отырады.
Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі.
Дарвин өзгергіштіктің тұқым қуаламайтын
(айқын, топтық) және тұқым қуалайтын
(айқын емес, жеке) өзгергіштік деп екі түрін
ажыратып қараған. Ал қазіргі кезде бұлай
бөлу жалпы мағынасында дұрыс болғанымен,
генетика ғылымының көрсетуі бойынша
табиғатта тұқым қуаламайтын белгілер жоқ
және болуы мүмкін емес делінеді. Өйткені
көбею барысында ұрпақтан ұрпаққа белгілер
емес, сол белгілердің дамуын анықтайтын
тұқым қуалау ақпаратының кодесі беріледі.
Олай болса, белгілер тұқым қуаламайды, тек
дамып келе жатқан ағзаның сыртқы орта
әсеріне сай әрекетінің мөлшері тұқым
қуалайды. Мысалы, су сарғалдағының үш
түрлі жапырағы бар, олардың біреуі суда,
екіншісі — су бетіңде, ал жапырақтарының
үшінші түрі — судан шығып түрады. Кезінде
Ламарк бұл өсімдікті ағзаның сыртқы орта
жағдайларының әсеріне сәйкес өзгерістерге
ие болуына мысал ретінде пайдаланған.
Фенотиптік өзгергіштік деп қандай да бір белгінің немесе
қасиеттің реакция мөлшері шегінде өзгеруін атайды.
Популяция-ның жалпы фенотиптік өзгергіштігін екіге бөліп
қарайды: генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік және
паратиптік, яғни сыртқы ортаның әсеріне байланысты болатын
өзгергіштік. Эволюциялық әрекетте шешуші рөл атқаратын
жағдайдың бірі — генотиптік өзгергіштік.
Генотиптік өзгергіштік.
Ағзалар эволюциясы тұқым
қуалаушылықтың
Достарыңызбен бөлісу: |