Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім



бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі245,81 Kb.
#17057
1   2   3   4   5   6
Қорытынды

Өсімдіктер қоршаған ортаның көптеген қолайсыз факторларының әсеріне тап болады. Олар микроб, саңырауқұлақ, вирустық патогендер мен әр түрлі жәндіктер, түрлі химиялық препараттар, сонымен қоса жоғары және төмен температура, ылғалдың жетіспеушілігі (құрғақшылық), топырақтың тұздануы (сор топырақ), ауаның газдануы, минералдық заттардың жетіспеушілігі немесе керісінше шектен тыс көбеюі орасан зор зиянын келтіреді. Гендік инженерия медицинаға,ауыл шаруашылығына, басқа да салаларға пайдасын тигізуі мүмкін.Гендік инженерия көмегімен алынған өнімдердің ішінде пайдалы вакциналар,дәрі-дәрмектер,жетілдіріген талшықтар,отынның жаңа түрлері және басқа да өнеркәсіптік материалдар бар.Биотехнологияны жақтаушылар гендік инженерия көмегімен бірқатар мәселелерді шешуге болатынын айтуда,мәселен:жер шары халқын азық түлікпен қамтамасыз ету,құнарсыз топыраққа егілген дақылдан мол өнім алу,егістік үшін жұмсалатын су мен химикаттар көлемін азайту.

Жаңа пайда болып жатқан технологиялардың ешқайсысы да гендік модификация тәрізді қатты назар аударып отырған жоқ. Себебі ғалымдарды да,қарапайым адамдарды да трансгенді өнімдердің адам ағзасына тигізетін әсері алаңдатып отыр.

Сондықтан түрлі аурулар мен зиянкестерге төзімді өсімдік сорттарын шығару ауыл шаруашылық биотехнологияның ең бір өзекті міндеті және де гендік инженерияны практикада қолдану жолындағы үздік мәселе болып табылады. Өкінішке орай, түрлі патогендерге өсімдіктің төзімділігі көптеген гендермен белгіленеді. Бір мезгілде бірнеше локустарды тасымалдау мәселесін гендік инженерия әдістерімен шешу қиын, ал дағдылы селекция әдістеріменен де тіпті мүмкін емес. Қазір гендік инженерияның айлалы әрекеттерімен тек қана жалғыз бір ген немесе хромосоманың бір бөлігінде жалғаса орналасқан бір топ гендер ғана белгілейтін төзімділік белгісін тасымалдап өсімдікке дарытуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет