1. Жилов Ю.Д Назарова Е.Н. Возрастная анатомия, физиология и гигиена. Москва, 2014.-С.256
2. Прокофьева В.Н. Практикум по физиологии физического воспитания и спорта. Москва, 2008-С.191
3. Дж.Х. Уилмор Д.Л. Костилл Физиология спорта и двигательной активности. Москва, 2007.-С.503 Практикалық сабақ №15 Сабақтың тақырыбы: Гимнастиканың физиологиялық ерекшеліктері
Сабақтың жоспары: Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі кеңістікте және уақыт бойынша бағдарлану
Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі ОЖЖ-ң және қимылдардың бағдарлануы
Сабақтың мақсаты және міндеті, ептілік, дағды және құзыреттілік: Гимнастиканың физиологиялық сипаттамасы. Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі кеңістікте және уақыт бойынша бағдарлану
Практикалық сабақтарын өткізу түрі: Семинар-дискуссия
Қысқаша теориялық мәлімет: Гимнастикадағы қимылдардың физиологиялық жіктелуі. Гимнастика адамның денсаулығын нығайтуға қимыл келбетін жетілдіруге бағытталған арнайы дене жаттығулары. Гимнастиканың өзі спорттық, көркемдік және спорттық акробатикадан тұрады. Гимнастикалық жаттығуларды ерлер 6 снарядпен, әйелдер 4 снарядпен орындайды.
Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі кеңістікте және уақыт бойынша бағдарлану.
Кеңістік пен уақыт бойынша бағдарлану – гимнастикалық жаттыкғулардың сапалы орындалуының қажетті шарты. Әсіресе денені тік жне көлденең күйде айналдыра, аяқ-қолды сермей отырып, тірексіз орындалатын жаттығуларға кеңістікте және уақыт бойынша бағдарлануға үлкен талаптар қойылады. Мұның барлығы тепе-теңдік аппаратының тітіркенуімен байланысты. Тірексіз күйде спортшы кеңістік емес, уақыт бойынша бағдарлануы қажет. Қимылдарды уақыт бойынша нақты орындау тірексіз күйде барлық қимылдарды орындауға мүмкіндік береді.
Тепе-теңдіктің маңызы уақытқа байланысты бағдарлануда қимылдардың жақсы орындалуында артады. Қаншалықты тепе-теңдік талшығы жетілген, болса, соншалықты қимыл нақтылығы жоғары болады. Гимнастикада жаттығудың орындалуының басты шарты – уақыт бойынша кеңістікте бағдарлану. Бұл бағдарлану есту, көру, тепе-теңдік, қимыл талдағыштарындағы рецепторлардан келіп түсетін ақпаратқа байланысты.