Жоспар: 1Домбыраның тарихы 2Домбыраның түрлері 3Сипаттамасы 4Домбыраның дамуы



бет1/4
Дата19.05.2023
өлшемі1,18 Mb.
#94887
  1   2   3   4
Байланысты:
518999.pptx


Домбыра

Жоспар:


1Домбыраның тарихы
2Домбыраның түрлері
3Сипаттамасы
4Домбыраның дамуы
5Домбырада шетелдік шығармаларды орындау
XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар әнжырертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.
Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ
этнографтардың жазып қалдырған
еңбектеріне жүгінсек, домбыра және
өзге халықтардың осы тектес аспаптары
тіпті сонау орта ғасырларда белгілі
болған екен. Мысалы, Әбу Насыр
әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур
аспабы жайында оқимыз.
Өзбектердің домбыраға өте ұқсас
екі ішекті дутары алғаш рет әл-
Хусейнидің «Музыкалық канон»
деген трактатында ауызға
алынды. Қазақтың халық аспабы
домбыра XIV ғасыр жазбаларында
кездеседі. Оның бастағы түрі мен
құрылысы қазақтың домбырасынан
аумайды, осындай аспап аттарының
ұқсастығы да олардың түпкі шығу
тегі бір екекін көрсетсе керек.
Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.
Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге ДәулеткерейТәттімбетСейтекБайсеркеҚазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет