Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім жеке кәсіпкерлік ұғымы,түрлері Жеке кәсіпкерлік субьектілері,олардыі құқықтары III. Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі90,96 Kb.
#117306
  1   2


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1 Жеке кәсіпкерлік ұғымы,түрлері
1.2 Жеке кәсіпкерлік субьектілері,олардыі құқықтары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе
Қазақстан Републикасының Преиденті Н. Назарбаев 2006 жылғы
қаңтардың 31-інде «Жеке кәсіпкерлік туралы » Заңға қол койды.
Бұған дейінгі «Жек кәсіпкерплікті қорғау және қолдау туралы» 1992
жылғы 4 шілдеде, «Шағынкәсіпкерлікті мемлекеттік туралыөмірге келді
жылғы 19- маусымда қабылданған заңдардың күші жойылып, мүлдем жаңа
тұрпатты .Жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкерліктің бір түрі ретінде пайда табуға
бағытталған, азаматтың өзінің меншігіне негізделген және азаматтың өз
тәуекелімен жүзеге асырылатын азаматтың бастамашылық
қызметі.Кәсіпкерлікте еңбектік жалдау шарты бойынша жұмыстар жатпайды.
Жекекәсіпкерліктің субъектілері болып заңды тұлғаны құрмай – ақ
кәсіпкерлікқызметпен айналысатын жеке тұлғалар танылады. Жеке
кәсіпкерлік түрлеріжеке тұлғалық кәсіпкер және ортақ кәсіпкерлік болып
бөлінеді.
Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның
қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке
кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады.
Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке хұқы бар бір азаматпен жасалады,
сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа хұқықтары бар.
Біріккен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік хұқықтарына ие
бірнеше азаматтың бірлесуісен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп
пайдалану мен бірігіп билеу хұқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік
жауапкершілік негізінде құрылады.


Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол
өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп
тұруы тиіс.
Салық мөлшері кәсіпкер жұмыс істейтін салық режимімен анықталады.
Патент негізінде құрылған қызметте кәсіпкер кірісі 3 проценттік табысқа
негізделеді. Жеңілдік декларациясы негізіндегі кәсіпкер кірісі 3-7 проценке
дейін оның сомасына байланысты бөлінеді.
Жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебі патент пен жеңілдік декларациясын
қолданатын болса, заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінен жеңіл болып келеді.
Патентепен жұмыс кезінде ол мүлде болмайды. Бұл артықшылық жеке
кәсіпкердің бухгалтерлік есепті бухгалтер жалдамай-ақ өзі жүргізуіне
мүмкіндік береді. Жеңілдік декларациясын қолдану заңды тұлғаға да болады,
бірақ көп жағдайда бухгалтер жалдауды қажет етеді.
Жеке кәсіпкер заңды тұлғамен қайта құрыла алмайды, мысалы ЖШС
бола алмайды.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге шығын өте аз.
Мемлекеттік тіркеуден кейін жеке кәсіпкер ретінде мөр мен белгінің
дайындалуына төлеуіңіз керек, егер оны қажетсіз деп санасаңыз 1000 теңге
төлейсіз. 
Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:
- мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне
негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай
иемдену;
- шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу;
- келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан
босату;
- еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу;
- шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру;
- жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;
- бағалар мен тарифтерді белгілеу;
- таза пайданы пайдалану;
- сыртқы экономикалық қатынастарда болу, т.б.
Жеке тұлғалық кәсіпкерлік - бір азаматпен жүзеге асырылады; ортақ
кәсіпкерлік - адамның тобымен жүзеге асырылады.
Ортақ кәсіпкерлік нысандары болып мыналар табылады:
- ерлі – зайыптылардың кәсіпкерлігі;


- отбасылық кәсіпкерлік (шаруа қожалығы немесе жекешелендірілген
тұрғын
үйге ортақ меншікке негізделген );
- жай серіктестік ( ортақ үлестік меншік негізінде).
Жеке тұлғалық кәсіпкерлікті – некеде тұратын азаматтар жұзеге асырса,
егер
ерінің немесе зайыбының келісімісіз өзі құрған болса, онда ері
немесезайыбының келісімі талап етілмейді. Отбасылық кәсіпкерлікті жүзеге
асырукезінде басқада тұрғын меншік иесінің келісімімен куәландырылуы
қажет.
Жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқығы жеке тұлғалардың салық
органдарында тіркелген сәттен бастап туындап және айқын сипатқа ие
болады. Міндетті мемлекеттік тіркеуге келесі шарттарға сәйкес жеке
кәсіпкерлер жатады: 1-ші тұрақты негізде жалданбалы жұмысшылар еңбегі
пайдаланылады; 2-ші жеке тұлғалардың олар үшін бекітілген жиынтық
жылдық табыс мөлшері, кәсіпкерлік қызметті иеленуге мүмкіндік берсе.
Заңдарға сәйкес аударылған жиынтық жылдық табыстарды кәсіпкерлік
қызметтен иеленсе міндетті мемлекеттік тіркеледі. Мемлекеттік тіркеу арқылы
куәлік азаматтардың жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалық амалы болып
табылады. Лицензиялауға тиіс қызмет түрлеріне лицензия бергені үшін алым
алынады.
Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың өзінің (жеке кәсіпкерлік) немесе
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі)
меншігіне негізделген және адамның тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігіне
алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың табыс табуына бағытталған бастамашылық қызмет болып
табылады. Жеке кәсіпкердің меншігіне қол сұғуға болмайды және ол
заңмен қорғалады. Жеке кәсіпкердің шаруашылық жүргізу субьектілердің
қызметін
тоқтата тұру және оны күштеп тарату сот шешімімен ғана жүргізіледі.
ҚР-сы жеке кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі қатынастары азаматтық заңның
нормаларымен қолданылады.
Жеке меншік кәсіпкерлік субъектіне қатысты жағдайлар: жеке
кәсіпкерлік субъекттері, микро – бизнес субъектері, шағын кәсіпкерлік
субъекттері, орта кәсіпкерлік субъекттері және ірі бизнес субъекттері. Жеке
кәсіпкерлік субъектісі дегеніміз – заңды тұлғалардың қатысуынсыз жеке
кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке тұлғалар. Жеке кәсіпкерлік жалғыз адам


болуы немесе біріккен адамдар болуы да мүмкін. Жеке меншік кәсіпкерлікте
жеке адамның өз - өзінің жеке мүлкімен жауап береді. Ал біріккен кәсіпкерлік
бірнеше адамдардың өз мүлкі арқылы жауапкершілігімен бірігіп
кәсіпкерлікпен шұғылдануы. ҚР жеке кәсіпкерлік түрлерін схема түрінде
көрсетуге болады: Жеке кәсіпкерлік түрлері: Жеке - жеке азаматтар өз
меншігіндегі мүлік негізінде жауап береді Біріккен - ерлі зайыпты адамдардың
бірге меншігіндегі пайдаланатын мүлкі негізінде отбасы кәсіпкерлігі: тұрғын
үйге біріккен меншігі шаруа қожалығын бірігіп ашу негізінде Жай серіктестік,
әрқайсысының өз меншігінен үлесін қосу арқылы Шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің ішінде ең көп тараған түрі жеке кәсіпкерлік болып табылады.
Бизнестің бұл түрімен айналысу арзан, әрі қарапайым, себебі: – біріншіден,
құрылтайшылық құжаттар дайындау қажет емес; – екіншіден, егер әріптестер
анықталмаса, жұмысты өз бетімен бастауына немесе патент алуына болады; –
үшінші, мемлекеттік тіркеу және басқа мөр, бухгалтерлік есебін дайындау
айтарлықтай күрделі емес; – төртінші, I, II, III топтағы мүгедектер мен
оралмандар (азаматтығын алғанша) ұйымдастырған шаруа қожалықтары
мемлекеттік тіркеуден тегін өтеді. Жеке кәсіпкерлікті тіркеу тәртібі:
кәсіпкерлікте талон алғандар және кәсіпкерлік ісі 910 күннен аспайтын жеке
тұлғалардан басқа жеке кәсіпкерлердің барлығы мемлекеттік тіркеуден өтуі
тиіс; салыө органдарындағы тіркеу кәсіпкердің өзі келіп хабарланғаннан кейін,
өзі тұрақты тұратын жерінде ғана жүзеге асады; мемлекеттік тіркеу дегеніміз
жеке кәсіпкер ретінде есепке алып, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
мемлекеттік тіркеу барлық қажетті құжаттар ұсынылған күші жүзеге
асырылады. Салық комитетіне мынандай құжаттар дайындау қажет:
белгіленген формаға сай өтініш толтыру керек; аты – жөні, туған жылы,
төлқұжат немесе жеке куәлігіндегі мәліметтер, тұратын жері, егер бар болса
кәсіпорынның тұрған жері; мемлекеттік тіркеуден өткені үшін төлеген төлемі
туралы түбіртек (4 есептік көрсеткіш көлемінде). Мемлекеттік тіркеу куәлігі
шексіз мерзімге беріледі. Мемлекеттік тіркеу аяқталды деп есептелгеннен
кейін кәсіпкерлік қызметке қажетіне қарай лицензия беріліп, өз жұмысын
бастай береді. Жеңілдетілген салық ҚР Салық кодексі ережелерінде қаралып,
белгіленеді. Жеңілдетілген салық арнайы өтініш бергеннен (табысы туралы)
кейін белгіленеді. Шағын бизнес субъектісі салық төлеудегі жеңілдіктердің
біреуін ғана таңдай алады: жалпы ережелер; бір рет пайдаланылатын талон
бойынша; патентке негізделген арнайы ережелер; жеңілдетілген декларация
негізіндегі арнайы салық ережелері.
Жеке кәсіпкерлікті құқықтық реттеу шектерi
Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
белгіленген негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін. Жеке кәсіпкерлікті
шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша
құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкін.


Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер
қабылдауына тыйым салынады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке
кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттің
мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:
o
жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды
қамтамасыз ету;
o
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің теңдігі;
o
жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол
сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі;
o
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың
басымдығы;
o
жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық
актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
қатысуы болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық
нысанда ғана құрыла алады. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;

орта кәсіпкерлік субъектілеріне;

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуы мүмкін.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан
аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын,
жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы
активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық
есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері
болып табылады.
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге
асырылады.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік
негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол
беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.


Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік
кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға келісімі талап етілмейді.
Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың
ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не
ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай
пайдалануға жұбайының келісімі қажет.
Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне
ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп
пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай
жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық
мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан
жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге
асырылады. Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге
асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
2) шаруа немесе фермер қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе
жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге
асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай
серіктестік болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде жұбайлардың бірі
екінші жұбайдың келісімімен іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан
әрекет етеді, келісім дара кәсіпкерді тіркеу кезінде расталуы немесе дара
кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылған жағдайларда
жазбаша түрде көрсетіліп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің іскерлік айналымда ерлі-зайыптылар атынан
әрекет етуіне екіншісінің келісімі болмаған кезде іскерлік айналымда әрекет
ететін жұбай дара кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге
асыратындығы көзделеді.
Жай серіктестік нысанын пайдаланатын дара кәсіпкерлік Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық
мүлкімен жауапты болады.


Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде өзіне меншік
құқығымен тиесілі барлық мүлкімен, соның ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ
меншігіндегі үлесімен жауапты болады.
Жеке тұлға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың
ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндіріп алу
ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне де қолданыла алады.
Жұбайлардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкі
өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұбайының біреуінің борыштары
бойынша өндіріп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.
Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде ерлі-зайыптылардың
кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндіріп алу
олардың қайсының іскерлік айналымда әрекет ететініне қарамастан, ерлі-
зайыптылардың ортақ мүлкіне қолданыла алады.
Дара кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыру кезінде іскерлік құжаттаманың
дербес бланкілерін, мөрді, мөртабандарды пайдалануға құқылы. Жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерi
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке
кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті
пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар
мен өкілдіктер құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды
қоспағанда, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер)
бағасын дербес белгілеуге;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде қаражат (қарыз) беруге;
6) өзінің құқықтық қабілеті шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге
асыруға;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы
сарапшылық кеңестердің жұмысына қатысуға;
9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау
органдарына және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің


құқықтарын бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту мәселелері бойынша
жүгінуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына
жүгінуге;
11) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері жөніндегі
нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше
орындалмауына септігін тигізетін себептер мен жағдайларды жою туралы
ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге;
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес
лицензиялануға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға
лицензиялар алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет