Жоспар: Аудиттің анықтамасы және оның мазмұны



Дата29.03.2023
өлшемі6,4 Kb.
#77278
Байланысты:
Жоспар Аудиттің анықтамасы және оның мазмұны-melimde.com


Жоспар: Аудиттің анықтамасы және оның мазмұны

Аудит жүргізудің ақпараттық базасы, мақсаты


Жоспар:

  • Аудиттің анықтамасы және оның мазмұны

  • Аудиттің тапсырмалары мен мақсаты

  • Аудиттің пайда болуы және даму кезеңдері

  • Аудит функциялары мен объектілері, пәні

  • Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары

  • Қаржылық есептілік - аудиттің ақпараттық базасы

Аудит дегеніміз шаруашылық және қаржылық операциялардың сәйкестігі мен дұрыстығын бағалау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың қаржылық есеп беруі мен басқа да құжаттарының ҚР- ның заңына сәйкестігін аудитор мен аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз тексерісі.


Аудиторлық қызметтің негізгі түрі болып қаржылық есеп аудиті табылады. Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты аудитордың қаржылық есеп беруі бекітілген талаптарға сәйкес барлық мәнді аспектілер бойынша құрылғандығына байланысты өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктің болуын айтады.

Аудит ұғымы ревизия және бақылаудың басқа формаларына қарағанда едәуір кең, себебі ол қаржылық көрсеткіштердің шынайылығынан ғана тексермейді, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылық қызметінің шығындарын рационализациялау және салықтарды оптимилизациялау мақсатымен ұсыныстар жасайды.

Аудиттің мақсаты


Аудит мақсаттарының мәні мынада: аудиторға керекті өзекті куәліктерді жинауға көмектесетін небір құрылымды құру, сосын дәл қандай нақты көрсеткіштерді берілген жағдайда жинау керектігін шешу.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізу болып табылады. Оның ішінде:
- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Мақсаттар әр түрлі тексерістер кезінде бірдей болып қала береді, бірақ нақты көрсеткіштер жағдайларға байланысты әр түрлі болады:
1. жалпы мүмкіншілік деңгейі;
2. сомаларды дұрыс қосу;
3. аяқталуы;
4. меншік құқығы (қосылған самалар бойынша);
5. бағалау;
6. шоттарда корреспонденция және сомаларды көрсету дұрыстығы;
7. шектеулер (баланс күніне жақын шаруашылық операцияларды сәйкес мерзімі бойынша есептеу керек);
8. арифметикалық дәлділік (баланстың жекелеген баптары есептік тіркемелер мен Бас кітап нәтижелеріне сәйкес келеді);
9. толық ашу (шоттарды және оларға тиеселі есеп берудің берілгендерін іс жүзінде көрсетудің дұрыстығы).
Аудиттің пайда болуы және дамуы. Қазақстанда аудиттің қалыптасуы және дамуы.

Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитті зерттеуге арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдері әр түрлі анықталады. Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел.



Ежелгі Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың өзінде-ақ, Бас Аудитор қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міндеттері, құқығы мен түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп отырған.
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет