Қазақ орта мектебiнде математиканы Окыту жөніндегі ой-пікірлер және математика терминдерінің қалыптасуы
Тапсырманы орындаған студенттер:
Жоспар МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ МАТЕМАТИКА ТЕРМИНДЕРІН ЖАСАУШЫ 20-жылдары емле, аударма, газет тілі, терминжасам сияқты тілдің түрлі мәселелері жөнінде сөз қозғап, ұлт мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне айрықшы атсалысқан қазақ оқығандарының бірі Міржақып Дулатұлы болды. Жазушы 1924 жылы «Ақ жол» газетінің 436-санында жарияланған «Жауыздық низамнамасы», «Баяғы «Жауыздық низамнамасы» (№ 464) атты екі мақаласында да «Қылмыстық кодексті» аудару барысында орын алған кемшіліктерге, ондағы сәтсіз терминдерге тоқталады. «Есеп құралы» М.Дулатұлының осы алғашқы құралының өзінде сан, цифр, бірлік, ондық, жүздік, қосу, алу, азайту, бөлу, көбейту, көбейту кестесі, қадақ, пұт, ен, ұзындық, кем, артық, есе артық, есе кем, шақырым, саржын, сағат, минут, секунд, алу белгісі, қосу белгісі, көбейту белгісі, бөлу белгісі, есеп, бұрыш сынды математика терминдері қолданылады. Add title М.Дулатұлының 1927 жылы Қызылордада басылған «Есеп құралы» (Екінші жылдық) атты оқу құралында 1914 жылы басылған құралдағы кездесетін атаулардан өзге мына төмендегідей терминдер кездеседі:Есеп сызғышы, бірінші жүздік, шапшаң санау, деректі сан, тік бұрышты үшкіл, төрткіл, метр жүйесі, шотқа салу, өлшеу, ескі өлшеу, жаңа өлшеу, ірі өлшеу, сантиметр, бөршек, дүйім, мысқал, кез, десте, километр, тонна, килограмм, грамм, миллиметр, литр, дюжина, тік төрткіл, аудан, қабырға, айырма, десятина, жарты десятина, шетберт, шетберк, шегеру, көбейту сатысы, сандықша, шаршы, толық ондық, екі цифрлы сан, бөлшек, дөңгелек, шаршы кез, шаршы пұт, шаршы таяқ, шаршы бөршек, шаршы дүйім, шаршы дециметр, шаршы таяқ, қума метр, қума кез, ширек, қалдық сан, үлес сандар, процент, дөңгелек ондық, гектар, өспе сан, өсірме сан, өсінді сандар, бөлінбе сандар, бөлме сандар, ондық бөлік, есеп сатысы, кесе сызықтар, бұрыштық. Add title Білім алушыларға математика ұғымдарының атаулары мен қоса геометриялық фигуралардың атаулары, ұлттық өлшем бірліктерімен қатар олардың орыс тіліндегі және әлем тілдеріне кең тараған атаулары таныстырылады. Қазақ баласының ұғымына қонымды болуы үшін автор сөз болып отырған құралдардың екеуінде де мысқал, кез, қадақ, пұт, шақырым сынды ұлттық өлшем-мөлшер атауларын қолданған. М.Дулатұлының екі оқу құралында қазақша-орысша жарыспа нұсқаларымен қосып алғанда барлығы 80 шақты термин қолданылады. Олардың арасында километр, тонна, килограмм, грамм, миллиметр, литр, дюжина өлшем-мөлшер бірліктері мен тік бұрышты үшкіл, төрткіл, тік төрткіл, дөңгелек геометриялық фигуралардың атаулары да бар.
Add title Оқу құралындағы бірлік, ондық, жүздік және алу, қосу, бөлу, көбейту, азайту, шегеру тәрізді терминдер тізбегі мен деректі сан, белгілі сан, кіші сан, үлкен сан, өспе сан, өсірме сан, өсінді сан, бөлінбе сан, бөлме сан сынды терминдер ұғымдар жүйесінің ерекшелігіне сәйкес бір терминүлгі бойынша жасалған. Ал -ша, -ма, -тықсөз тудырушы жұрнақтары арқылы морфологиялық тәсілмен жасалған сандықша, айырма, бұрыштық тәрізді терминдер пішіні жағынан ықшамдылығымен, мейілінше жаңа атау болуымен ерекшеленіп тұр. « Ал енді Міржақып Дулатұлының сол кезде бірнеше рет басылып шыққан «Есеп құралы» кітабын парақтап отырсаңыз, төрт түрлі ерекшелігімен көзге түседі. Біріншіден, орыс, татар, мешер (башқұрт), т.б. мәдениеті өркендеген елдердің оқулығына қарап отырып, тыңнан тілімізге жүзге тарта математикалық жаңа терминдер енгізген. Мәселен, қосынды, қосылғыш, ондық сандар, бірлік сандар, теңге, тиын, шақырым, қарыс, сүйем, екі белгілі сандарды көбейту, көбейткіш, көбейтінді, есе артық есе кем, бөлу, бөлгіш, бөлінді, пұт, қадақ, баспа табақ, мыңның ішіндегі сандардың жазылуы, таңба, алу, көбейту кестесі, сағат, минут, секунд, алыпсатар, еңбекақы, азайтынды, қалдық, сан т.б.».