SQL Server деректерқорының архитектурасы Бір серверге мыңдаған қолданушылар қатынай алатын көптеген деректер қоры кіреді. Microsoft SQL Server ДҚ екі типке бөлінеді: жүйелік және қолданушылық. Жүйелік ДҚ жүйені басқаратын метамәліметтер орналасады. Microsoft SQL Server орнатқан кезде келесі жүйелік ДҚ құрылады: master, model, tempdb и msdb.
Master жүйелік ДҚ қолданушылық ДҚ мен Microsoft SQL Server жұмысын басқарады. Мұнда келесі мәліметтер бар:
- қолданушылардың есептік жазбалары;
- ағымдағы процесстер туралы мәліметтер;
- жүйелік қателер туралы хабарламалар;
- сервердегі деректер қоры туралы хабарламалар;
- деректер қордың ерекшеленген өлшемдері;
- белсенді бекітулер туралы хабарламалар;
- ДҚ қатынауға мүмкін құрылғылар туралы хабарламалар;
- жүйелік басқару процедуралары.
Model жүйелік ДҚ ағымдағы серверде құрылатын ДҚ үшін шаблон болып келеді. Мұнда әр қолданушылық ДҚ-на қажет жүйелік кестелер бар. Бұл ДҚ-на келесі объектілерді орналастырады:
- қолданушымен анықталатын мәліметтер типтері;
- енгізуді тексеретін ережелер;
- үнсіз келісім шарт бойынша мәндер;
- сақталатын процедуралар;
- ДҚ рұқсат беретін қолданушылар туралы ақпарат.
Тempdb жүйелік ДҚ дискіге келесі уақытша объектілерді орналастыру үшін қызмет етеді: кесте, топтасу не реттеу сұраныстардың аралық нәтижелері және т.б.
Мsdb жүйелік ДҚ SQL Executive қызметін жоспарлау үшін қолданылады. Msdb ДҚ келесі жүйелік кестелер: sysalerts, sysoperators, sysnotifications, systasks және sysservermessages. Бұл кестелерде сәйкесінше келесі ақпарат бар: оқиғамен анықталған қолданушылар; операторлар; серверге хабарлама және т.б.
SQL Server де деректер қорын құру SQL Server мәліметтері деректер қорында сақталады. Деректер қор құрылымын екі жақтан қарастыруға болады: қисын және физикалық.
Деректер қордың қисын құрылымы кестелердің құрылымын, олардың арасындағы өзара қарым-қатынасын, қолданушылардың тізімін, сақталатын процедураларды, ережелерді, және деректер қордың басқа объектілерін сипаттайды. Кесте өріс және жазба жинағынан тұрады. Кестелердің екі түрін белгілейді: тұрақты және уақытша. Тұрақты кестелер бар болады, өшірілгенше. Уақытша кестелер олар өшірілгенше.
Деректер қордың физикалық құрылымына деректер қордың файлдары мен транзакция журналының сипаттамасы кіреді. Сонымен қатар, ДҚ алғашқы өлшемі, өсу қадамы, максималды өлшемі, конфигурация параметрлері кіреді.
ДҚ каталогы жүйелік кестелердің жинағы болып келеді. Жүйелік кестелердің атаулары sys сөзінен басталады. Мұнда қолданушылар, триггерлер мен сақталатын процедуралар, кестелер, кестедегі индекстер, мәліметтер типтері және т.б. туралы ақпарат сақталады. Жүйелік кестелердің атаулары сақталатын ақпаратқа байланысты. Мысалы, sysindexes жүйелік кестесінде индекстер туралы мәліметтер бар. Әр ДҚ-да шамамен екі файл бар: біреуі ақпаратты сақтау үшін қолданылады, екінші транзакция журналы үшін. ДҚ-да келесі типтес файлдар бар:
- primary – негізгі файл. Бұл файлда ДҚ мен оның объектілері туралы жүйелік ақпарат бар. Primary файлында мәліметтер де сақталады. Әр ДҚ-да бір ғана primary типтес файл бар. Файлдың кеңейтілуі - .mdf.
- secondary – екінші файл. Тек мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Файлдың кеңейтілуі - .ndf.
- transaction log – транзакция журналы. Мұнда деректер қорында орындалатын транзакция туралы ақпарат сақталады. Файлдың кеңейтілуі:.ldf.
Деректер қоры екі тәсілмен жасалады: Enterprise Manager утилитасы арқылы немесе Create Database командасы көмегімен. Databases тобында қолданылатын серверді таңдап, Action менюіндегі New Database командасын орындау қажет. Содан кейін ДҚ файл параметрлерін анықтайтын сұхбат терезесі мен транзакция журналы шығады:
- Name – жасалатын деректер қордың атауы;
- Automatically grow title – ДҚ-дың өлшемінің автоматты өсуіне рұқсат бермейді: in megabytes – мегабайтқа ауысуына нұсқау береду, by percent – пайызда көрсетеді;
- Restrict File growth – мегабайтта бір мәндерге байланысты ДҚ-дың өсуін шектейді;
- Unrestricted file growth – ДҚ-дың өлшемін тексеретін режимді сөндіреді.