Сүндет тойы (салт) – еркек баланы тақ жасында, яғни, 3, 5, 7 жасында сүндетке
отырғызады. Бұл мұсылман елдерінде ғана емес басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу үлкен рәсім. Ол әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің «сүндет тойы» деген сияқты жөн-жоралары болады. «Қайырлы, құтты болсын» айтылып шашу шашылады. Сүндет міндетін бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны дәрігерлерде жасай береді. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар бала сүндеттегенде үлкен той жасаған. Оны «сүндет тойы» деп атаған (Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. 29 б.).
Осыдан екі жыл бұрын Құнанбай мен Алшынбай достығы құдалыққа соғып, осы
Алшынбайдың Түсіп деген баласының Ділдә деген қызын Абайға айттырысқан болатын(Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. 1, 2-кітап. 77 б.).
Достарыңызбен бөлісу: |