Физико-химиялық әдіс
• Физико-химиялық әдістер ағынды суды майда дисперсті, коллоидтық және
еріген заттардан тазарту үшін қолданылады.
• Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзіңде пайдаланылатын
физикалық-химиялық әдістерге - каогуляция, флотация, электролиттік
ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация,
эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялық тәсілдер
(электролиз, электро-каогуляция, электрофлотация, электродиализ),
ультрадыбыспен суды өндеу, т. б. жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін
физикалық және химиялық процестерге негізделген.
• Физико-химиялық әдістерге радиациялық, ион алмасу, тотығу-тотықсыздану
және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену
әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек
ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін
бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте
ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты
минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады.
• Ағын суларды тазартуда бірнеше қондырғы типтері
пайдаланылады:
• 1-Локальды (цехтік)
• 2-Жалпы (зауыттық)
• 3-Аудандық (қалалық)
• Локальды тазартқыш қондырғылар – технологиялық
процестерден кейін тікелей ағын суларды тазалауға арналған.
Ағын суларды локальды тазартқыш қондырғылармен су
жабдықтау жүйелеріне жібермес бұрын тазартады. Мұндай
қондырғыларда әдетте физико – химиялық тазарту әдісін
(тұндыру, ректификация, экстракция, абсорбция, ионды
алмасу, оттық) қолданады. Жалпы тазалау қондырғылары
тазарту жұмыстарының бірнеше сатыларын біріктіреді:
• 1- Бірінші (механикалық)
• 2-Екіншілік (биологиялық)
• 3-Үшіншілік (тазалауға дейінгі)
• Аудандық қондырғылар негізінен ағынды суларды
механикалық және биологиялық әдіспен тазартады.
Қорытынды
• Ағын суларды тазалау – ағын суларды зиянды
заттардан тазалау және жойып өңдейді.
Ластану тазартылған ағын суларды күрделі
өндіріске жіберіледі. Онда басқа өндіріс
сияқты шикізат (ағын су) және дайын өнім
(тазартылған су) бар. Ағын суларды тазалау
әдістерін механикалық, химиялық, физико-
химиялық және биологиялық деп бөледі.
Олардың барлығы бірдей қолданылса, онда ағын
суларды тазалау және залалсыздандыру
комбинирленген деп аталады. Осы немесе
басқа әдістерді қолдану нақты жағдайда
ластану сипатымен және қоспалардың
зияндылығының дәрежесімен анықталады
.
Достарыңызбен бөлісу: |