Жоспар
І. Кіріспе. Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ
тарихының дерек көзі ретінде.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Ә.Бахадурхан. «Шежіре – и түрік» шығармасы.
2.2. Қ.Жалайри. «Жами – ат – тауарих» шығармасы.
2.3. З.М. Бабыр «Бабыр-наме» шығармасы.
2.4. М.Х. Дулати «Тарихи и Рашиди» шығармасы.
Қорытынды.
Сілтемелер тізімі, пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи шығармалар – қазақ тарихының дерек
көзі ретінде.
Мен қарастырып отырған курстық жұмысымның тақырыбы – қазақ
хандығы заманындағы тарихи шығармалар. Қазақстан тарихының дереккөзі, яғни,
жаңа замандағы қазақ жұртының өткеніне шолу жасау. Менің бұл тақырыпты
таңдап алудағы мақсатым, жалпы сол кездегі тарихи шығармалардың жазылу
стилін, жазылудағы көзделген мақсаты мен мүдделерін қарастыру. Сондай-ақ сол
кезде қазақ хандығы дәуіріне сипаттама беріп, оның ішкі, сыртқы саясаттағы
көріністерін айқындап беретін қандай шығармалар болды, сондай-ақ авторларын
атап өту т.с.с. мәселелерді қарастыру жатады.
Сонымен қатар осы кезеңге тиісті тарихи шығармалардың Қазақстан
тарихында алатын орнын және оның қандай сипатта, қандай деңгейде жазылғанын
ашып көрсету кіреді.
Тағы бір айта кететін жәйт, бұл шығармаларда сипатталатын өзгеде
мемлекеттер мен хандықтардың саяси тұғырнамасына да шолу жасап өту, сондай-
ақ ол мемлекеттердің Қазақ хандығына деген пиғылдары мен ұстанған
позицияларын айқындау.
Ең бастысы бұл тарихи шығармалар өз заманының ең озық үлгідегі
туындылары. (Шедевр)
Қазақ ханыдығы дәуірінде әсіресе, көзге ілінер ең ірі төрт тарихи
шығарма болған:
25.Әбілғазы Бахадурханның «Шежіре и – түрік» еңбегі.
Бұл еңбек әйгілі ғұлама-тарихшы, есімі әлемге мәшһүр шежірені
Әбілғазының (1603-1664) өз қолымен жазылған.
Әбілғазы еңбегінің маңыздылығы сонда, мұнда тек Қазақ хандығына
байланысты мәліметтер емес, сондай-ақ Шыңғысхан дәуірінен бастап XV
ғасырға дейінгі аралықты қамтитын тұтастай бір бөлімі бар. Сонымен қатар,
Әбілғазы еңбегінің тағы бір ерекшелігі ол тек тарихшы ғана емес, сондай-ақ
керемет дәрежелі генеолог. (шежіреші). Ол Нұх ғалейкуассаламнан өзі өмір
сүріп отырған дәуірге дейінгі тарихи тұлғалар мен оқиғалардың шежірелік
кестесін құрастырған.
Әбілғазы көбіне Алтын Орда хандығының іргесін қалаушы Бату
(Сайынхан) ханнан бастап ең соңғы билешіге дейінгі генеологиялық кесте
құрып кеткен.
Алтын Орда тарихынан ажырамас бөлігі болып табылатын
Қазақхандығы үшін де мұнда қажетті мәліметтер шаш етектен жетерлік.
Өйткені, Қазақ хандығының тарихын Алтын Орда тарихынсыз көзге елестету
мүмкін емес. Екінші бір тарихи шығарманы, қазақ хандығы хақында едәуір
көлемде дерек кеткен Қадырғали Қосымұлы Жалайри (1555-1607). Ол
Қазақтың ғұлама тарихшысы, қоғам және мемлекет қайраткері. Оның тарнақ
алды туындысы – « Жами ат тауарих» яғни, сөзбе сөз аударғанда, «Шежілелер
жинағы» деп аталады. Қадырғали Жалайри бабамыздың өмір жолы тіпті өте
қызық. Ол тіпті, сол кезеңдегі азулы империя саналатын Ресей патшалығында
өмір сүрген. 1598 жылы Мәскеу патшасының сарайында тұрған. Ол өзімен
ертіп туысқан інісі Ораз Мұхамедпен осы сән-салтанат сарайында тұрған еді.
Тіпті, орыс патшасының сеніміне кіріп алғаны сондай, 1600 жылы
Борис Годунов оның туыс інісі Ораз Мұхамедті Қасым хандығының ханы етіп
қойды. Оған қосып, Қадырғали Жалайриді де көмекші уәзір етіп тағйындады.
Осы жылдары Жалайри тек саясатпен ғана айналысып шектеліп қалмады,
ендігі кезекте ол ой еңбегімен шұғылданып, кітап жазуға бел шеше кірісіп
кетті. Еңбегі «Жами-ат-Тауарих» (шежірелер жинағы) негізінен дәстүр
бойынша орыс патшасы Борис Годуновқа арналды. Қ.Жалайри еңбегі де қазақ
хандығы тарихынан ойып тұрып орын алған хан- сұлтандар жайлы пікір
қалдырды.
Бұл шығармаларда қазақ тарихына қатысты бар хандар: Ұрыс хан,
Тоқтамыс, Темір, Құтлық, Қожыгерей т.с.с. арнала, бір бөлімі Ноғай
Ордасының шаңырағын көтеруші Едіге батырға арналған.
Қ.Жалайри еңбегінің маңыздылығы сондай ол Ресейде баз кешіп өмір
сүріп жүрсе де өз туған өлкесін ұмытқан емес. Тіпті орыс патшалығында
аманатта жүгендіктен де болар ол өз еліне деген сағынышында байқатпай, өте
алмаған. «Өзге елде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол» деген нақыл сөз нақ
осындай жәйттерге байланысты айтылған болуы керек.
Сарайшық қаласын өздеріне мекен еткен Шыңғыс ұрпақтарының
өмірі мен саяси жолдарын нақтылап, жан жақты түрде пікірін білдірген
алғашқы тарихшы да дән осы Қадырғали Жалайри бабамыз болатын.
Ол Сарайшықта жерленген аттары әлемге мәжһүр 7 ханның моласы
алғаш рет өскелең заман тарихтарынушыларын сабақ ретінде тапсырып кеткен
болатын.
Қ.Қосымұлы өз туындыларында Ресей патшалығы мен сол кезеңдеггі
қазақ хандығы арасындағы демократиялық, саяси, экономика, сауда
сферасындағы қарым-қатынастарға да көп дерек беріп кеткен. Сондықтанда
оның шығармасы өлкеміздің, хандықтың тарихы үшін аса маңызды рольді
атқарған.
Қазақ хандығы туралы аса құнды мәлімет беретін келесі бір шығарма
– «Бабырнама». Бұл еңбектің орны ерекше. Өйткені, оның авторы дүниежүзіне
аты әйгілі қолбасшы, жер жүзіне мұсылмандықтың ізгілік ұрығын себуші –
Захириддин Мұхамед Бабыр. Ол да аса танымал ғұлама-ғалым, лирик ақын
болған.
Алғашында Әмудария мен Сырдария төңірегінде үстемдік құрған ол
кейін Шайбанидтерден қысым көріп, Ауғаныстан, Тибет, Үндістанға дейін
жол-жөнекей сапар шегеді. Солт Үндістан жерінде ол жергілікті халықтармен
тік табысып, ислам өркениетінің тамырын тереңге жайып, тарихта Ұлы
Моғолдар империясы деп аталатын қуатты державаны құрып кетті.
Бабыр еңбегінде де XV ғасырдың соңы мен басы 16 ғасырдың
басындағы тарихи оқиғалар мен процестер толық түрде баян етілді. Әрине, бұл
кезекте ол өз туған қонысы (қазақ жері) туралы баға жетпес құнды мәліметтер
қалдырып кеткен.
Бабырнамада қазақтың алғашқы хандары Жәнібек пен Қасым хан
туралы, олардың саяси тактикалары мен әскери қуаттылықтарын т.с.с. тура
және дәл жағында сипаттап өткен. Сондықтан, Бабырнама біздің
тарихымыздың «ақтаңдақ» сырлары көп бой бұққан тұстарын ашуға
көмектеседі.
Ал енді, қазақ хандығы туралы тікелей дереккөзі болып табылатые ең
үлкен тарихи шығарманың бірегейі – Мұхаммед Хайдар Дулати жазған
«Тарихи Рашиди» шығармасы.
Бұл еңбекте XV-XVI ғ.ғ. қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан,
Шығыс Түркістан аймағы туралы маңызды мәлімет көздері беріледі. «Тарихи
Рашиди» - қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғаныстан,
Үндістан, Тибет елдерінің де 15-16 ғасырдағы тарихын, географиясын, әдебиеті
мен мәдениетін зерттеп жүрген ғылымдар үшін таптырмас құнды дерек көзіне
айнала түсті. Сондай-ақ Мырза ХайдарДулати Бабырдың жиені болып келеді.
Екі ғұлама әрі екі туысқан қайраткерлердің аты өшпес ерліктерін, тіпті,
еңбектерін салыстырып көрсек, ешқандай да кемшілікке көз сүріндіре
алмайсыз. Керісінше екі туынды да бір-бірінің дәлелдерін қуаттайды.
-Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осы аталған төрт ірі тарихи
шығарманың қазақ тарихы үшін беретін маңыздылығы, яғни, оның ролі.
Сонымен қатар қарастырып отырған тақырып өзекшілігіне сол кездегі
жазылған тарихи шығармаларда көріністапқан әскери қолбасшылар мен саяси
қайраткерлердің өмір жолы және жүргізген саясаттары жатады.
-Зерттеу мақсаты.
Менің осы тақырыпты таңдап алып, зерттеудегі мақсатым, бұл тарихи
еңбектердің қай жылдары жазылып, олардың жазылуына кенет стимулар түрткі
болғандығын, кейінгі замандарда бұл туындылардың қандай дәрежеге
көтерілгенін айқындау.
26.Зерттеу міндеттері.
Қалалық кітапханалар мен мұрағаттар, мұражайлардан осы тақырыпқа
сай дерек көздерін жинау, соның ішінде қажетті жерлерін жазып алу, ғылыми
құндылықтарын айқындау, одан соң осы тақырыптарда зерттеу жүргізген
ғалімдердың пікірлерін зерделей отырып, оның мәніне көз жеткізу. Мысал ретінде
тілге тиек етер болсақ, осы шығармалар төңірегінде көптеген ғылымдар қалам
тартпай қоймаған.
27.Зерттеу объектісі.
Мұндағы тақырыпқа негіз болып отырған мәселе бұ қазақ хандығы
дәуіріндегі жазылған ірі төрт еңбек шежіре и түрік, Жами -ат Тауарих,
Бабырнама, және Тарихи Рашиди болып отыр. Сондай-ақ зертеу нысанасына осы
тарихи еңбектерде зор роль ойнаған батырлар мен дарабоздардың ерлігі мен
өнегелері жатады.
28.Зерттеу әдістері.
Осы жұмысыма сәйкес, негізінен тарихи дерек көздерін, соның ішінде
осы кезеңге сәйкестендіріліп жарық көрген еңбектерді оқып шығып, оны
классификациялау, тарихи газет журналдарды іздестіре отырып, оларды да жіктеп,
сыныптап, тақырыбыма сай тұстарын анықтау.
29.Талдау әдісі
Тақырыбыма сай тарихи газет журналдарды жинаған ақпарат көздерінің
маңыздылығын және де тарихи кітаптардың өзектілігін талдау.
- Хроникалық әдіс
Жалпы осы тарихи еңбектер жазылғанна бастап, оның жазылу мерзімін,
бұл тарихи шығармалардағы мемлекет немесе әскер санын анықтау.
Сонымен қатар, осы тарихи туындылардағы негізгі цифрлық
көрсетілімдерге аса мән беру , т.с.с. Оқиғалардың, ақтаңдақ сырларын осы тарихи
еңбектер арқылы іздеп, жарыққа шақырған тұстарын көрсету тарихшы үшін
алдыңғы міндет болып табылады.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Ә.Бахадурхан «Шежіре и Түрік» шығармасы.
Әбілғазы Бахадурхан түркі халықтарының ежелгі шежіресін жазған
ғұлама-тарихшы, есімі әйгілі генеолог. Хиуа ханыда болған.
Әбілғазының Арабмухаммед Дешті Қыпшақтың ханы, Жошы
ұрпақтарының бірі болып келеді. Ал анасы Мейірбану – Арал теңізі маңайын
мекен еткен қазақ руларының ханы –Жанғазы сұлтанның қызы.
Әбілғазы Үргеніш қаласындағы Арысхан медрессесінде оқып, шығыстың
аса білікіті ғалымдарынан әлем тарихы, поэзия мемлекетті басқару мен әскери
өнері т.с.с. бойынша дәріс алған. Ол ер жеткен шағында өзі туралы .. «Құдай
тағала мырзалық қылып маған біраз нәрсе берген, мен әсіресе үш түрлі өнерді
жете меңгердім. Біріншісі: - әскери өнер, яғни, әскерді басқару оның тәртібі атты
әскер мен жаяу әскерді аз не көп болғанда шабуылға қалай алып шығу,
достарымен де, дұшпандарымен де сөйлесе білу, екіншісі – ақындық өнер, яғни,
түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түркі тілінде месневи, қасида, ғазел,
фубаят сияқты өлең шығара білу, араб, парсы, түркі сөздерінің мағынасын жетік
білу, үшіншісі – бұрын Арабстан, Иран, Туран, монғолияны билеген
патшалықтардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-
ұсақы, оқиғаларды жатқа білу» - деп жазады.
Арабмұхаммед хан қартайған шағында оның балалары арасында таққа
таласу күресі басталып, билікке талас ұзаққа созылып кетеді. Осындай қарулы
қақтығыстардың бірінде Әбілғазы қатты жарақаттанады. Бауырларының қолына
түссе өлетінін сезіп, ол Әмудариядан жалғыз жүзіп өтеді де, төніп келген ажалдан
қашып құтылады. Жалпы Әбілғазы жастайынан батыл, ержүрек, қайсар, мінезімен
көзге түседі. Сол үшін оның есімі «Бақадур», яғни, батыр, сөзі қосылып
айтылатын болған. Әбіғазы өзбасына өлім қатері төнген кезде қазақ әміршісі Есім
хан мен Тұрсын ханды паналауға мәпсыр болады. Ақыры ағалары 1628 жылы
Әбілғазыны алдап, қолға түсіріп, оны Иранға айдатып жібереді. Сөйтіп, Әбілғазы
өз өмірінің 10 жылын Исфахан қаласында өткізеді.. бұл қапастан қашып құтылған
ол біраз жыл бойы түркімен және қалмақ ауылдарында бой тасалап жүреді.
Арал қазақтары 1645 жылы Хиуа хандығына қарсы көтерілісте жеңіске
жетіп, Әбілғазыны Хиуа ханы деп жариялайды. Әбілғазы хан тағына отырған
жылдарда көптеген игі істер жасайды. Ол алпыс жасқа келгенде хандық билікті
баласына – Анум Мұхаммедке беріп, енді өзі ата-бабаларының шежіресін жазуға
кіріседі. Сонымен «Түркі шежіресінің» жазылу тарихи туралы Әбілғазы: бұл
тарихты жазуды бір кісіге тапсырарлық деп ойлап едік, мол бақытты кісі
таппадық. Сондықтан «Жетім өз кіндігін өзі кесер» дегендей, өз тарихымызды
өзіміз жаздық. Адам атадан бұл кезге шейін, есебін бір құдайдың өзі біледі, патша
бірде-бір әмір, бірде-бір ауылды билеуші өз тарихын өзі өзі жазған емес. ешкім
жазуға бата алмаған бұл кітапты жазғанда мен пақыр жалған айтуды не өз
кемшілігімді жасыруды мақсұт еткен екен деп ойлай көрмеңіздер» - деп жазады.
Әбілғазы жазған екі шежіре сақталып, бүгінгі күнге жеткен. Олардың бірі
– « Түкмен шежіресі», ал екіншісі «Түрік шежіресі» деп аталады.
«Түрік шежіресінде» Адам атадан бастап, Шыңғыс ханға дейінгі және
одан кейінгі дәуірлердігі Орта Азия мен Қыпшақ даласында, таяу шығыста болған
сан қилы тарихи оқиғалар жүйелі түрде баяндалады. Шыңғыс хан мен оның
ұрпақтары шежіресін сөз ете отырыап Әбілғазы негізінен түркі тектес
халықтардың тарихына көбірек назар аударған. Кезінде академик Х.Френ «Түрік
шежіресін» аса жоғары ғылыммен еңбегі ретінде бағалай келіп, бұл шежіре
«Ресей мұсылмандарына өз ата бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана
қоймайды. Олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятуға тиіс» деп
жазған.
«Түрік шежіресі» XIX ғасыр неміс тіліне (шенстрем) одан кейін француз
тіліне, бертін келе орыс тіліне (тредиаковский) аударылып, бірнеше рет Еуропада
жеке кітап болып шығуына кезінде Ресейдің атақты графи- Н.И.Румянцев тікелей
өзі қамқоршылық жасағаны мәлім.
Қазақ халқының көне тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне тікелей
қатысты түрлі жазба жәдігерлер ішінен «Түрік шежіресі» ерекше орын алады. Бұл
шежіре тоғыз баптан (тараудан) тұрады. Шежіренің 1-2 баптары адам атадан
бастап Шыңғыс ханға дейінгі оқиғалар, 3-6 бапта әлем әміршісінің Үгедей,
Шағатай, Төле деген ұрпақтарының Мауеренахр, Иран, Қашқар жерінде билік
жүргізді. Ал 7-9 баптарында Жошы хан мен оның ұрпақтарының Дещті
Қыпшақта, Тұранда, Қырымда, Мауеренахрда, Хорезмде патшалық етуінің тарихы
баяндалады. Әбілғазы шежіресінде қазақ халқының этникалық құрамына енген
рулар мен тайпалардың ежелгі тарихы, олардың байырғы әдет-ғұрпы, салт-
санасы, мәдениеті, өнер т.б. туралы көптеген құнды деректер бар.
«Түрік шежіресі» күні бүгінге дейін тек тарихи мұра ретінде қаралып
келеді. Ал кезінде ол тек шежіре ғана емес, сонымен қатар өз дәуірінің көркем
туындысы саналған. Иә, кезінде шежіре жазуды өзіндік, көркемдік дәстүрлі
болған. Мұнда қара сөздің өзі оқуға жеңіл болатындай етіп, ішкі логикалық
ұйқасқа, белгілі бір ырғақ пен екпінге құралған. Мұның өзі шежіренің көркемдік,
эмоциялық әсерін күшейте түсетін болған. Бұл сөзімізге «Түркі шежіресінен» бір
ғана мысал келтірейік. «Меңлі хан тағы бірнеше иллар ет жиып, оны жеп,кимиз
ичип, айдег, күндег сулуларни кучип, сынаптай иорғаларни минип, көңлі тиген
иелерге учип, ол дуниеге кетти».
Демек, Әбілғазы шежіресінің қазақ әдебиеті тарихынан алатын өзіндік
орны бар. «Түрік шежіресінің» қазақ тарихына тікелей қатысы бар жетінші бабын
оқырманға толық күй»нде ұсынып отырмыз.
...Жошы ханның анасының аты – Бөрте қомын еді. Ол екіқабат кезінде
Шыңғысхан жоқта меркіт халқының ханы шыңғыстың үйін тапты. Бөрте қошынды
олжа қылыпалып кетті. Ол ханның қатыны Бөрте қошағының жеңешесі еді. Оң хан
мен Меркіт ханның арасында достық бар еді. Оң хан Бөрте қошынды сұратып
алып, шыңғыс ханға жіберді. Өйткені Шыңғыс хан мен Оң хан әкесі Есугей
баһадур дос еді. Бөрте қошын жолда Жошыны туды. Ол жерде баланы салып алып
жүрер ештеңе болмағандықтан, қамырдан қорап жасап, соның ішіне салып алып
келді. Шыңғыс хан баланы көріп, қатты қуанды, бізге Жошы келді деді. Монғал
тілінде «жошы» деп жаңа келген қонақты айтар еді, сол себепті атын Жошы
қойды. Есте болса, Жошы хан әкесінен бұрын өлді, ол жөнінде Шыңғысхан
Жошының өлгенін естіп, қатты қайғырып, аза тұтты. Ол уақытта мемлекет
маслихатында балаларымен әмірлеріне өсиет және насихат айта бастады. Аза
тұтып біткен соң, өтішкенге : «Сен Дешті Қыпшаққа бар, Жошы ханның екінші
баласы Бату, лақабы Сайынхан, соны әкесінің орнына отырғызып, інілерімен
әмірлерді соған бағындыр. Егер інілері мен әмірлер сенің сөзіңді тыңдамаса, өзің
аңда қалып маған хабарла, біз сенің айтқаныңды ітейміз деді. Өтшікен Жошының
ұлысына жақындағанда, Бату хан хабар алып, інілері мен балаларын алдынан
жіберді., өзі олардың артынаншықты. Өтшікенмен көрісіп, қазаны аза қылды. Үш
күннен соң Өтшікен Батуды әкесінің орнына таққа отырғызып, Бату ханның
інілері мен әмірлеріне Шыңғыс ханның айтқан сөздерін жеткізді. Барлық халық
оны қабыл қылды. Одан соң монғаол рәсімімен ұлық той жасап, Батуға аяқ берді.
Бату оларға аяқ берді, көп сыйлықтар үлестірді. Дәл сол кезде Шыңғыс хан өлді
деген хабар мен шапқыншылар келді. Бүкіл халық аза тұтып жыласты. Азадан
қайғыдан кейін, Бату мемлекетін кіші інісі Тоқай темірге тапсырып, бес інісімен
қосылып, Өтішкен бәрі Шыңғыс ханның тағы орналасқан Қарақорым тарапына
аттанды, келіп қаоақорымда барша әмірлер мен хандарға қосылып, үлкен аза
тұтты. Азадан айыққан соң Бату хан және басқада бекзадалар Шыңғысханның
өсиетін орындап, Үгедей ханды таққа отырғызып, ұлық той қылып ханға аяқ берді,
хан ханзадаларға аяқ берілді. Қазынаның кілтін ашып, соншалықты көп сый-
сыяпат үлестірілді ешбірі сыйлықсыз қалмады, бәрі қарық болды.
Қытай мемлекетінен бірнеше жұрттың билеушілері жау болып еді.
Үгедей хан ол жаққа жүрмек болды. Бату ханға бұл сапарға менімен бірге
аттанайық деп хүкім қылды. Бату хан бес інісімен бірге аттанды. Ол сапарда хан
бұл жұрттардың баршасын талқандап, қайтып, Қарақорымға келді. Бату ханды
Орыс, Шеркес, Бұлғар және басқа қалаларға жұмсады, өзінің ұлы Күйік ханды,
Төле ханның ұлы Лянку ханды және Шағатай ханның ұлы Байдарды бұл сапарда
Батуға қызмет қылыңдар және көмек беріңдер деп Батуға қосты. Бату хан
бұлармен бірге өзінің ордасына келді. Батудың інісі Тоқай Темір бұл жамағатты
үш күн қонақ етті. Бұдан кейін Бату хан оларды қырық күн бойын қонақтады.
Одан кейін әскери жимаққа әр жаққа хабаршылар жіберді. Аз ғана мерзімдер
есепсіз көп әскер жиылды. Есте болса, Жошы хан Дешті Қыпшақта Көк орда деген
жерде тұратын. Бату ханның Мажар, Башқұрт, орыс, неміс жұрттарын
бағындарғаны және өзінің опаты болғаны жайлы кейінірек айтылады.
Бату ха өлген соң, Менку қаған оның ұлы Сартақ хан қйды. Ол хандық
билігіне кіріспестен бұрын қаза болды. Одан соң оның інісі Олақшыны хан
қылды. Олақшы да аз тұрып опат болды. Бүрге хан болғаннан соң ұлық той
жасады. Көп сыйлықтар берілді. Барлық аға-інілеріне Бату хан бағындырған
ұлыстарды бөліп берді. Одан соң құдай тағала бір күні Бүрге қағанның көңіліне
мұсылмандықтың ұрығын сеуіп, өз дініні бос нәрсе екенін білдірді. Кейін
ағасының салдырған сарайшық атты шақарына барды. Мұнда Бұқардан керуен
келіп ішінен екі жақсы кісіні бір аулақ жерге шақыртып, мұсылмандықтың
шарттары мен тарихын сұрады. Бұл кісілер мұсылманшылықты жақсылап баяндап
берді. Одан соң кіші інісі Тоқай Темірді шақыртып, бұл сырын оған айтты. Ол
және мұсылман болды. Кәпір болған кісілермен жамандасты. Ақыры 664 жылы ол
дұниеден өтті. Патшалық өмірі жиырма бес жылға созылған еді.
Бүрге хан өлген соң Мөңке темір хан болды. Бату хан дәстүрі мен аға-
інілері ұлыстарды бөліп берді. Ақ орда деген мемлекет Шайбани ұлы
Баһадурханға берді, құм уалиятын Оран Темірге тапсырды.
Оран Темір Тоқай Темірдің баласы еді. Өзі Бұлғар мемлекетіне аттанды.
Екі жылдан кейін қайтып келіп, сансыз әскерімен Абақа хан үстіне аттанып, Ирак
мемлекетіне барды. Абақа ханмен жарасып, қайтып келді. Бір – біріне үнемі
сыйлықтар жіберіп отырды. Хижраның 680 жылы Абақа хан қайтыс болып, оның
орнына Ахмет хан мұсылман еді. Бінеше уақыттан кейін Абақа ханның ұлы
Арғұн ханның қолынаншейіт болды. Арғұн патша болды. Дешті Қыпшақта Мөңке
Темір Арғұн ханның патша болғанын естіп, Тоқай және Теріктай деген екі бегін
бас қылып, 80000 кісіні Арғұн ханның үстіне жіберді. Арғұн хан хабарды естіп,
ӘІмір Тоғажар дегенді сансыз көп әскерімен ілгері жіберді, өзі оның артынан
аттанды. Екі әскер Қарабах үстінде соғысты. Меңку хан әскері жеңіліп қашып
кетті. Мұны естіген ол құса болып өлді. Одан соң Меңку патша болды. Меңкі
залым, дарынсыз адам еді. Тоқтағу хан оның залымдығынан қашып кетті. Біраз
уақыттан соң көп әскер жиып, келіп, Меңкумен соғысты. Меңкуді өлтіріп, өзі
патша болды. Көп жұртты бағындырып, ата дәстүрімен көп іс тындырып, ақыры
бұл дүниені тастап, ол дүниеге кетті. Патшалығы 6 жылға созылды. Сарайшықта
жерленді. Тоқтағу хан өлген соң, Өзбек хан болды. Елді он үш жасында ата-баба
дәстүрімен басқарды. Әркімнің мәртебесіне қарай құрмет кұрмет көрсетіп,
сыйлықтар берді. Елдің ұлыс-ұлысын исламға кіргізді, халықтың дәулеті артты.
Одан соң Жошы елі Өзбек елі атанды. Екі рет иран жұртына Әбусағит үстіне
жүргенімен, Иранды ала алмады., ақыры ажал жетіп, қаза болды.
Өзбек өлген соң, оның ұлы Жәнібек хан көтерілді. Жәнібек хан
таңғажайып мұсылман патша болды, өзін ғұлама, ибалы, ақылды кісі еді.
Сарайшық шаһарында таққа отырды, шариғатты қатаң сақтады. Темірташ ұлы
Мәлік ашраф ол кезде азербайжан патшасы еді, ол өзі сондай пысық, әрі залым еді.
Сондықтан азербайжанның игі , жақсы адамдары жан-жаққа қашып кетті. Қазы
Мұхит деген адам Сарайшыққа қашып келді. Ол күнде уағыз айтатын еді. Қазы
Мұхитдин Жәнібек ханға келіп: «Егер Мәлік ашрафтан біздің кегімізді алып
бермесең, ертең қиямет күні біздің қолымыз сіздің етегіңізге тиеді, - деді. Ханға
бұл күш әсер етті. әскер шақыртып, Мәлік ашрафтың үүстіне аттанды, оны жеңіп,
өлтірді, оның төрт жүз түйе лағы мен жауһарын, өзге де дүние мүлкін өз әскеріне
үлестіріп берді. Ұлы Бердібекті Азербайжанға әкім етіп, өз жұртына қайтып келді.
Одан соң ауруға шалдығып, ол ұзаққа созылды. Хан: «Енді мен бұл аурудан
жазылмаймын» - деп, Әзірбайжандағы ұлы Бердібекті шақыртты. Ол қайтыс болар
алдында халқын жиып, оларға көп насихаттар айтты. Хижранның 758 жылы
қайтыс болды. Он жеті жыл патшалық құрғанол Сарайшықта жерленді.
Тебризден Бердібек келіп үш күн аза тұтып, азадан соң барлық
ханзадалар мен әмірлер Бердібекті хан көтерді. Бердібек өте залым, пысық, іші
қара адам еді. Аға-інісі, барлық туыстарын ешкімін қалдырмай, бәрін өлтіртті.
Ақыры патшалығы ұзаққа созылмай, екі жылдан соң, 762 жылы опат болды.
Сайын хан әулеті Бердібекпен аяқталды. Өзбек ішінде «Нар мойынды Бердібекте
кесілді» деген сөз бар. Бұдан соң Жошы ханның өзге балаларының әулеті
патшалық құрлы.
2.2. Қ.Жалайри «Жами-ат тауарих» шығармасы (Шежірелер жинағы).
Қадырғали Қосымұлы Жалайри (1505-1607) – қазақтың ғұлама тарихшы,
қоғам және мемлекет қайраткері. Ата-бабасы Қарахан әулеті билік жүргізген
кезден бері ұдайы ханның кеңесшілері, уәзірлері, әскери басшылары болып, аса
маңызды мемлекеттік қызметтер атқарып келген. Қадырғалидың әкесі Қосым
кезінде бек дәрежесінде болып, ал атасы Телішік майдандағы ерлігі үшін батыр
атағын алғаны мәлім.
Қадырғали Жалайри алғашында хан ордасында қызмет етіп, ханның
кеңесшісі, хан балаларының тәрбиеші – ұстазы болған. Қалмақ шапқыншылығы
кезінде Шығай ханның баласы (Тәуекел ханның інісі) одан сұлтан қаза табады.
Қадырғали әкесіз қалған он үш жасар Ораз Мұхамедті ертіп, бүкіл ауыл аймағы
мен Сібір ханы Көшімнің қармағына көшіп барады. Көшімхан бірден
Қадырғалиды төбе би етіп тағайындайды. Қосым би ұдайы Ораз Мұхамедті
жанында болып, оны өз баласындай тәрбиелеп өсірді.
Қ.Жалайри – Шығыс тарихы мен әдебиетін, мәдениеті мен салт-санасын
терең меңгерген, араб және парсы тілдерін жетік білетін зиялы, ғұлама жан болған.
Оның даналығы мен ғалымдығына көзі жеткен Көшім хан көп ұзамай-ақ
Қадырғалиды өзіне кеңсші етіп алады. Кейінірек, ол Көшім ханға қарсы шығып,
Сібір князы Сейдақтың да ақылғой- кеңсшісінің бірі болған. Қыдырғали
Қосымұлы, Ораз Мұхамед және Сейдақ – үшеуі бірге жиі-жиі аңға шығып,
серуендейтін болған. Осындай күндердің бірінде (1588) Ертіс өзені бойында
саясатшылық құрып жеткен осы үш қазақты Сібір Воеводы Д.Чулков әдейі аңдып
жүріп қапаста тұтқындайды. Сосын үшеуі де үй ішімен «аманат» ретінде Мәскеуге
патша сарайына жіберіледі. Сонымен Қадырғали Жалайри 1598 ж дейін Мәскеуде
патша сарайында тұрды. Ал Ораз Мұхамед Ресейдің 1590-1591 ж. Қырым
хандығына, Шведтерге қарсы соғыстарына білікті әскери адам ретінде қатысып,
сан рет ерлік көрсетті. Адалдығы мен ерлігі үшін сол кездегі орыс патшасы
Феодор Иванович (И.Грозныйдың ұлы) 1592 ж. Ока өзені бойындағы Қасым
хандығынан Ораз Мұхамед сұлтанға арнайы жарлықпен арнайы жер бөліп берді.
Ресей патшалығы кезінде Қазан хандығына қарсы күрес жүргізу мақсатымен Ока
өзені бойынан «Касымовскяая царство» деп аталатын княздық құрғаны мәлім.
Алғашқы ханы Қасымның есім бойынша солай атанған. Орталығы- Кермен қаласы
еді. Ресей құрамындағы бұл патшалықты Қыпшақ хандарының әулеттері билеп
келді. Орыс патшасы Б.Годунов 1600ж. өз жарлығымен Ораз Мұхамедті осы
Қасым хандығының ханы етіп қойды. Сол жарлығы мен патша Ораз Мұхамедке
төрт уәзір тағайындаған баолатын. Соның бірі Қ.Жалайри еді. Орыс патшасы
Б.Годунов Мәскеуде Ораз Мұхамедке қандай зор қошемет көрсеткенін, тарихшы
Қадырғали Жалайри өзінің «Шежірелер жинағында» егжей тегжейлі баяндаған.
Сөйтіп, 1600 ж. Ғана Қ.Жалайри тікелей ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік
алады. Сол жылы «Қасым патшалығында» ол өзінің «Жами –ат тауарих» атты
тарихи еңбегін жазуды бастап, оны 1602ж. Толық жазып бітті. Бұл кітап сол
кездегі дәстүр бойынша орыс патшасы – Б.Годуновқа арналды.
Қ.Жалайридің бұл еңбегін Шыңғыс хан және оның ұрпақтары
жайындағы, сондай-ақ Қазақ хандығы туралы шежіре деуге болады. Алайда
«Шежірелер жинағының» алғы сөзінде атап көрсетілгендей-ақ, «Қазақстан тарихы
үшін аса маңызды бөлігі-3-ші, яғни бұрын-соңды ешқандай автордың еңбегінде
жазылмаған тың тарихи мәлеметтер берген соңғы бөлімі. Ол тоғыз дастаннан
тұрады. Олардың сегізі Шыңғыс хан ұрпақтарының ішіндегі Қазақстан тарихына
қатысы бар хандар: Тоқтамас, Темір құтылық, Ұрысханұлы, Қаже-Керей, Қажы
Мұхаммед, Әбілхайыр, Жәдігер, Ораз Мұхамед және басқаларға арналған, ол бір
дастаны Алтын Орда тарихындағы ең ірі біртұлға – Едіге биге арналған. «Жәми-ат
тауарих» сол дәуірдегі дәстүрдің дәстүрлі бойынша әдеби түркі тіліндегі
жазылған. Соған орай, автор қазақ тілінің зор мүлкіндіктерін, нақыл сөздерін
шынайы қаламгерге тән шеберлікпен пайдалана білген. Мұнда қаламгер қара
сөздің өзін жыр толғауға ұқсатып, жиі –жиі қайталанып оырған.
Қ. Жалайри шығармасының көркемдік дәрежесін, әдеби құнын дәлелдеу
үшін шежіреден бір ғана мысал келтірейік; «Жеми-ат тауарихта» орыс патшасы
Б.Годуновқа арналған мындай мадақтар жолдары бар: «Жумлят алькристиян падия
хазрат пари Борис Федурауч улуғ ақхан дур... айналасы алты хан, төгірегі төрт
хан, дунияның төрт бурчын биляган хан, халайқын адллік білан сураган хан, иәтім
ләр, га рахим қылып, чығайларна тойдырған хан,қыш уа йаз, ай уа йыл хазина да
бар малын хақ йолында ихсан қылған хан, йеті ықлым кәшур ны алған хан. Міне
осы мадақтау өзінің композициялық құрылымы тұрғысынан сол кездегі жыраулар
поэзиясын еске түсіреді. Мұнда қара сөздің өзі өзі бейне бір жыр-толғау, секілді
ырғақты, ұйқасты болып келген.
Сонымен, «Жами – ат тауарих» тарихи тақырыпта жазылған ғылыми
еңбекхана емес, сондай-ақ бірге өз дәуірінің әдеби дәстүрінде өмірге келген,
көркем сөз үлгілерін шеберлікпен пайдаланған туынды деуге болады.
Енді «Жами-ат тауарих» туралы толық түсінік алу үшін Қ.Жалайри
шежіресінің «Ораз Мухамед хан дастаны» деп аталатын бөліміне тоқтала кетелік.
«Ораз Мұхаммед Ондан сұлатұлы, Шығайханұлы, Жәдікханұлы, Жәнібекханұлы,
Барақханұлы, Құйыршықханұлы, Ұрысханұлы туралы дастандар.
Ораз Мұхаммедтың барлық ата –бабалары, туыстары мен бір дастанда
жазылған. өйткені, Ұрысханнан Жәнібек ханға дейін төотінші буын еді.
Жәнібек ханның оғландарын (ұлдарын) бұл заман тағы еске алады. Оның
ұлдарынан немерелеріне дейін тарқалып, өз уалиаттарында патшалықтарын құрып
билік етті. Сондықтан атақ-даңқы осы заманға дейін машһұр болды.
Ең алдымен айтылатыны-Қасым хан – жаған бегімен (бәйбішеден)
туылған еді. Біраз жылдар бойы атасы басқарған ұлысында патшалық құрды. Және
өз тұсында әр тараптағы уалиаттарды бағындырды. Ақырында Сарайшықта дүние
салды.. қазір оның қабірі Сарайшықта жатыр. Ондан сұлтан туралы хикаялар көп
жерде кездеседі. Ол ержүрек батыр, садақ атудың ең кереметі болған. Әрқашан
сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті. Шығай хан тұсында
әскерлердің бас қолбасшысы болды. Ақырында қалмақтармен шайқаста 30 жасқа
келгенде жігіт шағында шаһит болды. Оның қабірі Қожа Ахмет Яссауидіңғ
қасында жерленген. Оның әйелдері мен күңдері өте көп болған. Ол көп
уалиаттарды бағындырып, өзіне қараты. Оның әйгілі үлкен екі ордасында туған
балалары мыналар: Алтын ханым –Үсек ханның баласы Болат сұлтанның қызы
еді. Одан Ислам падишаһы һәм сұлтаны Ораз Мұхаммед хан туылды. Тәтті ханым
туды.
Чуйдік ханым- Бурундық ханның баласы Кемсін сұлтанның қызы еді.
Одан Көжек сұлтан туған еді. Ол ислам патшасы Тәуекел ханның әскербасшысы
болып тұр. Ол сол уақыттан сол уалиятқа әлі күнге дейін өмір сүріп жатыр. Ораз
Мұхаммед хан сегіз жасында өзінің атасы Шығай ханнан айырылды. Оның үстіне
13 жасында өз әкесі Одан сұлтан шаһит болды. Одан соң және бірнеше уақыт
таршылық көріп, Сейдақбидің алдында кіріптарлық шекті.
Он алты жасында бүкіл христиан падишаһы Борис Федоровичке қызмет
істеуге дайын болды. Сол күннен осы күнге дейінгі Б.Федоровичке қызметін
атқарып келді. Патша ағзам өз қызметшісін жарылқағаны тарихтағы мыңыншы
доңыз жылының ақырында еді. Хамал бурчқа келгенде тышқан жылы еді. Рамазан
айында он бесінші күні бүкіл орыс патшасы Б.Годунов үкім жарлығымен оңды-
солында қарашылар құрметті бектерді отырғызып, көнсе-көнсе, орам-орам
мылтық аңдаздарымен және саясатпен қол қусырып, бас иіп игі жақсылар тұрды.
Осындай салтанатпен Ораз Мұхаммед хан Ондан сұлтан ұлтын аса құрметтеп,
көрініске алып, бұл жерде патша хазіреті алтын таққа отырып, ұлы сұлтан Хазірет
бабасын жанаса отырып, Ораз Мұхаммед ханға Мүбарақ қылды, құтты болсын
айтты. Патша Һазіреттері бас иіп, сый-сияпат көрсетті. Кермен шаһарын енші
қылып берді. Бірнеше күн патша хазіреттері жанында тік тұрып қызмет етті.
Кермен шаһарының бектері, мырзалары, қара халқы-екі жүз кісі онда (Мәскеуде)
әзір еді. Патша хазіреттері рұқсат берді. Ораз Мұхапмед ханға арнайы алпауыт
тілмаш қосып шауһар айында, бейсенбі күні Кермен шаһарына тәзім қылды.
Керменнің жасы мег үлкендері де хан хан қазіреттері құлдығында еді.
Бейсенбі күні Ораз Мұхаммед хан Ондан сұлтанұлын хан көтеріп таққа
отырғызды. Ұлкен, кіші барша орыс, татарлар онда әзір еді. Тамаша үшін үлкен
жиын болды. Төрт кісі төрт жақтан хазіреті ханды алтын сандалдың үстіне
көьерді. 28 жасында Ораз Мұхаммед хазіреті хандыққа отырды. Алла дәрежесін
ғұмырлық етсін.
Барлық үлкен кіші акбар молда және құдайға қараған барлық ислам
жамағаты қазіреттерді түгел қатысып, дұға қылды. Одан кейін қорашылары.
Аталық емдеушілері хазіреттің үстіне нисафлер қылды. Барлық қатысушылар хан
хазіреттеріне бас иді. Патша Борис Федоровичтың тілегін тіледі, әрқашан ертелі
кеш бікесе май інісіде оны есінен шығармайды. Және тағы өзі Алла тағала
құлдығына да әзір еді. Пайғамбарлардың ұлысы- Мұхаммед Мұстафа-Алла тағала
оған нұрын төксін-рухына ардайым дұға оқып жалбарынышпен мінәжат ететін
Бұл тарихтың жазылуына (жазылуына себепші болған) жоғары мәртебелі
Ораз Мұхаммед ханның ата-анасынан бері құлдық қыла келген Жалайыр тарақ
тамғаны еді. Парсы тіліндегі шыңғыснама кітабынан түрік тіліне аударды, ал
кейінгі замандары болғандарды өзі естіп білгені бойнша Алла тағала жәрдем
беріп, теріп жазды. Патша Борис мәңгі әділдігі, ақтыған және жоғары мәртебелі
патшаның құрметпен хандыққа отырғызғанын баяндау үшін жазылды.
Хазірет Нұх ғалейксаламнан оғызға дейін, оғыздан Хижратқа дейін,
хижраттан Шыңғысқа дейін, Шыңғыстан бұл заманға дейін неше түрлі патшалар,
хандар өтіп еді, барлығы баяндалды.
2.3. З.М.Бабыр «Бабыр-наме» шығармасы Захириддин Мухаммед Бабыр-
көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, сонымен қатар ғажайып өлең –
жырлар жазып қалдырған, лирик ақын, дарынды жазушы, ғұлама ғалым атақты
тарихшы ол 1483 жылы 14 ақпанда Әндіжан қаласында туылған. Бабырдың әкесі
Омар Шейх - әйгілі әмір Темірге туажат болып келеді. Шешесі Шағатай әулетінен
шыққан Жүнісханның бәйбішесінен туғагн екінші қызы.Құтылық Нигар ханым
болған. Жүніс ханның тұңғыш қызы Михр Нигар ханым, ал кенже қызы Хуп
Нигар ханым қазақтың белгілі тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы
екені мәлім. Қазақ ханы сұлтан Ахмет яғни Алаша хан осы Жүніс ханның екінші
әйелі Шаһбегімнен туған . жастайынан өнерге , білімге құштар болған Бабыр түркі
тілдерімен қатар араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп, шығыстың классикалық
поэзиясынан еркін сусынданған, тарих, философия, табиғаттану ғылымдары
бойынша өз заманына лайықты едәуір білім алған жан. Ержүрек батырлығы үшін
лоны бала кезден-ақ Бабыр (арабша «Бабыр»-арыстан деген сөз)
Әкесі қайтыс болғанынан кейін екі жасар Бабыр Ферғана уалиатының
әмірі болып таққа отырды. Бұл – қылыштың күшімен Әмір Термір құрған
мемлекеттің іштей әбден ыдырап, әмірші ұрпақтарының билік үшін күресі қызып
жатқан болатын.
Бабырдың мақсаты - Әмудария мен Сырдария аралығында, яғниғ
Мәуеренахрда бір орталыққа бағынатты қуатты мемлекет құру болатын. Сол
арманына жету үшін ол көп жылдар бойы әрекет жасап, талай суыт жорықтарға
аттанады. Бірақ, онысынан нәтиже шықпайды.
Ақыры Шайбани хан бастаған ру –тайпалардың тегеурініне төтеп бере
алмаған Бабыр өзінің сенімді бір топ нөкерлерімен Ауғаныстанға өтіп кетеді.
Содан кейін одан әрі Үндістанға қарай бет алады. 1525 жыл ол Дели сұлтаны
Ибраһим Лоддидің әскерін быт-шыт етіп жеңеді. Сөйтіп, Бабыр Үндістан
билеушісіне айналады. 300жыл бойы, яғни 19 ғасырдың бас кезіне дейін өмір
сүріп келген ұлы Монғол империясының (1526-1858) негізін қалаған мемлекет
қайраткері ретінде Бабырдың тарихта қалды.
Бабырдың есімін көркем сөз зергері негізінде ғана емес, сондай-ақ,
дарынды тарихшы, географ және этнограф ретінде әлемге әйгілі еткен шығармасы
«Бабырнама» болып табылады. Кезінде түркі халықтарының бәрінде бірде ортақ
болып келген әдеби тілде – шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш
бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде XV ғ. соңы мен XVI ғ. бас кезіндегі орта
Азиядағы негізгі саяси оқиғалар егжей тегжейлі баяндалады. Ол кезде Кабул
уалияты деп аталатын қазіргі Ауғаныстан аумағында орын алған тарихи
оқиғаларды «Бабырнама» екінші бөлімінен оқып білуге болады.
Ал Бабырдың өз қолымен жазған мемуарлық кітаптың үшінші бөлімі –
Солт. Үндістандағы саяси оқиғаларды, осы елдің ғажайып географиясын,
табиғатын, халқын , әдет ғұрып, салт-санасын т.б. көркем тілде бейнелеп
көрсетуге арналған.
Бабыр билеуші тап өкілдерінің тақпен тәжге таласып, үздіксіз жүргізген
соғыстарын мағынасын қан төгілген шайқастардың салдарынан қаңырап қалған
қалалар мен бау-бақшасы сусыз, қурап кеткен өлкелерді, алым-салықтың шамадан
тыс көбейіп кеткенін, жұт жайлаған ауылдарды,т.б. бүкпесіз, ашықтан-ашық
әңгімелейді.
Бұл жөнінде Бабырдың өзі былай деп жазды: «Мұнда жазылғанның бәрі
ақиқат . мен өзіме -өзім мынадай шарт қойдым, әрбір оқиға қалай болғанын-дәл
солай жазамын, мен жазған әрбір сөз шындық болсын. Сондықтан өзімнің туған
туысқандарымның жақсы жақтарын да, жаман жақтарында жасырмай айттым.
өзіме жақын жандарды да, жат кісілердің де кемшіліктерімен игі қасиеттерін баян
еттім.
Бабырдың бүкіл ғұмырын жан жақты қамтып бұл көрсететін
автобиографиялық сипаттағы туынды әр жылда болып өткен елеулі тарихи
оқиғаларды құрғақ фактілерімен жіпке тізгендей етіп баяндайтын жылнама
түріндегі шежіре кітап емес. «Бабырнама – құнарлы, бейнелі тілмен жазылған,
дарынды сөз зергерлік колынан шыққан нағыз көркем шығарма екені даусыз.
Сонымен Бабыр жазған шығарма қазіргі қай халықтың мұрасы саналады? «Бабыр-
наманың» қазақ халқының тарихына, әдебиетіне, тіліне, рухани өмірінің басқада
салаларына қатысты қандай дәрежеде болды?
Кезінде қазақтың оқыған зиялылары «Бабыр-наманы» қазақ халқының өз
тарихы туралы жазылған шығарма деп таныды. Мұнысы орынды да еді. Себебі,
Бабырдың бұл еңбегінде кейінірек қазақ, өзбек, түркмен т.б. түркітілдес
тайпалардың тарихы баяндалды. Бірқатар, қазақ хандары, батырлары, қоғам
қайраткерлері, ақындары туралы аса құнды деректер бар. Ежелгі қазақ жеріндегі
кенттер, өзендер, көлдер, таулар, сондай-ақ өсімдіктер мен жан-жануарлар т.б.
әңгіме болды. Мәселен, Бабырнамада» қазақтың Түркістан, Сайрам, Отырар
секілді шаһарлары туралы, Сырдари мен Арыс көзендері туралы қызықты
деректер бар. Бабыр өзінің әкесі Омар Шейхтың Арыс өзені бойындағы бір
шайқасы жайында айта келіп, «Арыс өзенінен өтіп, Омар Шейх өзбектерді тас
талқан етіп жеңді, олардан тұтқындармен малдарды тартып алып, бұрынғы
иелеріне қайтарып берді» - деп жазды.
Сол кезде қыпшақ даласын мекен еткен түрлі халықтардың ежелгі
тарихын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, діни-ұғымдарын т,б, сөз етеді.
«Бабырнамада» қазақтың алғашқы хандары Жәнібек, үш жүз мыңға жуық
атты әскері болған қазақ ханы- Қасым, ұлы жүздің Жетісудағы Дулат тайпасынан
шыққан тарихшы ғалымы, әрі ақын – Мухаммед Хайдар Дулати, Жалайыр руынан
шыққан ақын – Хасен али т.б. жөніндегі нақты тарихи деректер берілген. Қазақ
елінің Қыпшақ, Дулат, Жалайыр руларынан шығып, кезінде қолбасы болып, есік
ағасы, ұлы бек секілді жоғары лауазымды қызмет атқарған жиырма шақты қоғам
қайраткерлеріне Бабыр өзінше мінездеме берді.
Бабыр өз шығармасында жүніс ханның сұлу қызы Сұлтан Нигар ханым
туралы айта келіп, оны Әдік сұлтан өлген соң, қазақ ұлысының ханы Қасым
алды... Қазақ хандары мен сұлтандарының бірде –біреуі бұл ұлысты Қасы хандай
нығайтқан емес.
Сондай-ақ Бабыр өзінің туған бөлесі, қазақтың белгілі тарихшы-ғалымы
Мұхаммед Хайдар Дулати туралы да өз пікірін айтты: «Хайдардың әкесін өзбектер
өлтірген соң, ол менің қармағыма келіп, үш-төрт жыл тұрды. Кейін рұқсат сұрап,
Қашқар ханға кетті. Жұртың айтуы бойынша ол енді баяғыдай емес, байсалды
болып, дұрыс жолға түсіпті. Қолы әр іске епшіл-ақ, жазуға да, сурет салуға да,
жебе ұстауға да ұста. Өлең сөзге де дарыны бар. Маған жазған өтініші келген еді.
Сөз саптауы жаман емес.
Ал кезінде қасида өлең (мақтау өлең, ода) жазуда алдына жан салмайтын
дарынды ақын Хасен Әли туралы «Бабыр-Намада» мынадай нақты деректер бар:
«Хасен Али жалайыр еді. Шын аты Құсайын Жалайыр еді. Бірақ ол Хасен Али
деген атпен көбірек мәлім болды. Әкесі Әли Жалайырға Бабыр мырза құрмет
көрсетіп, оны бек етті.
Міне, қазақ халқының этникалық құрамына енген ру тайпалардан
шығып, есімдері XV-XVI ғасыр Шағатай тіліндегі әдебиетте мәшһұр болған
осындай шайырлар, тарихшалар аз емес пе еді. Қасида жазуда кезінде алджына
жан салмаған жалайыр Хасен Әли жырлары да, кезеңде поэзия әлемін дүрліктірген
Хайдар Дулатидың «Жиһаннемесі» де қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар
щығармалар екені даусыз. Ұлы Абай көрнекі шығыстанушы ғалым Ш.Уалиханов
және академик – жазушы Мухтар Әуезов кезінде «Бабырнаманы» ерекше зейін
қойып оқып, бұл еңбеңті қазақ халқының тарихына , ертеректегі тілі мен
әдебиетіне, этнографиясына тікелей қатысты шығарма деп танығаны мәлім. Олар
Бабыр кітабының қазақ халқы тарихына қатысты жақтарын ашып көрсетті.
Сондай-ақ өздері де XV-XVI ғасырлардығы қазақ тарихын, әдебиетін сөз еткенде,
осы еңбектің ұрыстал тұстарынан нақты дерек келтіріп отырған.
Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген қара
сөзбен жазылған еңбегінде, «Белгілі Бабыр патшаның шешесімен бір туысқан екі
бауыры болған, үлкені, Ташкентте ханболып, кішісі қазақты билеген. Бұлар
Шағатай нәсілінен Жүніс ханның балалары болған. Сол қазақты билегеннің аты
Ахмет екен. Ол кезінде аттанысқа жарарлық қазақтан үш жүз әскер шығарып, үш
жүз басыға билетіпті. Әр жүздің халқы ынтымағымен бір туысқанға есеп болыпты.
Қазақтың «Үш жүз баласы» дейтұғыны сол. Ахмет хан қалмақты көп шауыпты,
көп қырыпты. Қалмақ рақымсыздығына қарай «Мынау бір алаша болды ғой»
депті, жан алушы болды ғой дегеннің орнына. Сондықтан ол кісі Алаша хан
атаныпты. «Бабырнамада» солай жазылған дейді.
Қазақ халқының азаматтық тарихына тікелей қатысты «Бабырнамада»
қызықты мәліметтерге, әсіресе, 400 мың нөкері болған қазақ ханы Арслан
(Арыстан) жөніндегі деректерге кезінде Шоқан Уалиханов ерекші көңіл аударып,
бұл шығарманы осы тұрғыдан аса жоғары бағалағаны мәлім. Біз «Бабырнама»
Шағатай тілінде жазылған деп жүрміз. Ол қандай тіл? Сол жөнінде сөз етсек.
Кезінде Шағатай хан билеген өлке «Шағатай ұлысы» десе, ал кейінірек барып
Орта Азиямен соған көрші отырған бүкіл түркі халықтарына ортақ-орта Азиялық
әдеби тілді» «Шағатай тілі» деп атаған. Бұл тілді қазір орта ғасырлық түркі әдеби
жазба тілі депте атайды. Ал Бабыр заманында « Шағатай тілі» дегеннен гөрі
«түрікше», «түркі», «түрік тілі» секілді атаулар көбірек қолданылған.
«Бабырнама» тарихи, ғылыми еңбек қана емес, сонымен бірге түркі
тілінің мол мүмкіндіктерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем
туынды. Рас, бұл прозалық шығарманың негізгі объектісі тарихи оқиғалар болып
келеді. Әйтсе де автор сол тарихи оқиғаларды баяндап шығумен шектеліп
қоймайды. Жазушы көркем шығармаларға тән метафора, теңеу, литатеза, эпитет,
гипербола т.б. көріктендіру құралдарын «Бабырнамада»зор білгірдікпен
қолданғаны еріксіз назар аудартады.
«Бабырнамада» түркі тілдес халықтардың ертегі-аңыздары, мақал-
мәтелдері, фразиологиялық сөз тіркестері, айшықты теңеу сөздері жиі ұшырасады.
«Бабырнама» оқуға жеңіл, оқушысын бірден баурап әкететін туынды.
Жиһанкез Бабыр сөзі жүрген жерлердің табиғатын, тауларын, өзендіре мен
көлдерін, орман-тоғайларын, аңдары мен құстарын нағыз суретшіге тән
шеберлікпен бейнелеп көрсетеді. әлемге есемі әйгілі, шығыстанушы ғалым –
В.В.Бартольд «Бабырнаманы» көркемдік дәрежесін жоғары бағалай келіп, оны
түркі тіліндегі прозалық шығарманың ең жақсы үлгісі» деген еді.
Қорыта айтқанда, «Бабырнама» - шын мағынасындағы энсиклопедиялық
шығарма. Мұнда ғылымның әртүрлі салалары жөнінде аса құнды мәліметтер
берілген. Қазақ халқының азаматтық тарихына, әсіресе, әдебиеті мен
этнографиясына қатысты материалдар Бабырдың осы еңбегінде мейлінше көп
жинақталған. Орта Азия мен Үнді елінде XV ғ соңы мен XVI ғ бас кезінде болған
тарихи оқиғалардың, сол кездегі феодалдық қарым-қатынасты дәл осы
кітаптағыдай толық әрі шебер суреттейтін бірді-бір әдеби және тарихи жәдігер
жоқ. Әсіресе, мұнда сол кездегі Үндістан туралы егжей-тегжейлі, зор ілтипатпен
жазылған.
Жалпы, «Бабырнама» шығармасы күні бүгінге дейін өз маңыздылығын
жоймаған көркем туынды.
2.4.
М.Х.Дулати «Тарихи и Рашиди» шығармасы.
М.Х.Дулати –қазақтың есімі әлемге машһұр тұңғыш тарихшы, ғалым,
кемеңгер ойшыл, аса дарынды қаламгері, әдебиет зерттеушісі, этнограф.
Ұлы ғылымның әкесі Мухамед Хусейн кезінде моғолстан мемлекетінде
билушісі болған Сұлтан Махмұд ханның туған қарындасы Хуб Нигар ханымға
үйленген. Дәлірек айтсақ, Хайдар Дулатидың анасы Хуб Нигар ханым-Моғолстан
әміршісі Жүніс ханның кенже қызы. Ал Жүніс ханның тұңғыш қызы Михр Нигар
ханым-аты әлемге әйгілі Захриддин Мұхаммед Бабырдың анасы.
Сонымен, Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд күйеу баласы Мұхаммед
Хусейнге Ташкент маңайындағы Ора төбе өңірін сыйға тартты. Міне сонда
Ташкент шаһарында 1499ж Хайдар Дулати дүниеге келді.
Хайдар Дулати -өз заманы үлесін аса терең білім алған ғұлама адам.
Тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша оған
дәріс берген ұлы Бабыр, Сұлтан Сайдхан сияқты орта ғасырдың аса көрнекті
ғұламалары еді.
Тарихи Рашиди. «Тарих и Рашиди» Хайдар Дулатидың есімін әлемге
мәшһұр еткен ең басты шығармасы. Бұл еңбегінде ғалым 15-16 ғ қазіргі Қазақстан,
Өзбекстан, Қырғызстан, Шығ Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи
оқиғалар туралы жазды. Сондай-ақ Ауғаныстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған
кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған. Ғалым сол елдерді мекен
еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық әлеуметтік өмірін,
мәдениетін, салт-санасынзор білгірлікпен жазып қалдырған. Бұл еңбектің ең
құнарлығы –Хайдар Дулати өз көзімен көрген аса маңызды оқиғаларды өзінен
бұрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер
түрде байланыстыра отырып баяндады.
«Тарих и Рашиди» - қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан,
Ауғаныстан, Үндістан, Тибет елдерінің XV-XVI ғ тарихын, географиясын,
әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін аса құнды, таптырмас деректер
көзі болып табылады. Қазақ тарихы, Дулатидың айтуы бойынша, Моғолстан
мемлекетінің өмірге келуімен тікелей байланысты. Моғолстан – шығысында
Ертіспен, Солтүстігінде Балхаш көлімен, батысында – Түркістан және Ташкент
шаһарлары меноңтүстігінде Қашқариямен шектесіп жатқан ұлан-ғайр мемлекет
еді. Сонау XIV ғ. ІІ жартысында моғолстанның алғашқы хандары тоғылық
Темірмен Ілияс Қожа Мауеренахрды өзіне қарату үшін бірқатар соғытар жүргізді.
Бертін келе осы мемлекетке қарасты, Жетісу жерінің билік әрбір Каларрадинге
көшті. Бұл кезде орта Азияның билушісі Әмір Темір Моғолстанның қайта-қайта
шабуыл ұйымдастыруымен болды. Моғолстанның билеушілері Әмір Каларрадин
дулат, Еңкі төре, Қызыр қожа хан және Ақорда билушісі Тоқтамыс хан бас қосып,
Әмір Темірге қарсы шықты.
XV ғ. ІІ жартысында мемлекеттің ішкі қолбасшылары күшейіп қазақтың
көптеген ру-тайпаларын, Дешті Қыпшақты тастап шықты. Олар енді Жетісуға
қоныс аударды. Моғолстан ханы Есбұға Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы
алып, Шу өзені, қарату маңайынан қоныс берді. Ал Жәнібек пен Керей бұл кезде
қазақ хандығын құрды. Сөйтіп, Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди», еңбегінде
қазақтың алғашқы хандары және олардың көрші мемлекетпен қарым – қатынасы
кең көлемде сөз болады.
Х.Дулати қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалар
жайында тарихта сан рет қанды қақтығыстарға соқтығысып жүргенін ел ішіндегі
алауыздықты сыртқы жаулар қалай пайдаланып кеткенін нақты деректер негізінде
әңгімелейді.
М.Х.Дулати тарихшы ғалым ғана емес, ол сонымен бірге аса дарынды
жазушы, ақын. Сол себепті ол «Тарих и Рашиди» көркем сөз зергері ретінде жазып
шыққан. Қаламгер өз сөзімен көрген оқиғаларды аса дарынды суреттерге ғана тән
шеберлікпен бейнелеп көрсетті. Міне, соның нәтижесіде, «Тарих и Рашиди» ресми
тарихтан гөрі, көркем шежіре дәстүрімен жазылған шығармаға көбірек ұқсайды.
Жалпв Х.Дулати өмір сүрген дәуірде оқыған зиялылар арасында шежіре жазу
салты кең тараған еді. әйтсе де Х.Дулати жазған шежіре ғылыми жағынанда,
көркем сөз өнері тұрғысынанда өзгелерден шоқтығы биік туынды болатын.
Х.Дулатидың бірқатар елдерге жасаған саяхаттары да осы еңбекте тартымды түрде
баяндалған. Тарих и Рашиди қызықты оқиғаларға, ғажайып көріністерге толы,
еңбек мәселен, қаламгер Тибет елінің табиғатын сүйсіне сүйреттеп, ондағы алтын
өндіру кендері туралы қызықты хикаялар айтады.
М.Х. Дулати өз дәуірінің белгілі ақыны болған. Жыр қадірін жектік
білетін атақты Бабыр патша кезәнде Хайдар Дулатидың ақындық дарынын аса
жоғары бағалаған. Жиын –тойларда Дулатидың лирикалық өлеңдері әуенге салып
айтады екен.
Ақын өлеңдерінің негізгі идеясы адамгершілік, сүйіспеншілік,
достастыққа адалдық болып келеді. Ол өз өмірінде әлемнің көп жерін аралап,
талай-талай тарихи оқиғаларға куә болған. Тағдар тауқыметін көп көрген ақын
кезінде, көп ел аралаған кезбе саяхаттарды, Кашмир тағында отырған хан да
болған. Сол себепті ол жалған дүниенің өкініші екенін, адам өмірінің құбылмалы
болатынын қашан да жақсылық жамандық өз ара шайқалып жататынын
өзгелерден гөрі тереңірек пайымдаған.
М.Х Дулати Кашмир елін жаулап алып, хан тағында отырған кезіндегі
көрген-білгендерін зор шеберлікпен жазады. Мәселен, «Тарих и Рашидиде»
бинеленген мынадай көріністер бар: «Кашми рауасының (Температурасы) жаз
айында өте қоңыр салқын, сондықтан ешқандай желпуіштің қажеті жоқ. Ұдайы
қоңыр салқын самал есіп тұрады. Оның қош иісті лебі адам жанын жадыратып
жібереді. Үнемі жанның деміндей жандандырып жіберер қасиетке ие таңғы
самалдан райхан жапырақтары төгіліп жатады. Сайраған бұлбылдар мына халді
баян еткендей шіріп кеткен сүйектерді кім тірілте алады? Шынында да, «Тарих и
Рашиди» құнарлы бейнелі тілмен қазақтың айту дәстүрінде шебер жазылған
көркем туынды. Ол дарынды қаламгер ретінде тарихи тұлғалардың жанды
бинелерін жасаған. «Тарих и Рашиди» қанаты сөздерге, мақал-мәтелдерге, сан
қилы әдеби теңеулерге, мейлінше бай. Ең бастысы – бұл мемуарлық еңбектің
шынайы туындыға тән сюжеттік жемісі бар, композициялық құрылысы ширақ
жасалған әрі метафора, эпитет, теңеу істептес көріктеу құралдары қатар
пайдаланылады.
Дәл сол деректер жайында өзінің ой толғаныстарын дидактикалық,
философиялық, психологиялық тұрғыдан талдап түсіндіреді. Ғалымның бұл
философиялық пікірлері арнайы зерттеуді қажет етеді.
Хайдар Дулати «Тарих и Рашидиді» жазу үстінде өзі дарынды ақын
ретінде танытады. Прозатілімен түсіндіру қиын болған кейбір жәйттерді ол
аракідік поэзия тілімен, яғни жырмен жетікізеді.Х.Дулатидың ақындық
дарынының кезінде «Тарих и Рашидиді» өзге тілдерге тәжіма жасаған батыспен
шығыстың көптеген ғұламалары ерекше атап көрсеткен. Х.Дулати бұл еңбегінде
өзінен көп бұрын өмір сүрген және өзімен замандас шығыс шайырларының
поэзиясына теориялық талдау жасап, олардың өлеңдерінен мысалдыр келтіріп
отырады. Олар: Науай, Жәми, Бинай, Сухали, Хилали т.б. ақындар.
Жанырлық тұрғыдан алғанда «тарих и Рашиди» ғылыми еңбек, әрі түркі
тілдес халықтарының шынайы шежіресі, сондай-ақ тарихи тақырыпқа жазылған
көркем туынды деуге болады.
Біріншіден, «Тарих и Рашиди» көне түркі, Шағатай, араб, парсы, латын,
грек, үнді, тілдерінде жазылған, есімдері әлемге әйгілі шығыспен батыс
ғұламаларының тарихи зерттеушілеріне негізделіп жазылған нағыз ғылыми еңбек.
Екіншіден, Хайдар Дулати еңбегі сан ғасырлар бойы ұрпақтан –ұрпаққа
жалғасып, ауызша айтылып келе жатқан тарихи дерктерді, аңыз-афсаналарды,
хандар мен сұлтандардың генеологиясын өз тіліне қамтыған шынайы шежіре кітап
деуге болады.
Үшіншіден қазақ зиялылары шежіре кітаптарды тарихи тақырыпқа
жазылған көркем туынды ретінде таныған тіпті, алғашқы ресми тарих ретінде
жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы – жаралар оған көркем теңеулер қосып,
бірте-бірте шежіре мәтінін тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындыға
айналдырып жіберетін болған. Міне, «Тарих и Рашиди» атты еңбекті жазу
барысында Мырза Хайдар Дулати осы жәйіттерді мықап еске ала отырып, оны
жоғарыда аталған үш талапқа да сай жауап беретіндей етіп жазған.
Қорыта айтқанда, Хайдар Дулатидың «Тарих и Рашиди» атты еңбегі –
бүкіл түрік тектес халықтар тарихынан, соның ішінде қазақ қауымының көне
шежіресінен аса құнды деректер беретін бірден-бір туынды.
Қорытынды.
Жалпы, қасиетті қазақ топырағын небір ұлы ақын – жазушылар,
әдебиетші мен тарихшы, сәулетші меншежірешілерге өте бай мекен. Біз сөз қылып
отырған тақырып желісіне сәйкес, осы аталған қоғам қайраткерлері ішінде
тарихшы мен шежірешілердің шоқтығы әрқашан биік тұрды. XV ғ. Орта шенінде,
яғни, әлемде жаңа бір хандықтың пайда болуы тарихына сәйкес, бұл територияны
мекен еткен сол ардақты тарихшылар мен шежірешілер өз білгірлігі мен құдай
берген дарындылықтарының арқасында кең көлемде жазылған бірнеше
туындыларды дүниеге әкелді. Солардың ішінде, яғни, қазақ хандығы дәуіріндегі
тарихи шығармалар – осы күнгі қазақ халқының тарихи баспалдағына алғышарт
жасады.
Әбілғазы Баһадур (1603-1664) «Түрік шежіресі» (шежіре и түрік) атты
тырнақ алды туындысын өмірге әкеліп, бүкіл түркі халықтарының этногенездің
жүйесіне сипаттама беріп өтті. Бұл еңбектің маңыздылығы сол, мұндағы шежіре
адам атадан бастап, Шыңғыс ханға дейінгі, одан кейінгі дәуіріндегі әйгілі оқиғалар
мен сол оқиғаларды тудырушы саяси қайраткерлер туралы шынайы мәліметтер
шоғырланған.
Ал неді, Қадырғали Жалайри (Жами –ат Тауарих) «Шежірелер жинағы»
атты тарихи шығармасы да қазақ хандығы дәуірінде жазылып, зор көлемдегі
мақтау –марапатқа ие болған көркем туынды.
Қ.Жалайри бұл еңбегінен оқырман қауым әсіресе, Шыңғыс хан мен оның
ұрпақтары жайлы бврлық мәліметтерді ала алды. Ал енді, бұл еңбектің 3-ші
бөлімінде Жалайри қазақ тарихы туралы ешқандай автордың еңбегінде жарық
көрмеген тың материалдар беріп өткен. Сондықтан да бұл шығарманың маңызды
қазақ халқы мен тарихы үшін өте зор.
Әйгілі, қолбасы Захириддин Мұхаммед Бабырдың өз қолымен жазған
мемуарлық «Бабырнама » шығармасыда қазақ хандығы тарихына баиланысты
«ақтаңдақ» сырлардың құпия сын ашады. Мұнда да, Бабырдың айтуы бойынша
сол кездегі қазақ хандығының саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайы баян
етілген. Бабыр қандай хандар мен саяси қайраткерлер қазақ жұртын басқарғаннын,
олардың ел басқару тенденцияларында бүге-шүгесіне дейін айтып берген.
Ал енді, қазақ хандығы энциклопедиясы саналатын Мырза Хайдар
Дулатидың, «Тарих и Рашиди» еңбегі аса зор мәнге ие. өйткені, сол кездегі қазақ
қоғамының әлеуметтік, саяси институттарын М.Х.Дулати өз бөлесі Бабырдан кем
деңгейде сипатталмаған. Сондай-ақ тек қазақ хандығы ғана емес, бұл еңбек
арқылы Ауғаныстан, Парсы, Үндістан, Кашмир аймақтарыныңда сол кездегі
жағдайларын білуге болады.
Сонымен, қорыта айтар болсақ, бұл аталған тырнақалды туындылар
өскелең ұрпаққа өткен тарихын оқытып, өнеге беруде жетекші қадам бола бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |