( гректің emphysao - ‘үрлеймін') — альвеолалар қабырғаларының деструктивті өзгерістерімен қатар жүретін терминальды бронхиолалардың ауа кеңістігінің патологиялық кеңеюімен сипатталатын тыныс жолдарының ауруы; өкпенең созылмалы спецификалық емес ауруларының жеке формаларының бірі.
Өкпе эмфиземасы өкпедегі газ алмасуға кедергі болатын тыныс алудың бұзылысы ретінде көрінетін өкпенің созылмалы ауруы. Осы ауру өкпе тінінің шектен тыс созылуымен және дем шығарудың қиындауымен жүреді.
Өкпе эмфиземасы өкпедегі газ алмасуға кедергі болатын тыныс алудың бұзылысы ретінде көрінетін өкпенің созылмалы ауруы. Осы ауру өкпе тінінің шектен тыс созылуымен және дем шығарудың қиындауымен жүреді.
Этиология
Біріншілік эмфизема
-Эмфиземаның жеке нозологиялық түрі, ол ешқандай басқа сырқаты жоқ өкпеде дамиды. Бұл өте сирек кездесетін патология. Оның туындау себептеріне өте зиянды аэрозольдардың және қоспалардың ауамен бірге өкпеге енуі, сурфактант қасиеттерінің өзгеруі, α-1-антитрипсиннің тапшылығы, протеаза-антипротеаза жүйесіндегі тепе-теңдіктің бұзылуы және шылым шегу
Екінші топтағы факторлар өкпенің респираторлық бөлімінде қысымның жоғарылауына және альвеолалардың, альвеоларлық жолдардың, респираторлы бронхиолалардың керілуінің жоғарылауына әкеледі. Осылардың ішінде созылмалы обструктивті бронхит кезінде дамитын тыныс жолдарының обструкциясына көп көңіл бөледі. Бұл ауру екіншілік немесе обструктивті эмфиземаның негізгі себебі, бұл кезде альвеолалардың шектен тыс керлуінің клапандық механизмінің дамуына жағдай туады.