Жоо-да кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және оның проблемалары



бет3/3
Дата28.04.2023
өлшемі479,12 Kb.
#87778
1   2   3
Байланысты:
Кәсіби қ

Кәсіби құзіреттіліктерді меңгеруде болашақ мамандардың теориялық білімін тереңдетумен қоса шеберліктің жиынтығын, яғни, кәсіби қызметті орындау әдістеріне үйрену аса маңызды болмақ. Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда төмендегі мәселелерге: 

  • кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындай алуға, іс-әрекетті ұйымдастыруға қызығушылықтарының басым болуына;
  • қажеттіліктері, белсенділіктері, ізденістері мен білім берудің әдістемесін толық меңгеруі;
  • мақсатқа жетуге байланысты тиімді жолдарды таңдай алуы;
  • ұсынылған жаңа білім мазмұнын игеруі және оны эмоционалдық көңіл күймен қабылдауы;
  • оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінің міндеттерін жүзеге асыра алуы, талдау жасауы, түзету жұмыстарын жүргізе білуге ықпал ете алуы;
  • шығармашылықпен болжам жасай білуі мен нәтижеге жетуге ұмтылысының болуына
  • баса назар аударуы қажет.

Адамның кәсібилік қалыптастыру процессінде белсенді рөлін есепке ала отырып, О.П. Паваренков бөлген 3 жалпылау критерийлеріне сүйенеді:

  • Кәсіби өнімділік критерийі адам кәсібилігінің деңгейін және оның әлеуметтік-кәсіби талаптарға сәйкестігін сипаттайды. Бұл критерий нәтижеліктің объективтік көрсеткіштерін сипаттайды.
  • Кәсіби біртектілік критерийі адамның кәсіптегі маңыздылығын және кәсіби қызметке деген қанағаттанушылығын және өзінің дара өсуін сипаттайды. Ол субъективті көрсеткіштер негізінде бағаланады. Адамның кәсіппен біртектенуі кәсіби Мен-тұжырымдамасы жолымен жүреді. Кәсіби «Мен-тұжрымдамасы» кәсіби ұйым, кәсіби мәдениет, сол сияқты кәсіби норма, ереже, дәстүр негізінде жүзеге асады.
  • Кәсіби ересектік критерийі, адамның өзіндік кәсіби мүмкіндігін және қажеттіліктерін кәсіби талаптарын жатқызамыз. Мұнда кәсіби өзін-өзі бағалау операционалды –қызметтік және тұлғалық аспектті бөліп қарайды. Біріншісі өзін субъект қызметінің бағасымен байланысты және ол кәсіби шеберліктер деңгейінде көрінеді (шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру). Екінші аспект өзінің тұлғалық сапаларын бағалауда көрініс табады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. – Алматы,
  • Құрманалина Ш.Х. Оценка качества профессиональной компотентности учителя. – Алматы,
  • Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: пед.ғыл. докт...автореф.: 21.05.05. – Қарағанды: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2005. – 40 б.
  • Aубакиров С.А. Қазіргі заманғы мұғалім //Қазақстан мектебі. №6. Алматы, 2005.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет