Жоспар Кіріспе Дарын-адам бойындағы асқан талант Негізгі бөлім


Дарынды балаларға білім беруде туындап отырған қиындықтар



бет4/7
Дата17.10.2023
өлшемі125,08 Kb.
#117582
1   2   3   4   5   6   7
2.4 Дарынды балаларға білім беруде туындап отырған қиындықтар. 
2005-2010 жылдарындағы Қазақстан Республикасының елдің болашағы мемлекеттiк бiлiмдi дамыту бағдарламасының ең бiр маңызды мақсатыныңбiрi – дарынды және талантты балаларды табу, оқыту, дамыту жүйесiн құру. Дарынды балалармен жұмыстың өзектiлiгi бiрнеше жағдайлармен байланысты: қоғамның адами қасиеттердiң даму қорының негiзi екендiгiнiң түсiнiп мойындауында, адамға мағлұмат пен эмоцианың
ауыртпашылығының көбеюi, өмiр қозғалысының ұлғаюы, қоғамның адамның
кәсiбилiгiне деген сұранысы, яғни оның жоғары бiлiмдi , белсендi, қоғами
жауапкершiлiгi мол, жоғары интеллекттi болыуына және т.б. Осындай
жеке адамға тән қасиеттерін дамыту дарынды балалармен жұмыс
iстеуде психология, педагогика салаларында ерекше орынды алуда. Қазақстан Республикасының қазіргі кезде білім беру жүйесі өте қатты
өзгерiстерге ұшырауда бiрақ сонымен қатар мектеп барлық балаларға арналғандықтан, тәрбие, білім беру әрi оқыту жүйесiнде баланың
ерекшелiктерi ескерiлмей отыр. Бiздiң есебiмiз бойынша оқытушылардың
62,3% ата-аналардың 68,6% мектептi терең қиындылықта, оның жүйесiн
түбiрiмен өзгерту қажет деп санауда. Ата- ананың 71,5% мектепте
бiрiншi орында оқушыға деген көзқарасты жөндеу қажет десе, тек
16,2% оқытушылардың ойынша кейiнгi жылдардағы оқыту жүйелерiнiң
өзгертулерi (бала дамуының) дұрыстығын айтады. Бұл жағдайда дарынды
балалармен жұмыс iстеу жайында әнгiменi қозғау орынсыз болып тұр.
Бұл туындаған қарама-қайшылықтарды жоюға тек мектептiң бiрғана күшi әлсiз, сондықтан да, оған арнайы бағдарлама қажет және қосымша жалпы бiлiм беру жүйесiн енгізу қажеттіліктері туындап отыр.Кейiнгi жылдары Дарынды балалар концепциясын ойлап тапқан немесе құрған.
Онда дарынды балалармен жұмыс iстеудегi әдiстердi, проблемаларды шешу
стратегияларды жазылған. Алайда ,қосымша бiлiм беру жүйесi толық
зерттелмеген күйiнде қала бермек. Ол қосымша оқыту жүйесiндегi
дарынды балалармен жұмыс iстеудiң психоло-педагогикалық мақсаты,
өзiндiлiк ерекшелiктерi: дарынды балаларға баға беру әдiстерi; арнайы
балалардың бiлiм деңгейiне байланысты қолданылатын құрал-жабдықтар
деген сияқты сұрақтарға жауаптар мен шешу жолдары анықталмаған.
Д.Б.Богоявленскаяның айтуынша, дарынды балалармен жұмыс iстеуде эмпирикалық жүйе аздық етедi. Бұл жүйеде психологиялық және педогогикалық қиындықтар үнемi туындап отырады. Олар дарындылықтың әр-қилы түрiмен көптеген қарама-қайшы теоралық жүйемен әдiстерге қазiргi бiлiм саласының вариативтiлiгi және дарынды балалардың әр-түрлiлiгiне байланысты дайындалған мамандардың аздылығында . Үкiметке қоғамда, бiлiм саласында дарындылық проблемасының маңыздылығын есептей келе, олардың бiлiм мекемелердегi рөлiн жоғарлатуы қажет, себебi жұмыс субъектiлерi болып тек ата-аналар, тәрбиешi, оқытушылар, психологтар, кәсiби мамандар ғана, емес оларға жауапты әрi заңды тұлғалар. Көптеген басылымдарда дарынды балалармен жұмыс iстеу жолдары жүйелi түрде болуының қажеттiлiгi айтылуда. Олар интеллектуалдылықты жою шарттары:
-Халықтың лидерлiк топтардың құруға жағдай жасауы
-Жаңа сапалы бiлiм шарттарымен қамтамасыздандыру, адам мен ұжымның шығармашылық мүмкiндiктерiнiң жаңа әдiстерiнiң дамуы.Аумақтағы бiлiмнiң көлемiн үлкейту және белгiлi бiр жердегi арнайы шарттармен дарынды балалардың жұмыстарын қамтамасыздандыру.
Осы жоғарыда аталған жүйелердiң iс-жүзiне асуы ҚР-ның ғалымдарының iс-тәжiрибелерiнiң көбеюi, психологиялық дайындықтардың арттыруы, ресурстық базаның пайда болуымен тiкелей байланысты.
Бiлiм өндiрiсi мен көптеген әдебиеттерге сүйене
келе, қазiргi уақытқа дейiн дарынды балалармен жұмыс iстеуде белгiлi бiр
жетiстiктерге қол жеткiзгенiмiз бар, олар;
Жалпы бiлiм берушi мекемелердiң жаңа түрлерiнiң ашылу - ғалымдар ассоциациялары дарынды балалармен жұмыс iстейтiн көптеген iс-тәжиребелер жасады. Дарынды балалардың проблемаларына байланысты көптеген методикалық мектептер жиналыстар, арнайы семинарлар өткiзiлуде.
Бiлiм саласындағы мамандардың кәсiби шеберлiктерi көптеген методикалық жарыстарға қатысумен арттырылуда.
Дарынды балалардың проблемаларына байланысты көптеген методикалық мектептер, жиналыстар, арнайы семинарлар өткiзiлуде.
Бiлiм саласындағы мамандардың кәсiби шеберлiктерi көптеген методикалық жарыстарға қатысумен арттырылуда
Заман талабына сай құрал-саймандармен жабдықталуының арқасында,
материалдық базалар дамыған технологиялық құрылғылармен толықтыруда
Жалпы бiлiм беру жүйесiнде жаңадан дәстүрлi емес қоғамдық жұмыстардың көп түрлерi пайда болуда.
Дарынды балалардың ата-аналарын ойландыратын мәселенің бірі – мектептегі оқу кезіндегі кездесетін қиындықтар. Бұл қиындықтар дарынды бала туралы қоғамда қалыптасқан түсінікке байланысты. Өйткені, «орта» қабілетті бала мектепте мақталады да, «ақылды» бала сенімсіздік жасалады, оның қабілеті көп жағдайда ескерілмейді, Соның салдарынан дарынды балалар ерекшеленбеуге, көзге түспеуге тырысады. Ортаның осындай ықпалының нәтижесінде дарынды бала өз қабілетін танып, дұрыс бағалай алмайды. Сөйтіп, өз деңгейінде дамып жетілмей, шектеледі. Бұл жерде дарынды балаларды таңдап, олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірде дұрыс бағыт-бағдар бере білуіміз қажет. Дарынды балалар білуге құштар. «Мынау қалай құрылған?», «Неге бұлай болады?», «Егер жағдайды өзгертсе қалай, қайтеді?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Қоршаған ортаны белсенді түрде зерттейді. Дарынды бала өз әрекетін шектеуді ұнатпайды. Эмоционалды даму ерекшеліктері жөнінде тоқтала кететін болсақ. Көптеген зерттеушілер дарынды баланың эмоционалды сферасы жоғарлатылған деп санайды. Дарын иесі бірнеше құбылыстарды жан-жақты қарауға қабілетті болып келеді. Ғылыми зерттеулерге қарағанда дарынды, талантты балалардың миының биохимиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Дарындылар кішкентайынан-ақ себеп-салдарға көңіл аударып, соған сәйкес қорытынды жасап отырады. Кез келген жұйенің балама моделін жасауды ұнатады. Олар жинақталған білімін, тәжіриебесін кең пайдалана біледі, хабарларды жүйелеп, бөліп талдайды. Кейбір балаларда математикалық қабілет, кейбірінде ой жұмысын талап ететін ойындарға, көпшілігінде оқу қабілеті басым келеді.
Дарындыларда адалдық сезімі күшті жетіледі. Шындықты, турашылдықты қолдайды. Қоғамдағы теңсіздікті бірден сезінеді. Қиялы бай, әрі анық келеді. Дарынды балалардың шамалары жетпейтін мәселелерді шешуге талпынуы, олардың даму тұрғысынан пайдалы.
Мектепке дейінгі кезеңде дарынды балалар – жағдайлар мен құбылыстарды менің түсінігім ғана деп танитын эгоцентристер. Бала қандай ақылды болса да, оның мұндай әрекеті қалыпты жағдай болып саналады. Даму деңгейіне қарай бала мәліметтерді түсініп, ойлауға қабілетті. Ол өзінің заттар мен құбылыстарды қабылдауын басқалардың қабылдауына ұқсас деп түсінеді. Дарынды балалардың қабілеттілігіне ортаның тигізетін әсері зор.
Сонымен қатар, ең басты дарынды балалар мен жеткiншiктердiң оқыту жүйесiн жүргiзу проблемасы шешiлмеген. Жалпы бiлiм беру мектептерi мен
басқа бiлiм мекемелерiнде адекваттық дарынды балаларды жетiлдiруде
жағдайлар жасалуы қажет. Осы шарттардың бiреуi болып уақытылы бала
дарындылығын табу болып тұр. Ол психологиялық және психолого-дидактикалық әдiстер арқылы табылады.
Екiншi маңызды шарттың бiрi болып әр түрлi денгейдегi дарынды бала
теориялық және iс-жүзiнiнде жұмыстарға вариативтiк оқыту материал дарын
дайындау болып табылады. Дарындылықтың әртүрлiлiгiне есепке ала отырып, әр баламен жұмыс iстегенде тәсiлдердi дұрыс таңдау өте маңызды. Дарынды балалармен жұмыс iстегенде қандай мақсаттарды көздейсiң.
Дарынды балалардың жоғары алғырлығын не керiсiнше қажет бiлiм
денгейiн арттыру. Осы жағдайда педагог, психолог, медицина және
әлеуметтiк қызметкерлер мен ата-аналардың ортақтасуы мен дарынды
балалардың бiлiм деңгейiне баға берiлуi қажет. М.А. Холоднаяның айтуынша, балалардың дарындылығын ашу тәсiлдерi, мамандардың дарындылық көзқарасына қандай екендiлiгiнде. Сондықтан, эерттеушiнiң ойынша ең бiрiншi баға беру жұмысының теориялық негiзiн анықтау қажет. Дарынды балаларға тәсiлдердi құру, бiлiм деңгейiне қарай баға беру бұл-
дарындылықтың тағы да бiр проблемасы болып тұр. М. А. Холоднаяның
психодиагностикалық мониторингктi анықтауда бiрнеше ұсыныстары болып тұр;
Баға беру жүйесiнiң ұзақтығының арқасында дарындылықтың пайда
болуының жылдамдығын анықтау:
Жеке баланың дарындылығының деңгейiне қарай көптеген зерттеу жұмыстарын жүргiзу;
Баланың икемiне қарай мiнезiн анықтау;
Белгiлi бiр оқушының пәндiк және бiлiм беру жүйесiнде, бөлек
психологиялық ерекшелiгiне қарай стратегия ойлап тауып, оған баға беру; Баламен қарым-қатынас жұмысының диалогтық мiнездемесiне баға беру:
Балаға баға беру жұмыстары нақты өмiр кезеңдерiнде болуы қажет;
Пәндiк жағдайларды қолдану салдарынан баланың қабiлеттiлiгiн
анықтау.
Негiзiнде баға беру проблемасы екi деңгейде
қарастырылады: концептуалды және методикалық. Педагогикалық iс-тәжiрибеде бiрiншi концепцияға сүйене отырып, методиканы анықтап тауып, одан iс- тәжiрибешi психологтар мұғалiмге зерттелген қорытындыларын айтады. Сонымен, баға беру жүйесi iс жүзiнде қарағанда өз алдына қағида
екен. Ю. Д. Бабаеваның және В. И. Панованың айтуларына қарағанда,
дарындылықты қандай көлемде көретiнiмiзге жетiк мән беруiмiз
керек, себебi авторлардың айтуларынша, оқыту бағытының өзiндiлiгi,
оқушылардың тану ерекшелiктерi, бiр-бiрiнен ойлау қабiлеттерiнiң
ерекшеленуi ой өрiсi деңгейi, ми қабiлетiнiң көлемi, мағлұматтарды
қабылдау,оқыту жылдамдылығы осы жүйелерге тiкелей байланысты.
Сонымен, дарынды балаларды iздеп тауып,олармен жұмыс iстеу-ғылым мен бiлiм жүйесiнiң проблемасы. Қазiргi кезде, өз елiмiздiң және шетел психолого-педагогикалық әдебиеттерде бала жастың тұлға ретiнде
қалыптасу концепциялары көптеп келтiрiлген. Көптеген психолого- педагогикалық зерттеулерде дарынды балалардың мынадай даму ерекшелiктерi байқалған:
-материалдарды оғай түсiнiп, оңай оқиды;
-зейiн деңгейлерi жоғары және сөз қоры өте бай ,үлкен;
-жаттап алудан гөрi сайысқа, жарысқа бейiмдiрек.
-басқа оқушыларға қарағанда алғыр және тапқырлау болып келедi.
Бiрақ барлық мектептерде дарынды балаларға адамгершiлiк тәрбиесiн, дене
шынықтыру мүмкiндiктерiн дамыту үшiн барлық қолайлы жағдайлар
жасалын баған. В.Г.Бориковтың айтуынша, осы проблемалардың
шешуi мұғалiмдердiң бiлiм дәрежесiн жетiлдiруде және арнайы курстардың
ашылуында. Осындай курстардың арқасында мамандардың өздерiнiң дарынды балаларға қолданылатын жаңаша әдiс-тәсiлдерi, амалдарды үйренiп, iс жүзiне асыруына ықпал бередi. Қазіргі уақытта белең алған мәселелердің ең бастысы ата-аналармен қарым-қатынас.
И.В.Калиттiң айтуынша Қазiргi кезде әсiресе үлкен қалаларда ата-аналар өз балаларының психолого - педагогикалық ынталарына аз көңiл бөледi, ал ауылды жерлерде тiптi балаларының дарынды, не дарынды еместiгiне мүлдем көңiл аударылмайды. Сондықтанда осы дарынды балаларды табу және дамыту проблемасының шешiмi
балалар құқығын қорғау жүйесiнде жүзеге асырылып құрылуы қажет.
Сонымен, балалардың дарындылық проблемасының жүйелiлiгi көптеген
факторларға байланысты, оның шешiмi ұйымдастырушылық, мамандырылған ғылыми — методикалық, материалды — техникалық шамаларға, қаржылай шарттарға тиесiлi.
К. А. Абишев пен Ж. М. Абдильдиннiң ұсыныстары бойынша, қазiргi таңда, адамдардың қажеттiлiктерiн ескере отырып
қазіргі уақытта белең алып отырған мәселенің тағы бiреуi — жаңаша ойлау қабiлетiн дамыту.
Философиялық еңбектердi зерттей келе дарынды балалардың дамуына
факторлар әсер етуде: ұрыққуалаушылық, тәрбие және орта. Сонымен
қатар дарынды балалар жұмыс атқарғанда тәрбиелiк мәнi бар сапалы
жұмыстар аса қажет. Дарынды балаларды дамыту жүйесiнiң жүзеге асыру
жолдарын ары қарай психология және педагогика салаларында қажет етедi. Дарынды сөзi 200 жыл iшiнде бiрнеше рет өзгертулерден өттi.
Ағылшын антропологы Ф.Гальтон: Таланттың ұрыққуалаушылығы, заңдар мен оның салдары атты кiтабында былай дейдi: дарындылық қабiлеттiлiгi , адамның түрiнiң ұқсастығы сияқты ұрық арқылы келедi. Дәлел
ретiнде атақты адамдардың 300 отбасының 977-не жүргiзген
зерттеулерiнiң айғақтарын келтiрген.
Зерттеулерiнiң ең жоғарғы жетiстiгiнiң алғашқысы — ұрпақтан-ұрпаққа биологиялық жолмен берiлуi. Оның айтуынша, әр он танымал адам 3-4 таным ал әкеден, 4-5 танымал ағадан, 5-6 баладан келiп отырады. Ол психологияның дарындылықты жетiлдiру саласына зор үлес қосқан ғалым. Ол осы ғылымға ағылшын тiлiнiң test- проба – тексеру сөзiн енгiзген ғалым. Оның енбегi (1884 ж). – дарындылық денгейi. Ол көздiң өткiрлiгi мен есту
қабiлетiн ашу болды.
Маңызды жетiстiк терiнiң бiрi – дарындылықты танып бiлу жұмыстарында Гаусс — Лапласты ұзындықтардың таралу заңдылықтары тәсiлiн қолдауы. Оның жұмыстарының қортындысы бойынша жоғары дарынды адамдар қарапайым адамдардан өте биiкте, алшақта деп тұжырымдады.
Ф. Гальтонның зерттеулерiне француз психологы Альферд Бине баланың қабiлеттерiн анықтауға әдiстер ойлап тапқан ғалым, қарама-қарсы дәлелдер келтiрдi. Ол ұрыққуалаушылық пен балаға әсер етушi қоғамды зерттедi. Ол баланың ойда сақтау қабiлетiн, елестету, құрастыру мен қоғамдық тәжiрбиелердi қабылдау механизiмдерiн, яғни сөздердiң мағаналаларын бiлу, жағдайларға өзiнше мағана беруiн салыстырды. Оның тестерiн тақырыптары – бiр жүйе болды-ол логикалық ойлау қабiлетiн бiлу болды. А.И. Савенковтың айтуынша олар 2-де ой қабiлеттерiнiң денгейiне басты назар аударған. А.Бине психология ғылымына ой жасы және
хронология жасы деген ұғымды енгiздi. Олардың мағаналалары бiр-
бiрiнен мүлдем алшақ, 1-шiсi дарындылықтың денгейi болса 2-шiсi
керiсiнше ой қабiлеттiнiң жетiлмеуi. Шет ел психологиялық
әдебиеттерiнде дарындылықты интеллектпен ұқсастырса, С. А. Рубинштейн
былай дйдi: дарындылық ұғымына адамның барлық қасиеттерiмен қоса,
эмоциалық, қабылдағыштығын, темпераменттiлгiн, басқа да жұмыс iстеу
жылдамдықтарын қосу қажет дедi. Жалпы дарындылық пен арнайы
дарындылықтың арасында көптеген даулар туындады. Э. Тордайктың
айтуынша жалпылама дарындылықтың болуы мүмкiн емес, тек арнайы
дарындылық болады десе ,Ч. Спирмен,Ч. Штерн, А.Пьерондая жалпылама
дарындылықтың болуы мүнкiндiктерiн растап, оларды арнайы дарындылыққа қарсы қойды. Мысалы, Ч. Спирме дарындылықты – арнайы орталық ми жүйесiнiң қызымет яғни ол биология жолымен бекiтiлген құбылыс деп бiлдi. XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы.Алтынсарин: «Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана кұшағына ала алса, оны дамытып өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім», — дейді.
Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта — табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы — туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек іс- әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: «Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады».
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ұйымдастырудағы басты міндет – балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекешеліктерін (түрі, деңгейі және т.б.) анықтау мен айқындау болып табылады.
Дарындылықтың санасы – зейінділік, яғни белгілі бір нысанаға бағытталып, сол нәрсеге шоғырлануына мүмкіншілік беретін үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі. Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі. Мысалы, Дюрер үш жасында өз суретін салған, Гаус он төрт жасында өзін математика әлеміне танытқан. Қабілетті, жан-жақты дамыған адамды дарынды деуден гөрі қабілетті деу орынды. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидың құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктер деп нышанды айтуға болады. Шын мәнінде адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барыншы жетіліп, кемелдену жолы осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады.мБелгілі физиолог И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттің 3 типін ажыратуға болады: көркемөнерлік (көбіне бірінші сигналдық жүйеге негізделген) бұған «суреткерлер» — объекті тұтас бейнелеуге бейім; екінші типі ой-саналық (көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген) бұған «ойшылдар» — талдаумен, элементтерге ажырата алу шеберлігін; аралас (екі жүйе де бірдей қатысқан), бұнда қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән құбылысты айта кетуге болады. Дарындылық туа бітетін ерекше қасиет
Сонымен ХХ – ғ. ортасына дейiн дарындылықты тек
қана тестер әдiсiмен жүргiзiп отырды. Бiрақ бұл әдiс-тәсiл көптеген
айтысты тудырып тұрды. Көптеген жақсы көрсеткiштерге жету үшiн бұл
бiр әдiстiң аздығын түсiнген ғалымдар дарындылықты -тек интеллек
қана деп қарамай, психикалық күрделi құбылыс деп зерттеулерiн бастады.
50 ж-бастап интеллектi ысырылып, преативтiлiк жүйесiмен қарай бастады
Ең 1-шi зерттеушiлердiң бiрi америкалық педагок П. Торренс
болды. Ол өзiнiң оқушыларын тексере келе мынандай қағиданы
келтiрдi: жоғары көрсеткiштерге тек жақсы оқитын оқушылар ғана ие
бола бермейдi, интеллектi жоғары оқушылар өте көп. Сондықтанда бұл
көрсеткiштер өте аз деп, преативтi әдiстердi қолдана бастады. Дарынды
балаларды зерттеген ғалымның ең танымалы Дж.Рензулли.
Б.М.Теплов мынадай тезис шығарды – талант бұл көпқилы ұғым ,
жалпылама немесе арнайы бiр белгiленген ұғым жоқ, бiрақ дарындылықтың
арнайы жақтары бар. Дарындылық проблемасы әр уақытта да әр халықтың педагогтарын ойландырған едi. Я. А. Коменский өзiнiң ұлы дидактикасында дарынды балаларға ой қабiлеттерiне қарай мiнездеме бередi. Әр адам сән қилы болады қабілеттері де әртүрлі болады бiреулердiң қабiлетi жоғары,
бiреулердiң қабiлетi төмен, бiреулердiкi жұмсақ әрi тiл алғыш , ал
бiреулердiкi қатты және өте тiк. Бiреулер бiлiм алу үшiн оқыса
, бiреулерi жәй баяу және орташа оқиды. Осыған байланысты балалардың жеке қабілеттері туралы әр түрлі түсiнiк пайда болады:
1. Ерекше ақылды балалар.Ол сабаққа өте ұқыпты және тiл алғыш болады.
2. Ерекше зейiндi,бiрақ өте жәй,баяу. Оларға көп көңiл бөлiнуi тиiс
3. Өте алғыр зерек кез келген заттарды тез қағып алады ,бiрақ бұзық әрi қырсықтау.
4. Өте тiл алғыш және мейiрiмдi, бiрақ баяу , әрi өте бос.
5. Бос оларға бәрiбiр және төмен бiлiмдi оқушылар.
6. Не төмен бiлiмдi және бұзықтығы көп оқушылар.
Балаларда дарындылықтың болуын америкалық педагог Дж.Дъюи де
қоштайды. Ол программитикалық педагогиканың негiзiн қалады.
Ал, осы күнге дейiн мектеп бiлiмiне тiкелей қатысы бар бiршама
ойлар тастады. Баланы жеке дара оқыту тәжiрибесi – оқыту жүйесiнiң
негiзi деп тұжырымдады. Оның ойынша , оқу мақсаты-бала бойындағы
қабiлеттер мен сезiм мүшелерiнiң көрiнiсi iс жүзiнде асуы болды.
Сонымен дарындылық жүйесi ол:
1) дидактикалық материализм – бiлiм көлемiн мейлiнше көбiрек беру ;
2) дидактикалық формализм – оқушының сезу, тану қабiлеттерiнiң дамуы. Дидактикалық формализмдi жақтаушылар ежелгi дәуiрде де болған.Олар Гераклит пен Цицерон ,И. Г. Песталоцци , А. Дистверг.
Бiрақ бұл теорияның екеуi де қазiргi заман жүйесiне мүлдем сәйкес
келмейтiн едi, сөйтiп орыс педагогы К. Д. Ушинскиймен сыналып, мектеп
тек адам мүшелерiн дамыту үшiн ғана емес, ең маңыздысы оқушыларды
бiлiммен қамтамасыз ететiн мекеме дедi.
Қазақстанның педагогтарын, ғалымдарын да осы сауалдар көптеп
ойландырған.
Қазақстанның атақты педагогы Д.Л.Ивановтың айтуынша, оқушылардың қабiлеттерi iс жүзiнде ашылады. Өзiнiң Мектеп жасына дейiнгi тәрбие атты мақаласында ол былай дейдi : Бала сурет салып отырғанда оның көру қабiлетiнiң деңгейiн көрсетедi, яғни қандай ерекшелiкке көңiл аударатынын байқап, қандай даму процесiне көңiл бөлiну қажеттiгiн байқайсыз.
А.Диваев баланың дарындылығын отбасыда алыну қажеттiлiгiн айтты. Оны ойы арқылы iске асырып, баланы қадағалау арқылы баланың бойындағы ерекше қасиеттерін икемдiлiгiн байқап, соған байланысты әрi қарай дамыту жұмыстарын жүргiзген абзал дедi.
Белгiлi педагог Н. Құлжанованың еңбегiнде балардың ақыл ой
деңгейiнiң әр-түрлiлiгi анықталды. Егер де баланың қоршаған ортасы, денсаулығы жақсы болса, кез-келген баланы сурет салуға, шахматта ойнауға
және ән айтуға үйретуге болады дейдi.
Мектептерде дарындылықты ашуға зор үлесiн қосқанның бiреуi-Қ.Сәтбаев болды.Ол мектеп бүкiл бастаулардың бастаулары, бұдан оқушылар тек цехтар мен далаларға емес, ғалымдардың лаборияторияларына да апаратын жол, осы жерден жаңа Менделеев пен Ломоносовтар шығады. Қазiргi балалар – бiздiң болашағымыз екенi естен шығармауымыз қажет,
оларға мектепте өздерiнiң мүмкiндiктерiн толық аша алатындай етiп
жасауымыз қажет дедi.
Белгiлi қазақ психологы С.Балаубаев баланың
бойында тығылып жатқан қасиеттердi ашу, алғашқы күннен бастап-ақ
оқытушының ең маңызды мiндетiнiң бiрi. Оқытушы әр оқушыға жеке-жеке
көңiл бөлiп, әр оқушының осал не күштi жақтарын жетiк бiлiп , осы жағдайлармен тыңғылықты жұмыс істеу қажет деді. Алғаш рет Қазақстанда С. Балаубавпен қиын және дарынды балаларды
бағалау методикасының қажеттiгi жайында сөз қозғалды: бiз осы уақытқа
дейiн осы балаларға қолданатын нақты тексеруден өткен, әрi қазақ
тiлiнде әдiс-тәсiлдердiң аздығын ескерiп, назарымызды балалардың ақыл
ой-өрiсiн саралайтын тесттерге мән беруi қажетiлiгiн
айтты.
Дарындылықтың белгiлi бiр түрлерiне назар аударсақ, Ш.Альжанов
өзiнiң әдеби сөздiң бастауыш мектептердегi орны мен маңызы деген
еңбегiнде — балалардың шешендiк және әдебиеттiк дарындылығы бар
оқушыларды суреттейдi. Онда ол оқушылар сан алуан — бiреулерi
әдебиет туындыларын жаттауға бейiм болса, кейбiреулерiнiң ақындылық
өнерi байқалды. Соны оқытушы байқап өзiнiң оқытушылық және тәрбие
жұмысында жүзеге асырып, сабақтан тыс үйiрмелердi көптеп ұйымдастыруы
қажет (сахналық ойындар, пьессалар, өлең жазу және т.б.).
Ән өнерiне еңбегi сiңген академик,профессор А.Қ.Жұбанов өнер жағынан
дарынды балаларға арналған еңбектерiнде: өнердiң iшiндегi ең қиыны
— бұл музыка , себебi оған аса дарындылық , сезiмталдылық қажет.
1999 жылы дарынды балалар Ресей елбасының концепциясын
мектептерде қолдана бастады. Онда А. И. Савенновтың айтуынша, бүкiл
шетел мен өз елiмiздiң үлгiлерi бар. Ал оның ең маңыздысы дарынды
балаларды екi аспектiмен зерттеуге мүмкiндiк бередi: iстей аламын
және iстегiм, бiлгiм келедi.
Дарынды балаларды тауып ашу ойын бiрiнiшi болып Конфуцций
айтып, ежелгi қытай әлемiнде зерттеулерде бiрiншi болып
жүргiзiле бастады. Ежелгi грек философы Платон да дарынды
балаларды үкiмет қажеттiлiгiнiң сұранысына қарай оқытулығын
мақұлдаған екен, осыдан бiз дарынды балалардың тарихының ежелден
басталғанын байқаймыз. Қазiргi қоғамда екi көзқарас орын алуда:
1. Е.И.Щебланованың ойынша Оқу орындарында алды мен арнайы
бағдарламаларды дайындап алып, оқушыларға емес мемлекетке пайдалы
жағын дарындату, ал екiншiсi А.М.Матюшкиннiң айтуынша,
педагогтар мен ата-аналардың балаларға түсетiн ауырлықты ойламай,
мiндеттi түрде балаларын дарынды ету. Осыдан келiп, қолданбалы
аспектiлердiң арқасында қолдан жасалған дарынды балалардың
денсаулығы қатты зиян шегiп, шын мәнiнiдегi дарынды балаларға керек
арнайы жағдайларға көңiл ойдағыдай бөлiнбей қалып, болашақта
қоғам оған керек мөлшерде көмек берiлмейдi.
Ал лонгюдиттiк зерттеу әдiсiн қолданған зерттеушi (Г. Трост, В. Терман, Н.А.Келлер) дарынды балаларды топ-топқа бөлiп мынадай тұжырымды айтуда: дарындылық критериi - жалғыз критерий емес – ол көптүрлi дарындылықты еш уақытты бiр ғана жақты деуге болмайды дейдi.
Соңғы он жылда көптеген зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп, дарынды
балаларға жүргiзiлiп отырған оқыту жүйелерiне жаңадан қарау
керектiгiн айтты. Дарынды балаларды қазiргi кезде көптiгiн ескерiп
оларға ерекше құбылыс деп қарамай, ортақ мектептiк бағдарлама
қажетттiгiн айтып отыр. Сондықтан да дарынды балалар
ерекшклiктерiн мүмкiндiктерiн ескерiп жаңашыл әдiстер, тәсiлдердiң
керектiгiне дабыл қағуда.
М.А.Холоднаяның ойынша бiрiншi жаңашыл әдiстер мен тәсiлдердi жасау үшiн , дарындылықтың табиғатын түсiнiп, бағдарламаларға сүйенiш болатын теориялық негiз қажет. Сондықтан да ол осы психикалық құбылыстың негiзгi мынадай арнайы бөлiмдерiн көрсетiп
отыр:
— бала кезегi дарындылық жас ұлғаюының заңдылық көрсеткiшi;
— дарындылықтың өшуi баламен отбасы, мәдени тәртiп шараларының нормаларын тек қана айтып қана қоймай игерумен байланысты.
— бала дарындылығы психикалық дамуға байланысты.
— бала дарындылығы бөлек мүмкiндiктердiң қосындысы емес, жүйелi
қаситтер.
— бала дарындылығы мәдениетке және қоғамға тiкелей байланысты.
— бала дарындылығының белгiсiнiң сан - алуандылығы, белгiлi бiр
дарындылықтың түрiне байланысты.
Дарынды балалар концепциясында дарындылықтың табиғатын қарастыруда:
1. инструментальды тапсырмадан тыс орындау, өз бетiнше орындау
2. мотивациялық ( танушылық қасиетiнiң жоғары болуы жаңа және
таңғажайып нәрселердi бiлу, өз бетiнше заттарды ойлап табу
Өкiнiшке орай, оқыту жүйесiнде баланы интеллектiк дамытуға ғана
назар аударылады - ол психометриялық тесттер арқылы iске асырылып,
ол тек белгiлi бiр интеллектуалды қабiлетiн ғана зерттеп, тиiстi
мөлшерде дарындылықты толық ашуға мүмкiндiк бермейдi.
Сонымен, психометриялық тесттер бұл дарынды балаларды зерттеудiң сан-алуан түрiнiң тек бiр түрін ғана қолданған екен.
Бiрақ, зерттеушiлер бұл әдiстiң де толық 100% дарынды балалардың
қасиеттерiн анықтауға мүмкiндiк беретiнiн айтты. Баланы дарынды деп
бағалау бiр мақсатта емес, дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу
жүйесiнде, әрi психологиялық көмек берудi көздеуi қажет. Басқаша
айтқанда, бала дарындылығын анықтау, таңдау жүйесін емес, одан
даму болжамына ауысу керектiгiн ойлау қажет дедi (В.И.Панов).
Бұл жұмыс тек психологиялық тесттермен емес, басты қорытындысына
жету жүгi оқытушының мойнында (Н.Ю.Синягина, Е.Г.Чирковская).
Даму деңгейiнiң және адамға тән ерекшелiктердiң көрсеткiштерiне: өз-өзiн бағалау, эгоцентризм, әзiрлiк көрсету, эмоциональдылық, еркiнділік мүмкiндiлiгi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет