Жоспар: Кіріспе



бет4/10
Дата16.05.2022
өлшемі41,45 Kb.
#34660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
АЗТ 101 1 курс Баймухаммедов А.О Осож 4 рух

Қара жығу (салт). Кісі қайтыс болған күні тігілген қараны жығу салты. Ол шара марқұмның жылы беріліп, ас өткен соң жасалады. Яғни қара туды алып сындырады да, отқа жағып жібереді. Соңғы жоқтау айтылады. Бұл – қаралы жыл өтті, азалы күндер аяқталды деген сөз. Қаламгердің шығармадағы бір ғана Бөжейдің өлімін суреттеуінен көненің көзіндей тілдің қат-қабат қойнауларында сақталып қалған өлікке қатысты салт-дәстүрлер мен ғұрыптардың барлығын кездестіріп, тұтас этномәлімет алуға болады. Бұлар қазақ халқына тән ертеден келе жатқан, әлі де жалғасын үзбей тауып келе жатқан этнографизмдер көрінісі. Жазушы шығармаларында салт-дәстүрге байланысты сөздерді молынан пайдаланған.

Бұл сөздердің этнолингвистикалық сипатын анықтап, стилистикалық мағынасын талдаудың қазақ тіл білімі үшін маңызы ерекше. Жазушы тілінен ұлттық ерекшеліктерді танытатын қазақ халқының ұлттық сипатын білдіретін этнографизмдердің сан алуан түрін кездестіруге болады. Мысалы:

- Ал, шешелер, көрімдік!

- Көрімдік кәні!

- Болмаса, балаларыңды көрсетпейміз, беті ұялады!-деп, алғашқы келген келіншектер, күлген бойларында, шымылдықтың шетін ұстады.

- Алыңдар! Көрімдік сендердікі! Бірақ бізге баламыздың жүзін көрсетіңдер, алыңдар!-деп, үлкен бәйбіше қолына шашуын алды. Сол сәтте атлас шымылдық шалқия ашылды. Күйеулер бұл кезде төмен иіліп, тәжім қып тұр екен. Үлкен бәйбіше:

- Өмір жасың ұзақ болсын! Алдыңнан жарылғасын, қарағым!-деп шашуын шашты

(Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. 1, 2-кітап. 182 б.).

Осы берілген үзінділерден халқымыздың сан алуан салт-дәстүрлерін көреміз. Шымылдықтың тұтылуы, көрімдік сұрау, шашу шашу – үйленуге байланысты жасалатын ғұрыптар. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан алынған бір ғана үзіндіде қазақ халқының этностық ерекшелігін танытатын ұлттық белгілер тұнып тұр. Жазушы шығармаларында қолданылған этнографизмдердің барлығы да ұлттық болмыс пен ұлттық ерекшелікті көрсетуге қызмет еткен. Қаламгер қазақ мәдениетін, яғни халық тіл байлығын, әр алуан этнографиялық,

бұйымдық-рухани мәдениетке байланысты лексикалық қабаттарды қай-қайсысына да қажетінше қамти пайдаланған. Тоғжан үйінің үлкендері жүріп кеткен соң, құрбылары жиылып, бастаңғы істеп жатыр (Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. 1, 2-кітап. 210 б.).



Бастаңғы (салт) – қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасайды(Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, 21 б.). Оспан мен Еркежан, Әубәкір мен Пәкизатты жөргегінен алып бауырларына салып өсірген. Ақылбайды Ұлжан өз бауырына салып, өз баласы қылып алды (Әуезов М. Абай

жолы. Роман- эпопея. 1, 2-кітап. 216 б.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет