Жоо-ға дейінгі білім беру факультеті Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәні сабағында пайдаланудың маңызы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі310,77 Kb.
#6528

Ибрагимова М.Н., Нусупбаева С.А.  

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті 

Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәні сабағында пайдаланудың маңызы 

 

Жас  ұрпақ  біздің  болашағымыз,  сондықтан  оларға  кәсіби  білім  берумен  қатар  өз 



мамандығын  сүюге,  қызығушылығын  арттыруға  жол  ашатын  саясаттар  қолға  алыну  керек. 

Қазіргі  кезде  шетел  тыңдаушылары  мен  шетелден  келген  қандастарымызға  Отан  тарихын 

оқытудың жаңа технологияларын қолдану әдісі білім беруде де, тәрбие беруде де өте тиімді 

деп  айтуымызға  болады.  Соның  ішінде  тарих  пәні  сабағында  танымдық,  ұлттық  ойын 

элементтерін пайдалану тыңдаушылардың қызығушылығын арттырады. 

Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. 

Педагогикалық  технология  ұғымы  түрлі  педагогикалық  ойын  түрлерін  педагогикалық 

процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан 

ерекшелігі  оқытуда  нақты  мақсатының  қойылуымен  және  оның  оқу  танымдық  бағыты 

сипатталған,  негізі  салынған  педагогикалық  нәтижесіне  сай  анықталады.  Шетелден  келген 

қандастарымыз Қазақстан тарихының беттерін жаңадан ашатындықтан сабақ оларға түсінікті 

болу  үшін  неғұрлым  түрлі  әдістер  арқылы  сабақ  түсіндіру  қажет.  Осы  мақсатта  «Қарахан 

мемлекетінің тарихы» тақырыбындағы сабаққа тоқталып өтелік.  

Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекетінің тарихы  

Сабақтың мақсаты:  

а) Білімділік: Тыңдаушыларды орта ғасырдағы Қазақстан жерінде феодалдық қатынастардың 

дамуымен  және  қазақ  жеріндегі  алғашқы  феодалдық  мемлекет  –Қарахан  мемлекетінің 

тарихымен таныстыру;           

б)  Дамытушылық: Тыңдаушыларға  Қарахан  мемлекетін  Қазақ  мемлекетінің  бастау  бұлағы 

екенін түсіндіру; 

в)  Тәрбиелік: Тыңдаушыларды елін, жерін, отанын сүйюге тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі әдіс, сұрақ - жауап, суреттеу, топтастыру әдісі.  

Сабақтың  көрнекілігі:  Карта,  тірек-сызбалар,  хронологиялық  кестелер,  термин  сөздер 

тақырыптық суреттер, тақырыпқа қатысты кітаптар, слайд. 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ 

Сабақтың барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі 

А) Сәлемдесу, түгелдеу 

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау сәтінде төмендегідей ойын әдістері қолданылды: 

Бірнеше турдан тұратын ойын тәсілі арқылы тыңдаушылар өздеріне ұпай жинайды. 

1. «Кім жүйрік?» ойыны арқылы тыңдаушылар тез арада тесті шешіп ең бірінші келген бес 

тыңдаушы ұпайға ие болады: 

1.Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі: 

А)  Түркеш қағанаты   В)  Түрік қағанаты  С)  Батыс Түрік қағанаты  D)  Шығыс Түрік 

қағанаты  Е)  Қарлұқ қағанаты 

 2.Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды: 

А)  Жужандарды жеңген соң  В)  Ұйғыр қағанатын жеңген соң   С)  Енисей қырғыздарын 

жеңген соң  D)  Арабтарды жеңген соң   Е)  Эфтолиттерді жеңген соң 

3.“Теле сөзінің мағынасы:   А) Ұйғыр  В) Қарлұқ  С) Түрік  D) Оғыз  Е) Қимақ 

4.Түріктердің шаруашылығы: 

А) Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы  В) Аңшылық  С) Балық аулау D) 

Егіншілік  Е) Ешқандай шаруашылықпен айналыспады 

5.“Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті: 

А) 542 ж. В) 545 ж. С) 546 ж. D) 547 ж. Е) 548 ж. 

2.  «Бұл  кім?»  ойыны  бойынша  тыңдаушылар  оларға  берілетін  тұлға  есімдерін  карточкаға 

қарап  кім  екендігін  айтып,  оның  қандай  қызмет  атқарғандығын  баяндап  береді.  Мәселен, 

Бумын қаған – Түрік қағанатының негізін қалаушы; Томсон - Орхон-Енисей жазуын тұңғыш 


рет  оқыған  дат  ғалымы;  Үш-Елік  қаған  –  Түркеш  қағанатының  негізін  қалаушы;  Білге  күл 

Қадыр хан – Қарлұқ мемлекетінің қағаны  

3. «Жылдар сөйлейді» тапсырмасы бойынша тыңдаушылар тез арада тақтаға өткен тақырып 

бойынша кездесетін жылдарды тізіп жазып, сол жылдары қандай оқиға болғандығын ауызша 

баяндап береді. 603-Түрік қағанаты Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып бөлінді. 704-

756  жылдар-  Түркеш  қағанатының  өмір  сүрген  уақыты.  542-Түрік  қағанаты  туралы  алғаш 

қытай деректерінде кездескен уақыт.  

4. «Бәйге» ойынының сұрақтары: 

Түрік қағандығы қашан құрылды және бөлінуіне не себеп әсер етті?  

Батыс Түрік қағанатының мәдениеті қалай дамыды?  

Түркештердің шаруашылығы туралы не білесің?  

Түркештердің ішкі-сыртқы жағдайы қандай болды?  

Қарлұқ қағандығының құрамында қандай түркі тілдес тайпалар болды?  

Қарлұқтардың Жетісуға қоныс аударуын не себеп болды?  

Оғыз мемлекеті неліктен ыдырады?  

5.  «Аударыспақ»  ойыны  бойынша  тыңдаушылар  өткен  тақырыптарда  кездесетін  термин 

сөздердің  анықтамасын  береді.  Мәселен,  «қара  будун»-халықтың  негізгі  бұқарасы, 

«сюбашы»- оғыздардағы әскер басы, «шад-түтік»-қимақтарда жеке тайпа көсемдері және т.б. 

терминдердің мағынасын айтып береді. 

6.  «Саяхат»  ойыны  бойынша  тыңдаушылар  картадан  мемлекеттердің  аумағын  көрсетіп 

береді.  Және    мемлекет  ордаларын  көрсетіп,  ол  жерге  арнайы  дайындалған  жұлдызша 

белгісін жапсырады. 

Осылайша  тарих  сабағын  танымдық,  ұлттық  ойындар  арқылы  сабақтастырып 

түсіндіру  пән  тақырыптарын  тез,  жылдам  меңгеруге  ықпал  етеді.  Бұл  ойындарды  жаңа 

материалды  бекіту  немесе  қайталау  кезінде  қолдануға  болады.  Тыңдаушы  ойын  үстінде  не 

соңында  өзінің  қатысу  белсенділігіне  қарай  түрлі  баға  алуы  мүмкін.  Оқытушы  әр 

тыңдаушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. 

ІІІ. Жаңа сабақ  

Жоспар: 

І. Қарахан мемелекетінің құрылуы; 

ІІ. Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы; 

ІІІ.Мемлекеттің жер иелену тәртібі. 

І. Қарахан мемелекетінің құрылуы 

Қарахан  мемлекеті–Қазақ  мемлекетінің  бастау  бұлағы  болып  табылады.  Сатұқ  Боғрахан, 

Саманилерден  қолдау  тауып,  өзінің  туысы  Оғұлшақты  жеңіп,  Тараз  бен  Қашғарды 

бағындырады.  942  жылы  Баласағұнның  билеушісін  құлатып,  өзін  жоғарғы  қаған  деп 

жариялайды.  Мемлекеттің  құрылуындағы  басты  рөлді  атқарған  қарлұқ  тайпасы.  Құрамына 

кірген тайпалар: жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, т.б. түркі тайпалары. 

Негізгі  билеушілері  яғма  тайпасынан  шығып  отырған.  Хандардың  Арслан  хан,  Бограхан 

атаулары  жікіл  тайпасының  тотемі  –  «арыстан»,  яғма  тайпасының  тотемі  «бура»  болуына 

байланысты болған. 

ІІ. Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы  

Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы мына кесте бойынша түсіндірілді: 

 

Уақыты 



Оқиғалар 

 

955 жылы 



Сатұқ Боғраханның баласы Мұса билікті өз қолына алады 

 

960 жылы 



Мұса ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялайды 

 

977-999 жж. 



Нұх ибн Мансұр билеген тұста Самани әулетінің өз ішіндегі әлеуметтік 

қайшылықтан әлсіреген кезі еді 



990 жылы 

Саманилердің  әлсіреуін  пайдаланған  Хасан  (Харун)  Боғра-хан 

Испиджабты, кейін Бұқараны басып алды 

992 жылы 

Хасанның баласы Жүсіп Хотанды басып алады 

 

996 жылы 



Әли Арсланның баласы Насыр Мауареннахрға жорыққа аттанады 

 

999 жылы 



Әли Арсланның баласы Насыр Бұқараны басып алады 

 

1005 жылы 



Мауареннахр Қарахандар қолына түпкілікті көшті  

 

1040 жылы 



Ибрахим ибн Насыр тұсында Қарахан мемлекеті екі дербес қағанатқа – 

Шығыс және Батыс болып бөлінді 

1089 жылы 

Боғра-хан  Харун  тұсында  Салжұқ  сұлтаны  Мәлік  шах  көп  әскермен 

Батыс  қағанат  шекарасына  баса  көктеп  кіріп,  астанасы  –  Самарқанды 

басып  алады.  Сөйтіп  Қарахан  мемлекеті  Салжұқтардың  жоғарғы 

билігіне өтеді 

1141 жылы 

Қара  қыйтайлар  Қатуан  даласында  болған  шайқаста  салжұқтар  мен 

қарахан әскерін жеңеді 

1212 жылы 

Үш ғасырға жуық өмір сүрген Қарахан әулетінің мемлекеті құлайды  

 

 

 ІІІ. Мемлекеттің жер иелену тәртібі. 



Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланды. 

Жер  иеленудің  бір  түрі  –  иқта  –  феодалға  берілетін  жер  үлесі.  Иктадар  иесі.  Вакф  – 

мешіттердің  жер  иелігі.  Шаруаларға  үлеске  жер  бөлініп  беріледі.  Музари  немесе  Барзигар 

жерден  алынатын  салық.  Коммендация  –  шаруаларды  қорғаған  үшін  феодалға  төленетін 

салық.  Ислам  дінінің  дамуына  байланысты  салғызған  күмбезді  ғимараттарға  –  Айша  Бибі, 

Бабажы-Қатын, Қарахан кесенелері жатады. 

ІV.Сабақты бекіту барысында да ойын түрлері қолданылады:   

1.СӨЗЖҰМБАҚ 

1) Жоғарғы үкімет билігі кімнің қолында болды? (Хақан) 

2) Қарахан мемлекетінің орталығы? (Баласағұн) 

3) Мемлекеттің негізін қалаған? (Сатұқ Боғрахан) 

4) Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған хан? (Мұса) 

5) Феодалға берілетін жер үлесі? (Ихта) 

6) Қарахан хандығының материалдық мәдениетінің бірі? (Бабаджа хатун кесенесі) 

  2.  «Теңге  алу»  ойыны  бойынша  тыңдаушы  интерактивті  тақта  бетінде  көрсетілген 

теңгелерді таңдайды. Ол теңгенің артында жылдар беріледі. Тыңдаушы сол жылдар қандай 

оқиғамен байланысты екенін баяндап береді. 1. 955 ж. 2. 942-1212 жж. 3. 960 ж. 4. 1089 ж. 5. 

1141 ж. 


3.  «Көш»  ойыны  бойынша  тыңдаушылар  картадан  Қарахан  мемлекетінің  аумағын,  онымен 

шекаралас  жатқан  мемлекеттердің  территориясын  «көшіп  отырып»  көрсетіп  береді.  Яғни 

интерактивті  тақтадағы  ешқандай  белгі  салынбаған  картаға  өзі  сызып  отырып  территория 

шекараларын белгілейді. 

4.  «Сиқырлы  сурет»  ойыны  бойынша  тыңдаушы  берілген  суреттердің  ішінен  Қарахан 

әулетіне қатысты суреттерді табады.  

5. «Жаңа сөздер» тапсырмасы бойынша тыңдаушы жаңа сабақта кездескен термин сөздердің 

анықтамасын береді. Тотем, Коммендация, Иқта, Вақф 

5. Дискуссиялық өрнекті  толтыру 

р/н 


Тапсырма сұрақтары 

Ия 


Жоқ 

Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөлді түргеш тайпасы 



атқарды 

 



Вақфтық жерлер дінбасылар үлесінде болды 

 



Хорезм шахы Қарахан мемлекетінің құлауына әсер етті 

 



Айша бибі кесенесі Тараз қаласында орналасқан 

 



Қарахан мемлекеті 5 ғасыр бойы өмір сүрді 

 



Қарахан мемлекеті Алтайда орналасты 

 





Күшілік хан Қарахан мемлекетінің негізін қалады 

 



Яғма тайпасының тотемі бура 

 



Иқтаның иесі шаруа 

 



10 

Ислам діні 960 жылы мемлекеттік дін ретінде жарияланды 

 

 



V.  Сабақты  қорытындылау.  Сонымен  Қарахан  мемлекеті  Түрік  мемлекетіне  қарағанда 

басқару  жағынан  болсын,  экономикалық  жағынан  болсын,  қоғамдық  құрылысы  дамыған 

мемлекет. Қарахан мемлекеті Қазақстан жеріндегі қоғамдық құрылысы жағынан жан-жақты 

дамыған феодалдық-патриархалдық мемлекет болды. 

VІ. Тыңдаушыларды бағалау. Тыңдаушылар сабақ бойы жинаған ұпайларын есептеу арқылы 

бағаланады.  Дұрыс  жауап  берген  тыңдаушыға  сабақ  барысында  жұлдызшалар  беріліп 

отырады. Соңынан жиналған жұлдызшылар саналып, сол бойынша бағаланады. 

VІІ: Үйге тапсырма беру: Хронологиялық кесте жасау, карта сызу, жаңа тақырыпты кітаптан 

толықтырып оқып келу, тест жаттау. 

Қорыта  келсек,  Отан  тарихын  түсіндіруде  заманауи  жаңа  технологияларды  қолдану  – 

оқытушыға  сабақты  жоғары  сапада  өткізуге  пайдалы  және  тыңдаушының  түсінігіне  орасан 

зор  әсерін  тигізіп,  білім  сапасын  жоғары  деңгейде  көтереді.  Сондықтан  да  осындай  түрлі 

әдістерді  сабақта  қолдану  тыңдаушыларды  оқуға  ынталандыруға,  олардың  үлгерімі  мен 

қызығушылығына, тәрбиесіне, шығармашылық қабілетінің артуына жақсы ықпал етеді деген 

ойдамыз.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1. Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. Сәуір 4 (45) 2007.-88 бет. 

2. Төлеубаева К., Құнапина Қ., Көпекбай Ә. Қазақстан тарихы: Әдістемелік нұсқау. Алматы: 

Мектеп, 2010.-88 бет. 

3.  Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінгі  күнге  дейін).  Бес  томдық.  1-том.-Алматы: 

«Атамұра», 2010.-640 бет. 

4.  Құнапина  Қ.Қ.,  Құмғанбаев  Ж.Ж.,  Махаева  А.Ш.  Қазақстан  тарихынан  әдістемелік-

анықтамалық нұсқау. 2011-2012 оқу жылы. 214-бет.  

5. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А, 1995, 175-бет. 

6. Махаева А.Ш. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А, 2000, 68-бет. 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет