Жоспар Кіріспе Ғұн мемлектінің пайда болу тарихы Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы


Ғұн мемлектінің пайда болу тарихы



бет2/7
Дата03.10.2022
өлшемі42,71 Kb.
#41175
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ғұндар (2)

Ғұн мемлектінің пайда болу тарихы
Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық —ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға —Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңір құты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылар, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.
Бұлар­дың біріншісі – қытай­лықтар То­ман шаньюй (б. з. б. 209 жы­лы қай­тыс болған) деп атаған Тұман (Ту­мань, Те­оман жабғу) мем­ле­кеті. Ол өмір сүрген ке­зеңде ғұндар мем­ле­кеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұра­гері Құдіретті Мөде (Ме­те) мем­ле­кетті ай­тар­лықтай нығай­тты, ел ше­кара­сын им­пе­рия деңгейіне дейін кеңейтіп, са­палық өзгерістерді жүзе­ге асыр­ды. Ол ғұндар­дың үлкен мем­ле­кетін б. з. б. 209 – 176 жыл­дар ара­лығын­да би­леді. Бұл «Ғұндар­дың шығыс им­пе­ри­ясы» еді.
Екінші им­пе­рия — Еділ (Еділ пат­ша) мем­ле­кеті. Оның за­манын­да ғұндар Ду­най­дан бас­тап Сыр­да­рияға дейін шығыс Еуро­паны ме­кен­де­ген аумақ пен ха­лықтар­ды иеленді. Бұл мем­ле­кет «Ғұндар­дың ба­тыс им­пе­ри­ясы» деп атал­ды.
Түркі ха­лықта­рының арғы тегі са­нала­тын ғұн тай­па­лары бас­тапқы кез­де Солтүстік Қытай­да, Монғоли­яда, Бай­кал өңірінде қоныс­танған. Ежелгі Қытай жыл­на­мала­рын­да ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «ши­ан ю», «шиұң ну» секілді ата­улар­мен берілген.
Б. з. ба­сын­да Қазақстан аумағын ме­кен ет­кен тай­па­лар­дың ең жа­уын­гер халқы ғұндар бол­ды. Ғұндар­дың жа­уын­гер би­ле­ушілерінің бірі Атил­ла­ның есімі ерек­ше. Оның Еуро­па ха­лықта­рына басқын­шы­лық жо­рығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһар­ла­рының бірі Ве­неци­яның са­лыну­ына Атил­ла бас­таған ғұндар­дың шапқын­шы­лық соғысы се­беп болған. Со­нымен бірге ғұндар Еура­зи­яда б. з. б. болған «ха­лықтар­дың ұлы қоныс ауда­ру­ымен» тығыз бай­ла­ныс­ты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. ба­сын­да қоныс­танды. Ғұндар бірлестігінің негізін са­лушы Мөде бол­ды. Ол де­рек­тер бойын­ша б. з. б. 230 – 174 жыл­да­ры өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндар­дың би­ле­ушісі Мөде үйсіндер­ге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жы­лы ғұндар екіге бөлінеді:
Оңтүстік ғұн мем­ле­кеті қытай­лар­дың қол ас­ты­на кіреді. Солтүстік ғұн мем­ле­кеті қазіргі солтүстік-ба­тыс Моңғолия жерін ме­кен ет­кен. Би­ле­ушілері Чжи-чжи шаньюй бо­лады. Чжи-чжи бас­таған ғұндар Ыс­тықкөл маңын­да қытай әскер­лерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жыл­дан бас­тап екінші рет Ма­жарс­тан жеріне (Венг­рия) қоныс те­беді.
.
Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді.
Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған.
Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр.
Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.
Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы.
Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған.
Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды.
Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.
Ғұн қоғамында патриархаттық – рулық қатынастары әлі күшті болған еді. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи жазбаларда» ғұндардың Левират ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу болса да, тұқым құрымайды». (Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Среденей Азии в древние времена. т. 1. М.-Л., с. 58)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет