Жоспар І. Кіріспе..................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім 2.1 Ресми стильдегі дәлдік және тілдік стандарты...............................................4
2.2 Сөз сапасы..........................................................................................................8
Қорытынды..........................................................................................................10 Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................11
Кіріспе Сөз (орыс. слово, ағылш. word) – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік.
Сөз байлығы – оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Айтушының сөзі тыңдарман қауымға тартымды болуы үшін сөз байлығы жақсы, сөздік қоры мол болуы тиіс.
Сөз мағынасы — шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасының грамматикалық және лексикалық түрлері болады.
Ресми стильдің белгілі бір деңгейде қалыптасқан тәртіптерінің сақталуы қызметтік құжаттардың мазмұны мен ресімделуінде қатаң талап етілсе, ауызша сөзде де әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларының сақталуы талап етіледі. Сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу қажеттілігі көзделеді. Бұл мәселені жан-жақты зерттеген С. И. Ожегов: «Сөз мәдениеті – бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» – деп тұжырымдайды .