Ағымдық санитарлық қадағалаудың (АСҚ) мақсаты –өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылық объектілерінің санитарлық жағдайын, еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайын, берілген өндірістерде еңбекті қорғау бойынша заңдылықтардың, санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын жүйелі түрде қадағалау болып табылады.