Жоспар: Кіріспе Ферменттер анықтамасы, ферменттердің жалпы қасиеттері Ферменттердің белсенді орталығы туралы түсінік Әсер ету механизмі Қорытынды Әдебиеттер
Ферменттер анықтамасы, ферменттердің жалпы қасиеттері
Ферменттердің белсенді орталығы туралы түсінік
Әсер ету механизмі
Қорытынды
Әдебиеттер
Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде əсер ететін белоктік табиғатыбар қосылыстарды айтады.
Əдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шапшаңдататын заттарды катализатор деп атайды. Ал ферменттер — өсімдіктер мен жануарлар жəне микроағзалар жасушаларынан бөлінетін белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакцияларды шапшаңдататын қабілеті бар зат.
Оның қатысуынсыз қоректік заттардың ағзаға сіңуі мүмкін емес. Осыған сəйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды, өйткені, олар тірі
ағзада өтетін зат алмасу процесіне тікелей атсалысады. Фермент (латынның тілінде fermentum – ашу деген мағына береді) деген терминмен қатар əдебиетте энзим (грек тілінде –enaym, en –ішкі, zyme ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады.
Ферменттерді жəне олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады. Тірі жасушада зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады.
Зат алмасу процесі дегеніміз — белгілі бір тəртіппен кезектесіп келіп отыратын əртүрлі химиялық реакциялардың жиынтығы.
Мұндай реакциялар жасушадан тыс жерде өте қиындықпен жəне мейлінше баяу жүреді. Ол үшін қатаң шарттар (жоғары температура, күшті қышқылдар, сілтілер жəне т.б.) қажет. Тірі жасушада бұл реакциялардың жылдамдығы тірі жасушалардан тысқары жердегіден миллиондаған есе артық.
Ферменттер – ағзадағы химиялық реакциялардың жылдамдығын жүздеген жəне мыңдаған есе өзгерте алатын белокты заттар, атап айтқанда, жекелеген қосындылардың синтезі мен ыдырауын, зат алмасу процестерін жəне тағы сол сияқтыларды шапшаңдататын заттар.
Мыңдаған жылдар бойы адам баласы шарап ашыту, ірімшік жасау, нан пісіру, тері илеу, сыра қайнатушылық кəсіппен шұғылданғаны белгілі. Бірақ бұл процестерге ферменттердің тікелей қатысының барлығын білмеген еді, сол кезде ғылым,
оның ішінде биология ғылымы өз дамуының ең төменгі сатысында тұрған болатын. Кейіннен табиғаттану ғылымдары саласында ашылған жаңалықтар мен қол жеткен табыстарға байланысты, биохимия саласы да біртіндеп дами бастады.
Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп аталады. Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Күрделі ферменттерде активті орталыққа металл иондары мен коферменттер де кіреді.