Өлген үндістің денесі отқа өртеледі, ал оның сүйектері жиналып өзенге тасталады. Өлген адамның туыстары мен отбасы мүшелері он күн бойы қаралы киім киеді.
Брахманның жерлеу рәсіміне қатысуы мен басшылық етуі міндетті болып табылады. Құдай асы жыл бойы, әр ай сайын беріледі. Сонымен қатар міндетті түрде марқұмның рухына бағышталып піскен күріш немесе сүт түрінде құрбандық шалынады.
Инициация рәсімі
Бұл рәсім қайта туудың символы ретінде танылған және 8 жастан бастап 24 жасқа дейінгі ұл балаларға қолданылады. Бұл рәсімге шашты қию, дәрет алу, жаңа киім кию және қызыл ұнтақ себу әрекеттері жатады.
Содан соң ұл баланы гуруге алып барады, ол ұл баланың иығы бойымен киелі бауды байлайды. Осы рәсім орындалғаннан кейін, гуру баланың екінші әкесі саналады, ал бауды олар өмір бойы сақтайды.
Ораза ұстау және діни ант
Ораза ұстау және діни ант беру дәстүр болып табылады.
Бұл кезде тағамның тек белгілі түрінен бас тарту ғана емес, сонымен қатар, түрлі әшекей-бұйымдар тағуға, ойын-сауық құруға, басұа адамдармен қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
Тыйым салулар
Тағамды сол қолмен жеуге және оған жақындауға;
Неке қию салтанатын күндіз, ал жерлеу рәсімін түнде өткізуге;
Шарапты, қайнамаған суды ішпеу;
Еттің кез-келген түрін жемеу;
Бағалы әшекей-бұйымдар тақпау.
Индуизмнің ағымдары
Джайнизм.
Негізін салушы – М.Джина, б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген.
Джайнизм теориясы адам жанының өз тәнінен басым болу принципінен туындаған. Карманың қарғысы жан үшін де, тән үшін де қауіпті. Сондықтан да, өмірдің мақсаты – кармадан босау (мокша)
Бұл ағымды ұстананатындар бес діни антты қабылдайды:
Ешбір тірі жанға залал келтірмеу;
Ұрлық жасамау;
Зинақорлық жасамау;
Пайда іздемеу;
Өтірік айтпау.
Джайнизмде кастааралық неке қиюларға тыйым салынбаған.
Джайнизмде кастааралық неке қиюларға тыйым салынбаған.
Джайнистер қауымдастығында тәуіп-тақуалар ерекше орынды иеленеді. Олардың жеке үйлері мен мүліктері болмайды, бар болғаны – тамақ ішуге арналған кокос жаңғағынан жасалған шыны аяғы, отыратын орындарын тазалауға арналған сыпырғышы ме ауыздарын басуға арналған мата қажет. Олар аз ұйықтайды, өте қарапайым болады, біреулердің қайырымдылыққа беретін қаражатына күн көреді, тек өз діндері туралы тақырыпта ғана әңгімелеседі, ағзаларын шынықтырады, тәндерін жансыздандырады, аштықтан қаза табуға дейін барады.