Кестелермен жұмыс Реляциялық деректер қорында мәліметтер базалық кестеде сақталады. SQL Server-дің бір деректер қорында мәліметтер екі миллиардқа дейін жетуі мүмкін. SQL Server-де кестені не SQL Server Enterprise Manager көмегімен, не Transact-SQL тілінде CREATE TABLE командасы арқылы. Бұл командада келесі опциялар бар:
- құрылған кестесі бар деректер қор атауы;
- кесте қолданушысы;
- кесте атауы;
- 1-ден 1024 баған аралығында спецификациялар;
- бірінші кілтті шектеу (қажет емес);
- 1-ден 250 шектеулер (қажет емес);
- сыртқы кілттің 1-ден 253 шектеулер (қажет емес);
- кесте сақталатын файлдар тізімі (қажет емес).
Бағанның әр анықтамасында оның атауы мен мәліметтер типі бар болу керек. Кейбір мәліметтер типтері үшін ұзындық пен дәлдік берілуі қажет.
Индекстер Индекстер мәліметтердің реттеп шығаруын және таңдауын ұйымдастыру үшін қолданылады. Индекс болмаса SQL Server сұранысты орындау үшін кестені сканерлеу керек, яғни кестенің барлық жазбаларын қарастыру керек. Егер кестенің өлшемі көлемді болса, онда серверге үлкен жұмыс жүктеледі. Индекстер қажет мәліметтерге нұсқау болып келеді. Деректер қорында индекс дегеніміз кесте парақтарындағы қажет мәліметтерге сілтеме жасалатын тізім.
Басқа жақтан қарағанда, деректер қордың объектісі болып келеді. Бірақ бұл объектілерге қосымша жады қажет. SQL Server индексін құрған кезде кесте сканерленеді, сонымен қатар индекстелген бағанда мәнді таңдап, индекстелген параққа мәліметтер парағына нұсқағыш және индекстелген мәндер үшін жолдар идентификаторларын жасайды.
SQL Server-де индекстердің келесі екі типі мүмкін: кластерлік және кластерлік емес.
Кластерлік типтес индекстер үшін индекстегі жолдардың тізбегі мәліметтердің физикалық ретімен сәйкес келу керек. Кластерлік индексте тікелей мәліметтер орналасады. Мұндай индекс мәліметтерге қатынау жұмысын тездетеді. Іздеу, реттеу және топтау амалдарын орындау үшін көбінесі кластерлік индекс қолданылады. Мысалы, ол үшін көбінесе алғашқы кілт құрылған баған қолданылады.
Кластерлік емес типтес индекстерде мәліметтермен байланыс қисын түрдес. Сондықтан, бір кесте үшін бірнеше индекстер беруге болады. SQL Server-де индекстерді екі тәсілмен құруға болады: SQL Server Enterprise Manager программасы арқылы және Transact-SQL тілінің CREATE INDEX операторы көмегімен. Кесте үшін индексті тек оның тікелей қолданушысы ғана құра алады.
CREATE INDEX инструкциясында индекс атауы, бір кесте және 16 баған болу керек. Мұнда индекс атауы, бір кесте және 16 бағанға дейін беріледі. Кластерлік индекс жасау үшін CREATE INDEX инструкциясына CLUSTERED кілттік сөз қолданылады.