9 - Тақырып «Жемқорлық» түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздері
Жоспар:
1. «Жемқорлықтың» тарихи дамуы
2. Жемқорлық-антиәлеуметтік көрініс ретінде Жемқорлыққа төбеушілік идеясы.
3. Қазіргі заманғы мемлекеттердегі жемқорлықтың трансформациялануы
Мақсаты: Қоғамдағы жемқорлықтың алдын алу, болдырмау
Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алуы, сол сияқты бүл адамдарға жеке және заңды түлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Осыған орай, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай тудыратын әрекеттер сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар болып табылады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңымен реттеледі.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін, осы Заңның негізінде барлық лауазымды адамдар - Парламенттің, мәслихаттардың депутаттары, судьялар, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге де адамдар және соларға теңестірілген адамдар-жауапты болады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр).
Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі: «§ 5. Егер судья істі талқылап, шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп, сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс. § 6. Егер адам құдайдың затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту – мамандардың ісі, бірақ осы жұмыстың нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдің туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір азаматының өзіндік жеке пікірі болуы тиіс. Ол өзінің жеке бағдарларын, адамгершілік ұстанымдарын, діни идеяларын басшылыққа алуы тиіс, сондықтан оның сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері туралы түсінігі нормативтік және ғылыми дефинициялардан ерекшеленуі мүмкін. Қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық қоғамдық айыптауды туындатады, алайда әртүрлі әлеуметтік топтарда оларға төзімділік дәрежесі бірдей емес. Өмірінде сыбайлас жемқорлық фактілерімен ұшырасқан әрбір адам оны азамат пен мемлекет өкілі арасындағы өзара қарым-қатынаста, азаматтардың өз арасында және бизнес саласында орын алмауы тиіс қоғамдық зұлымдық ретінде бағалайды.
Тарихқа сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрестердің көптеген мысалдары мәлім. Міне солардың тек біреуі ғана. Франция, XVIII ғасырдың аяғы. Якобиндік диктатура қазасынан кейін билікті мемлекет тарихындағы ең сыбайластық тәртіп Директория жаулап алды. Директория басқарған жылдары Франция құлдырады. Кейін билікке бірінші консул болып сыбайлас жемқорлықпен батыл күрес бастаған Наполеон келді. Бұл күрес қатігездікке емес, жазаның бұлтартпастығына сүйенген. Бірнеше ай ішінде Наполеон керемет жетістіктерге жетті, сонымен қатар Директория кезінде ұрланған ақшаларды қазынаға қайтарды. Қазіргі уақытта ең танымал болып сингапурлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес моделі танылады. Тәуелсіздік алған сәтінде 1965 жылы Сингапур сыбайлас жемқорлығы ең жоғарғы көрсеткішті ел болған: шенеуіктерге парасыз бір шешімді де рұқсат та берілмейтін. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында елеулі жетістіктерге жету үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді, бірінші кезекте, шенеуіктердің жалақыларының елеулі көтерілуі және олардың іс-әрекеттерен регламенттеу, экономиканы орталықсыздандыру және бюрократиялық рәсімді жеңілдету. Орталық буын болып азаматтар мемлекеттік қызметкерлерге шағымдармен жүгіне алатын және шығынның орнын толтыруды талап ете алатын сыбайлас жемқорлықты тергеу бойынша дербес Бюросы болды.
Бақылау сұрақтары:
Сыбайлас жемқорлыпен күрес заңының пәні не болып табылады?
2. Қылмыстық сыбайлас жемқорлық деген не?
3. Сыбайлас жемқорлықпенкүрес қағидаттары қандай?
4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субьектілері кім болып табылады?
5. Сыбайлас жемқорлықпен күресті қандай органдар жүзеге асырады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.
Б. С. Абдрасилов. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері: оқу құралы. – Астана. 2016. [7-17б] http://ukma.kz/files/IMAGES/sessia/%D0%A1%D0%AB%D0%91%D0%90%D0%99%D0%9B%D0%90%D0%A1%20%D0%96%D0%95%D0%9C%D2%9A%D0%9E%D0%A0%D0%9B%D0%AB%D2%9A%D2%9A%D0%90%20%D2%9A%D0%90%D0%A0%D0%A1%D0%AB%20%D0%9C%D3%98%D0%94%D0%95%D0%9D%D0%98%D0%95%D0%A2%20%D0%9D%D0%95%D0%93%D0%86%D0%97%D0%94%D0%95%D0%A0%D0%86.pdf
Алауханов Е.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика Оқулық. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009 .
С.Т.Иксатова. Қылмыстық құқық. (ерекше бөлім!). Оқу құралы. Павлодар. 2011ж https://engime.org/s-t-iksatova-ilmisti-i-erekshe-bolim.html
Достарыңызбен бөлісу: |