Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет4/4
Дата20.06.2022
өлшемі29,13 Kb.
#37132
1   2   3   4
Байланысты:
ресми іскерлік стиль

Қорытынды
Сөйлеу мәдениеті адамның ойлау мәдениетінің жоғары болуына ықпал етеді. Ана тілін ардақтау, тілді құрметтеу, оны талғампаздықпен жұмсау, тілдік амал-тәсілдерді қарым-қатынас мақсатына сай қолдана білу – жалпы мәдениетке, оның ішінде сөз мәдениетіне қойылатын аса қажетті шарттар.
Сөз мәдениетіне қатысты негізгі ой-тұжырымдарды бүгінгі заман талаптарымен үндестіріп және сөз мәдениетін арнайы сала ретінде тұжырымдап берген іргелі еңбектер Н. Уәлидің «Сөз мәдениеті» және «Сөз мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздері» атты зерттеулері болды. Зерттеушінің пайымдауынша, сөз мәдениеті дегеніміз қарым-қатынас құралын қалай игеріп, өмірде қалай пайдаланып жүрміз, оның әр қилы амал-тәсілдерін дұрыс, дәл, тиімді қолданып, мазмұнды, әсерлі етіп жұмсай алдық па дегенмен байланыстырылады. Адамның іс-әрекеті, ойлауы қандай орнықтылықты, ұқыптылықты қажет етсе, оның тілі де соған лайық болу керек. Бұл тілдік нормаларды білгенде ғана іске асады.
Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып, қалыптасады. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – заңды ерекшеліктерге негізделеді. Сонымен қатар ауызекі сөйлеу тілінде заңдылықтардан ауытқитын, әдеби нормадан тыс жатқан құбылыстар да болады.
Сөз мәдениеті ілімінің негізгі теориялық ұғымы саналатын сөздің коммуникативтік сапалары дегеніміз – сөздің, сөйлеудің коммуникативтік жетілгендік дәрежесін анықтайтын белгілері.
Сөз қызметі – белгілі бір мазмұнды құрастыру және жеткізу. Мазмұн дегеніміз – ақиқат, шындық көрінісінің және сана жұмысының нәтижесі.
Сөз – жүйелі құбылыс, онда барлық сапалар өзара байланысты болады. Мысалы, дұрыс сөз тілдік бірліктерді жүйе мен нормаға сай етіп дұрыс құрастырып, жеткізетіндіктен, дәл болады, ал дәл құрастырылған сөз адресат үшін түсінуге жеңіл болады. Бұған қарсы бағытта алсақ – сөз құрылымындағы ауытқулар, яғни дұрыс еместік дәлсіздікке себеп болады. Ал сөз дәлсіздігі адресат үшін түсініксіз, анық емес болады.
Адам баласы табиғатында темірдей төзімді, гүлдей нәзік. Бір ауыз сөзбен кісіні ренжіту де, қуанту да оңай. Сөйлеу этикетін әдеппен қолданып, мүмкіндігін аша білсек, ізеттілікке бастайтын жақсы жақтарын жетілдіре берсек, адамдар арасындағы қарым-қатынас адамгершілік пен ынтымаққа бастау алары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Ожегов С. И. Лексикология. Лексикография. Культура речи. – М.: Высш. шк. 1974. – 352 с.

  2. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 470 б.

  3. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті . – Алматы: Мектеп, 1984. – 117 б.

  4. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. докт. ...дисс.: 10.02.02. – Алматы, 2007. – 328 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет