I. Кіріспен II. Негізгі бөлім 2.1. Қазақстан Ұлы Отан Соғысы жылы алғашқы кезінде 1941-1942жж.
2.2. Әскер бөлімдерін жасақтау. Резервтерді даярлау
2.3. Республика өмірін соғысқа бейімдеп қайта құру.
III. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Ұлы Отан Соғысы жылдарында 1941-1945 жылдар арасында көптеген іс-шаралар атқарды. Фашистік Германияның КСРО шекарасына басып кіре бастауынан көруге оның Польша Республикасына ескертусіз кірісі алғаш КСРО-ны болжам қалдырмай КСРО-ны соғысқа дайындау елде төтенше жағдай жариялауына әкеп соқтырды. 15 Одақтас Республика бір ел – бір жуырықтай жұмыла жауға қарсы тұруды басты міндеттің бірі ретінде отанды қорғау керек екенін жақсы білетін. Алғашқы шеп те соғысқандардың ерлігі ерен күшті болды.
Одан кейінгілердің ерліктері кем түспеді.Оларға мысал ретінде айтылған сөздің бірі «Шегінерге жол жоқ артымызда Мәскеу» деді ерен ерліктің еңбегі деп түсініміз. Бауыржын Момышұлының тәртіппен бағынған құл болмас сөзі өшпес із қалдырды. Елін қорғап шейіт болғандарды біздер ұмытпасымыз керек. Ерлігімізді елдігімізді сақтауға осы адамдардың ерлігінен үлгі алуым керек дей отрып оларды сыйлап керемет тұтуымыз баршамызға міндет.
ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАП КЕЗЕҢІНДЕ(1941 ж. июнь — 1942 ж. ноябрь)
Фашистік Германияның СССР-ге опасыздықпен шабуыл жасауы. Бүкіл Батыс Европаны дерлік жаулап алған фашистік Германия антнсоветтік коалиция құру жөніндегі белсенді дипломатиялық әрекетті өрістетті. 1940 жылғы сентябрьде Берлинде Германия, Жапония мен Италия арасында үш жақты шартқа қол қойылды, 1940 жылдың аяғында оған Венгрия, Румыния және Финляндия қосылды. Жаулап алынған елдердің өнеркәсібі бүтіндей фашнстік Германияның әскери-экономикалық потенциалына қосылды, вермахттың әскери экономикасы бұрын болып көрмеген деңгейге жетті. Әсіресе танктер, самолеттер, сүйретпелер және соғыс корабльдерін шығару ерекше өсті.
СССР-ге қарсы агрессияның «Барбаросса» деп аталған жоспары соғыс басталмастан көп бұрын дайындалған болатын. Бұдан кейінгі жерде ол жоспар нақтыланып, «халық ретінде орыстарды талқандау, оларды бытырату», СССР халықтарының ұлттық мәденнетін жою мақсатын көздеген түрлі директивалармен дәлденіп, толықтырылды. Фашистік Германия басшыларының алдына қойған басты міндеттерінің бірі Совет мемлекетін «басқаруға ыңғайлы болу үшін» бөлшектеу болды. Бұл үшін Совет Одағын «Москва», «Остланд», «Украина», «Кавказ» және «Түркістан» сияқты рейхскомиссариаттарға бөлу көзделді. Түркістан рейхскомиссариатына Орта Азия мен Онтүстік Қазақстан кіруге тиіс болды. Гитлершілдер Қазақстанның қалған басқа аудандарын «индустриялы облыстарға және «Еділ-Орал» делінетін өңірге қоспақ болды».
Герман вермахтының «Барбаросса» жоспарын іске асырмақ болған стратегиялық есептері «тұтқиыл» соғыс делінетін идея негізінде құрылған болатын.
СССР-ге шабул жасар алдында Фашистік Германия Совет Одағының шекарасына толық жасақталған, техникалық жағынан жарақтанған армияны әнеліп төкті. Советтер еліне жалпы саны 5,5 миллионға жуық солдат пен офицері бар құрылықтағы әскер қарсы қойылды, соғыс кимылдары үшін 5 мынға жуық самолет және 3,5 мың танк әзірленді. Әскерлердің «Солтүсгік», «Орталық» және «Оңтустік» атты үш армиялық тобы құрылды. Финляндия территориясында екі фин армиясы және «Норвегия» неміс-фашист армиясы құрылып жатты. Еліміздің шығыс шептерінде нмпериалистік Жапония бір миллион адамы бар Квантун армиясын шоғырландырды.
1941 жылғы 22 июньде елең алаңда гитлерлік Германия шабуыл жасаспау туралы шартты бұзып, Советтер еліне қарсы опасыздықпен шабуыл жасады. Соғыс қимылдары Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі кең майданда өрістеді. Жау самолеттері соғыстың алғашқы сағаттарынан бастан-ақ совет әскерлерінің тұрған жерін, аэродромдарды, коммуникациялар мен темір жол тораптарын, енеркәсіп орталықтарын жаппай бомбалады. Советтік Отанға қатерлі қауіп төнді.
Сол күні Совет үкіметі халықты фашистік басқыншыларға қарсы күреске көтеріліп, социалистік Отанды қорғап қалуға шақырды. Үндеу: «Біздің ісіміз әділ Жау талқандалады. Біз жеңіп шығамыз» - деген сөздермен аяқтлды.
Совет халқының бейбіт жасампаздык еңбегі үзілді. Ұлы Отан соғысы басталды.
Бәрі де Отанды қорғауға жұмылдырылсын! Совет халқы бір кісідей жұмылып Отанды қорғауға аттанды. Отан соғысында совет халқы өзінің ар-намысын, оының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғады, өзінің алдына дүние жүзіндегі ен алдыңғы қатарлы советтік қоғамдық және мемлекеттік құрылысты гитлершіл сойқандаушылардан корғап қалу, социализм жеңістерін қорғап қалу міндетін қонды. «Бұл соғыстың өзгеше соғыс екенін әркім біледі, — деді М. И. Калинин. — Бұл соғыста жұрт өзінің тіршілігін, өзінің өмірі мен бостандығын корғайды, өз халқыны ұлттық абыройын және өз мемлекетінің, өз Отанының тәуелсіздігін қорғайды. Сол себептен де жауға қарсы армия ғана емес, бүкіл халық та күрес жүргізуде. Мұның өзі сөздің толық мағына сында айтқанда халықтық соғыс болып отыр»
Совет Одағының барлық ұлттары мен халықтарынын еңбекшілері қатерлі қауіп алдында Коммунистік партия мен Совет үкіметінің төңірегіне бұрынғыдан да тығыз топтасты.
Барлық жерлердегідей, Қазақстанның еңбекшілері митингілер мен жиналыстарда сүйікті Совет өкіметін, Ұлы Октябрьдің жеңістерін қорғауға деген шешімдерінің беріктігін ашу-ызамен мәлімдеді. Алматы қаласы еңбекшілерінің сан мың адам қатысқан митингісі қабылдаған қарарда былай делінген: «Біздер, Алматы қаласының еңбекшілері, арсыз агрессорларға қарсы жеңімпаз Ұлы Отан соғысын жариялаған сүйікті үкіметімізді толық қолдаймыз. Біз Қазақстанның барлық еңбекшілерін Қызыл Армияны, Әскери-Теңіз Флоты мен Авиацияны жауды талқандау үшін не қажеттің бәрімен қамтамасыз ету үшін өздерінің күш-жігерін еселеп арттыруға шақырамыз». М. И. Калинин атындағы Ленин орденді Шымкент қорғасын заводының коллективі былай деп мәлімдеді: «Құтырынған фашистік төбеттердің төбесіне жаудыру үшін қорғасынның қазір қандай маңызды екенін біз жақсы түсінеміз». Қарағанды шахтерлері Отанға мемлекеттік жоспардан тыс жүздеген және мыңдаған тонна жоғары сапалы көмір беруге, республика мұнайшылары мұнай шығаруды мейлінше арттырып, жаңа кен орындарын бұрғылауды жеделдету үшін Сөздерінің қажыр-қайратын еселеп арттыруға міндеттенді. Солтүстік Қа-зақстан облысындағы Булаев ауданының «Гигант» ауыл шаруашылығы артелі мүшелерінің жиналысы былай деп қаулы етті: «Біздің барлық колхозшыларымыз тыным таппай социалистік Отанды нығайту жолында еңбек ететін болады. Қазір біздің колхоздан 40 адам Қызыл Армняның жауынгерлері мен командирлері болып қызмет атқаруда. Біз кез келген уакытта Қызыл Армияға адамдар, машиналар, аттар бере аламыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды арттырамыз, елімізге астықты, етті, майды және ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерін көп береміз».
Бейбіт құрылыс жылдарындағы сияқты, Совет Одағынында Коммунистік партиясы социалисттік Отанды қолға қару алып қорғаудың рухтандырушысы және жауынгер ұйымдастырушысы болды. Бүкіл еліміздегі сияқты, Советгік Қазақстанның еңбекшілері соғыстың алғашқы күндерінен бастел жоғары ұйымшылдық көрсетті. Республиканың кәсіпорындарында, транспортта, колхоздарда, МТС-тер мен совхоздарда еңбек тәртібі артты. Әрбір коллектив жаңаша, соғыс кезіндегіше жұмыс істеуді өзінің ең бірінші парызы деп есептеді. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің 1941 жылғы 25—26 июньде болған V пленумы рес-публика еңбекшілерін «бәрін Отанымыздың ең басты міндетіне — жауды жеңуге бағындыру» үшін бүкіл жұмысты дереу қайта құруға шақырды. Партия ұйымдары ауқымы мен қарқыны жөнінде орасан зор саяси және әскери-ұйымдастыру жұмысын ерістетті.