Жоспар: Көшбасшылық түсінігінің туындауы және анықтамасы



бет10/12
Дата28.04.2023
өлшемі59,03 Kb.
#88261
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Менедж (копия)

Мониторинг - ортаның жағдайын үздіксіз, ұзақ бақылау және адамдарға дер кезінде ақпарат беру арқылы оны басқару.
Жоспарлау – уақыт бойынша үрдістерді реттеу, үрдістердің арасындағы ұтымды байланыстар мен олардың ортасын ұйымдастыру.
Мектеп жұмысын жоспарлау- мектеп басшысының қабылдаған іс – әрекеттер мен шешімдер жиынтығы.
Әдістемелік жұмыс – педагогикалық кадрлардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіптік, әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жүйелі жұмыстарды енгізетін кешенді шығармашылық үрдіс.
Портфолио – пән бойынша жетістіктері мен біліктілік деңгейін көрсететін жұмыстарын мақсатты түрде жинақталуы.
Кәсіби біліктілік - жұмысшы дайындығының нақты қызық түріндегі күнделіліктің және еңбек қызметін орындаудың белгіленген деңгейінің кәсіби дәрежесі. Кәсіби біліктілік көрсеткіші, жұмысшының берілген мамандығы мінездемесінің нормативтері мен мамандану ұғымының сәйкес келуі.
Квалификация (біліктілік) термині екі мағынаны білдіреді. 1. Квалификация қызмет етушінің, жұмыстың белгілі бір түрін атқаруына рұқсат ететін, құжат арқылы куәландырылған білім деңгейі мен кәсіби даярлығын көрсетеді. 2. Қызметкердің кәсіби қызмет аясын анықтайтын құжатпен бекітілген және үздіксіз білім беру жүйесінде көп өзгермейтін мамандығы.
Мектепішілік басқару жүйесі - оқу орнының дамуына жағдай жасау; басқару және басқарылу жүйелерінің өзара қатынасын қамтамасыз ету; мектеп ішіндегі әкімшілік және қоғамдық бақылауды педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзін-өзі талдау және өзін-өзі бақылаумен үйлестіру; әр мұғалімнің жұмысына ақпараттық банк жүйесін құру (есеп, сараптама, бақылау, талдау, бағалау). 
Педагогикалық кеңес - ғылыми негіздегі педагогикалық үрдістің даму стратегиясын басқарудың алқалық (коллегиялық) органы.
Ұжым (лат. collectivus – жинақталған) - бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет