Жоспар: Кіріспе Теориялық аспект


Теориялық аспект 1. Сұраныс икемділігі (бағалық, табыстылық, қиылысқан)



бет2/7
Дата04.10.2024
өлшемі1,26 Mb.
#146860
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
chc vbhrhj

Теориялық аспект

1. Сұраныс икемділігі (бағалық, табыстылық, қиылысқан)

Икемділіктің тәжірибеде маңызы өте зор. Себебі тұтынушылар да, өндірушілер де икемділікке көңіл бөледі, ол қандай бір фактордың әсерінен олардың қабылдайтын шешімдерінен қандай нәтиже шығатынын көрсетеді. Икемділік – сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің қандай да бір анықтаушы факторларға қатысты сезімталдық өлшемі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті – бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Ең алдымен, икемділіктің сұранысқа қалай әсер ететіндігін қарастыру қажет. Сұраныс икемділігінің 3 түрі қарастырылады. Соларға жеке-жеке тоқталайық.

1.1.Cұраныстың баға икемділігі – бұл тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіш коэффициенті. Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің абсолюттік шамалары емес, салыстырмалы шамалары ғана маңызды болады. Сондықтанда, баға мен сұраныс көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада мынадай формуламен беріледі:

Edp = ΔQ% / ΔР%

1.2.Сұраныстың табыс икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипаттайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:

1.2.Сұраныстың табыс икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипаттайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:

Edi = ΔQ% / ΔI%, немесе

Сұраныстың табыс икемділігі = Сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі / Табыстың пайыздық өзгерісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет