Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Мүмкіндігі шектеулі төменгі сынып оқушыларының оқу іс – әрекеттерін ынталандыру



бет2/5
Дата05.06.2023
өлшемі36,25 Kb.
#98639
1   2   3   4   5
Мүмкіндігі шектеулі төменгі сынып оқушыларының оқу іс – әрекеттерін ынталандыру.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез - құлқындағы кемшіліктерді түзету, орнына келтіру, дамыту – педогогика жүйесіндегі басты мақсат. Баланың жалпы жетістіктеріне ықпал ету үшін, ақыл - ойы кем баланың танымдық белсенділігін дамытуда ойын құралдарына негізделген оқытудың сапасын жақсарту тиімді әдіс болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Танымдық белсенділік ақыл-ойы кем балалар танымының қажеттілігі мен қызығушылығын, сабақтың түрі мен мазмұнын, ойын технологиясы арқылы «үйрету» үрдісін басқаруда педогогтың өнері және оның эмоционалды ахуал жасау іскерлігін ынталандырады.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Танымды қалыптастырудың негізгі жағдайлары:
- оқытудың мазмұны;
- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формаларын жетілдіру. Бұған жататындар: сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
- Даму мүмкіндігі шектелген мектептердің бастауыш сыныптарында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін тиімді технологияларды пайдалану.

- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты сыйластық түрінде орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету.


Мүмкіндігі шектелген балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Осыған сәйкес, мүмкіндігі шектелген бастауыш оқушыларына оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан-жақты іздене отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық қабілеттерін арттыруға жағдай жасау керек деп ойлаймын. Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.
Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдана отырып келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ойын арқылы оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, деңгейлеп оқыту т.б.
Кез келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Мысалы, ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Сонымен бірге баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет