе олардың таспасында көзге көрінетін жыртықтардың болуы. 13. Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі ҚР СТ 986 стандарт талаптарына сай келмейді. 14. Мотоциклде конструкцияда көзделген қауіпсіздік доғасының болмауы. 15. Мотоцикл мен мопедтерге конструкцияда көзделген табан тірегіштердің, орындықтарында жолаушыларға арналған көлденең тұтқалардың болмауы. 16. Оларға қойылатын талаптар осы тізбеде регламенттелетін тежегіш жүйелерінің, рульмен басқарудың және өзге тораптар мен агрегаттардың конструкцияда көзделген қосымша элементтерінің болмауы немесе олардың көлік құралын жасаушы кәсіпорынмен немесе уәкілетті басқа ұйыммен келіспей орнатылуы. 17. Техникалық реттеу саласында көзделген талаптарды бұза отырып, көлік құралдарын қайта жабдықтау жүргізілген. М1, М2, М3 санатындағы көлік құралын отыратын орындарды орнатумен (бөлшектеумен), жатын орындарын және жүк бөлігімен ұйымдастырумен байланысты қайта жабдықтау жүргізілген. М1 санаты үшін отыратын орындар санын азайтумен байланысты қайта жабдықтау рұқсат етіледі. Ескертпе: көлік құралдарын қайта жабдықтау (конструкциясын өзгерту) - көлік құралының конструкциясында көзделген жол жүрісінің қауіпсіздігіне әсер ететін құрамдас бөліктер мен жабдықтау заттарын алып тастау немесе көзделмегендерін орнату. 18. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінде мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің әріптік және цифрлық белгілерін жасыруға мүмкіндік беретін перделер орнатылған.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген
Көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер