Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша топқа біріктіруге болады және әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасауға болады.
Оқушының шапшаң ойлауы арқылы жылдам шешім қабылдауына ықпал болады.
Екі топқа бірігіп, қарама-қарсы сызық бойымен тұрады. Бір топ ханзада болып, бір топ айдаһар болу немесе ауысып ханшайым мен ханзада болу арқылы т.с.с бірнеше рет қайталау арқылы сергіту жаттығуы жүргізіледі.