Х. Орос аймағы.Жошы-Қыпшақ ұлысының мұсылман аймақтарының батыс, батыс солтүстік жағына орналасқан. Бұл аймақтың шекарасы батыста франклер немесе Батыс Еуропамен, шығысы Бұлғар аймағымен, шығыс солтүстігі Холман жерімен шектеседі. Орыс тілді, христиан дінді.
Ал біз жоғарыда атап өткен «Жошы-қыпшақ ұлысы» жайлы тың пікірімізге қайталап тоқталар болсақ, бұл атау жайлы араб саяхатшылары мен тарихшылары жазып қалдырған 26 түпнұсқада, парсы саяхатшылары мен тарихшыларының 13 тарихи түпнұсқаларында, түріктердің 3 түпнұсқасында барлығы 19-мәрте «Жошы-қыпшақ ұлысы» деп белгілеген болса, 69 мәрте «Қыпшақ мамлакаты (мемлекеті)», «Қыпшақ елі» деп жазып қалдырыпты. Орысша әдебиеттерде «Қыпшақ хандығы» атаса, Плано Карпин «Қыпшақ елі» (Страна Команов), моңғолдың көне шежіресі «Алтын товчида (Алтын шежіре)» «Қыпшақ елі», қытай тарихшысы Б.Сайшаал «Қыпшақ хандығы» деп ресми түрде жазып, дәлелдеп келген.
Ал «Алтын Орда» деген мемлекет атауы бір де бір тарихи түпнұсқада жоқ. Бұл атауды ХVІ ғасырда орыстың түпдеректерін редакциядан өткізген авторлар жасынды түрде енгізген. 1564 жылы жазылған «Истории и Казанском царстве» деген қолжазбадан бастап, орыс түпнұсқаларында алғаш рет Алтын Орда деп белгіленді де, содан кейін Россияның бүкіл тарихи жазбаларында бұл жалған атау қалыптасты.
Тарихшы З.Қинаятұлы «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» еңбегінде «Жошы ұлысы» немесе «Жошы-Қыпшақ ұлысы» деп атау дұрыс болар еді деген пікір ұсынған. Бізде осы пікірдеміз.