РНҚ-лы вирустар үлкен топтан тұратын вирустар. Оларға
12 тұқымдастық кіреді
Picornaviridae
Enterovirus
Calicividae
Birnaviridae
Paramyxoviridae
Orthomyxoviridae
Rhabdoviridae
Bunyaviridae
Arenaviridae
Retroviridae
Reoviridae
Coronaviridae
Picornaviridae
тұқымдастығындағы вирустар пішіні
куб тәрізді, қарапайым вирус, вириондарының
үлкендігі 20-30 нм болатын вирустар. Вирустар
цитоплазмада өсіп-жетіледі. Туыстастықтары:
Enterovirus
– ішкі ас қорыту жүйесінде болатын, адам
энторовирустары, полиовирустар, ЕСНО, Коксаки
вирустар жатады; Cardiovirus туысына
энцефаломиокардит, Менго вирустар жатады;
Rhinovirus туысына ірі қара риновирустар жатады;
Aphtovirus туысына аусыл ауруының вирусы жатады.
Calicividae
тұқымдасы өте қарапайым
вирустар, вирион мөлшері 20-30 нм,
куб тәрізді. Сыртқы жағында ойықша
келген ішке кіріп тұратын жерлері бар.
Togaviridae тұқымдастығына вирустар
күрделі вирустар. Туыстықтары:
Alphavirus, Rubivirus, Restivirus,
Flavivirus.
Birnaviridae
тұқымдастығына жаңадан
белгілі болған РНҚ
бар
вирустар жатады.
Вирус куб тәрізді симметриялы, капсидінде
92 капсомер бар, вирион мөлшері 50-70 нм
қарапайым вирус.
Coronaviridae
тұқымдастығы олардың сыртында шығып
тұратын тікенекшесі болады. Вирион
мөлшері 80-130 нм, спиральге ұқсас
симметриядан тұрады. Адам мен жануар
вирустарын қоздырады.
Paramyxoviridae
тұқымдастығы күрделі вирус,
вирион мөлшері 150-300 нм, пішіні спиральді
симметриялы. Вирустардың құрамында 5-7 дейін
полипептид бар. Үш туыстыққа бөлінеді:
Paramyxovirus туысына Ньюкасл ауруының
вирусы, паротит, парагрипп вирустары жатады;
Morbillivirus ет қоректілер, ірі қара обасының
вирустары жатады; Pneumovirus туысы тыныс
ауруларының вирусы.
|