Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Инфекция туралы жалпы ұғым
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Инфекция туралы жалпы түсінік.
2. Инфекциялық процесс;
3. Инфекциялық ауру;
4. Инфекциялық процестің даму жағдайлары мен сатылары;
5.Инфекциялық аурулардың ерекшеліктері;
6.Инфекциялық аурулардың классификациясы.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Инфекция туралы ілім
бұл микробтардың өмір сүруіне және макроорганизмдерде әрекет
етуіне мүмкіндік беретін қасиеттерін, сондай-
ақ микроорганизмдердің патогендік әсеріне макроорганизмдердің қорғаныштық бейімделу
реакциялары туралы ілім. Инфекцияны зерттеудің маңызы зор, себебі ол патогендік
микробтар мен патогенді емес микробтардың арасындағы айырмашылықты, сонымен қатар
патогендерді қабылдау және қабылдамау қабілеті бар микроорганизмдерарасындағы
айырмашылықты түсінуге мүмкіндік береді. Ол жұқпалы ауруларды емдеуге және алдын
алуға арналғн дәрі-дәрмектерді шығаруда, сондай-
ақ диагностикалық әдістерді дамытуда шешуші рөл атқарады. Молекулалық деңгейде
инфекциялық процестердің дамуы мен ағымын сауатты бақылауға мүмкіндік береді.
Инфекциялық аурулар уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкеліп қана қоймайды, сонымен
қатар соматикалық ауруларды тудырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
мәліметтері бойынша әлем халқының 50% жұқпалыаурулармен зақымдалған эпидемиялық
аймақтарда тұрады. Жұқпалы аурулар - халық арасында кең таралған
аурулардың бірі.
«Инфекция»
- латын тілінен аударғанда
жұқтыру
деген
ұғым береді. Инфекция дегеніміз - эволюциялық процесс
барысында биологиялық құбылыс ретінде қалыптасқан
макро және микроорганизмдер арасында өзара қарым-
қатынасты анықтайтын күрделі процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |